Қ. Мырзалиев шығармаларындағы соғыс тақырыбы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіске - 70 жыл

Отан үшін күрес - елге тиген үлес (Соғыс тақырыбы Қ.Мырзалиев шығармаларында)

«Отан - оттан да ыстық»

Отсыз жүректе ғана Отан болмайды. Сол жүрекке барып түскен ұшқын оның салқындығынан - ақ сөніп қалады. Сол секілді жылусыз, жалынсыз жүрек туған елінің ыстық сезімін сезбейді.

Өтті сан жыл. Жүректе әлі күрсін бар! Тағзым саған майданда өлген қыршындар! Сұм соғысты ұмытпасын дегендей Тас тұғырда тапжылмастан тұрсыңдар!

Сұрапыл соғыс қанша шаңырақтың шырқын бұзып, қайғы - қасірет әкелмеді? « Бауыры бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ » ,- дегендей, бұл соғысқа көздің ағы мен қарасындай жалғызы да, ат жалын тартып мінуге жарайтын ер - азаматы да түгел сыпырылып кеткен шаңырақтар да болды. Олардың көпшілігі елге оралмады. Белгісіз болып кеткендері қаншама... Қ.Мырзалиевтің мына өлең жолдары куә.

« Әке деген сөзді біз - Ұғып бақтық әскер деп, Шеше деген сөзді біз- Ұғып бақтық жесір деп ».

Балалық шағы кешегі қанды қырғын сұм соғыс жылдарында өткен ұрпақтың ортақ өмірбаянын жырымен жазған Қадыр ағаның «Ақсақтың таяғын ала беріп, шолақтың көлігін жегіп беріп, соқырдың хаттарын оқып беріп өскен»,- деген сөздері ащы шындық.Қиындықтың шарығында қайралған сол балалық шақ бұл буынның қайсар, қайратты, жігерлі нық шегедей мықты болып ержеткенінің сыры да осында.Ақын өзінің балалық шағын емірене, егіле есіне түсіріп, сол жүдеу кезеңнің суреттерін сөзбен қалай қиыстырған десеңізші.

Хат тасушы қартты асыға күтсек те, Көрген жерде тайқып шыға келуші ек! Ойланыңдар, мына отырған мүгедек Соғысыңа қарсы тірі плакат.

Соғыс жылдарының ащы шындығын ақын қалай аңғарып, ашына жазған? Жай сөзге жан бітіріп, өмір шындығын өнер биігіне көтеру тек нағыз ақынның пешенесіне бұйырған бақыт. Ой елегінен өткізіп қарасақ, қарапайымдылықтың заты ұлылық екенін ұғынасың.

Соғыстың құны - кесілген білек, Соғыстың құны - тесілген жүрек. Соғыстың құны - шулаған орман, Соғыстың құны - уланған арман. Соғыстың құны - өртенген аспан, Соғыстың құны - төгілген жас қан, -деп, Қадыр ағамыз жырлайды.

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады. Неге біз, сол сұрапыл соғысты ұмытпаймыз, неге соғыс тақырыбы оқулықтар мен фильмдерде, өлеңдер мен әндерде өз жалғасын табуда.

Аман қалған шабуылдан жүздеген, Батыр халық екенбіз ғой біз деген. Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. Келешектен бір де күдер үзбеген, Жарқын халық екенбіз ғой біз деген.





Материалды әзірлеген: Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы Шәріпова Әсел Қолғанатқызы

© 2010-2022