Пәні: Сауат ашу және жазу. (1 класс.) Л, л дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


1 «ә» класс Жанпеисова Алмагул Албергеновна Пәні: Сауат ашу және жазу Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын Технология: СТО Көрнекілігі: АКТ, суретер: лақтар суреттері, ала сиыр, лалагүл, лимон т.б. Л әр-к таңб-ы, буындар, дауысты мен дауыссыз үйі, оқулық -дәптерлер, қызыл, көк дөңгелекшелер

Қызығушылықты ояту

1)балалар бүгінгі сабағымызға ертегілер елінен қонақтар келіпті.

Оның аты не екен? Ол бүгін сабағымызға қатысып бізден көп нәрсе үйренбекші. Оған көмектесеміз бе, балалар?

2) Олай болса лақтарға үйретейік. Мына әріптерді айтайық.

-Егер дауысты болса қызыл, дауыссыз болса көк дөңгелекшелерді көтереміз.

Әріптерді қайталау А,Т, П, Н, Ғ, Р

3)Буындарды оқу Та, ат, па,ап, на, ан, ға, ағ, ар, ра , а-ра

4) на, па, ар, ағ буынындарын жалғап кім сөз құрастыр?

5) кешегі өтілген әріпті тақтаға кім жазады?

6) Ол лақтар жолда келе жатып нелерді көрген екен? (құлыншақ, сиыр)

Бұларды бір сөзбен не дейміз? Жануарлар үйдікі ме, әлде жабайы ма?

-Мынау не? (құлыншақ) Ол ненің төлі? Ал мынау ше? (лақ)Ол ненің төлі? Ал мынау не?(сиыр)

Ол қандай сиыр? (ала сиыр) Одан не аламыз? Олар келе жатып жолда сап-сары бір нәрсе тауып алыпты, оны иіскеп-иіскеп жемей кетіпті. Ол не? Оның дәмі қандай екен?

Жақсы, сонымен мына сөздерді қайталайықшы. Лақ, лимон, ала

Сергіту сәті

Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық

Мағынаны тану

7) Алғашқы қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.

8)Енді осы дыбыстың әріптік таңбасы мынау екен(таңб-таныс-ру)

Әріпті не істейміз?

9)Неге ұқсайды екен? Әліпбиден табайық
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?

10) Лақтармен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
11) оқулықтағы Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз. сурет бойынша әңгімелеу

12) Жазба әрпімен таныстыру

13) Қолға қалам алайық.Ауаға біз жазайық (ауағажазып түсіндіру)

14)Дәптерімді ашамын.Әдемі етіп жазамын.

Сызба бойынша сөйлемдер құрайық

Ой толғаныс:

Қайталату: Л дыбысы Л Л Л Сөз ойлау: Ала, тал, ла, ал. Тал, алдар көсе, гүл, телефон
қандай ертегі қонақ болды? Жеті лақ ертегісі
Ертегі кейіпкерлерімен таныстық? Ешкі
Л дыбысы кедергі арқылы айтылды. Дауыссыз
Лаура, лақ, сөздерін пайдаланып сөйлем құра Лаура мен лақ дос.

Бағалау. мадақтау


© 2010-2022