С дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың

тақырыбы:

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік селосы

Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршин Жылкайдаровна



С дыбысы мен әрпі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік селосы

Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сеитова Баршин Жылкайдаровна

Жалпы мақсаты: 1. С дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрену.

Оқунәтижелері

Мұғалім - оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқу мен қалай байланысты екендігін және осындай қарым-қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

08.30-09.15

1 сабақ

08.30-08.35

Сергіту сәті

Топқа бөлу

1.«Сағат тілімен» қимыл қозғалыстар .

Сағат, сәбіз -санау арқылы топқа бөлу.

2. 2 топқа бөлу

3. Тақтада жазылып тұрған топ ережесімен таныстыру.

1. Бірлесіп топпен жұмыс істеу.

2.Бірін-бірі тыңдау.

3. Дос пікірін құрметтеу.

4. Уақытты үнемді пайдалану.

5. Тәртіпті бұзбау.

1 сынып «Алматыкітап» баспасы оқулығы, интернет ресурстары, №1-жазу дәптері, 2014 жыл №3 «Бастауыш сынып журналы»

08.35-08.45

Жаңа сабақ.

Бірлігі жарасқан топтың ісі алда болады.

  1. Жасыл түс-жақсы баға.

  2. Сары түс-толықтыру керек.

  3. Қызыл -күмандану, сенімсізбіндегендері. Топ басшысы кім жауап берсе сол оқушыға бағасын беріп отырады.

Пазл құрастыру суреттер жапсыру. С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.

2.Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.

Сап-сапта аш-ашпа сал-салма

Қап-қапта қаш-қашпа қой-қойма

08.45-08.55

Сағат сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. ә) «С» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.

Б) С-ның әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі -Сс Жазба түрімен таныстыру, тақтаға ілу.

1. Сұраулы сөлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.

Оқулықпен жұмыс

Буындарды топпен оқыту. Бірнеше сөздерді буынға бөлдіру.

Топта бір-біріне сұрақтарға жауап беру

  1. Сара қайда? Асан сағат қайда?

  2. -Ол сабақта. - Сағат қалтамда.

08.55-08.57

Сергіту сәті

«Жел үрлейді» ойыны.

Жел үрлейді ақ бантик таққан қыздарға.

Жел үрлейді костюм киген ұлдарға

Жел үрлейді қара туфли киген ұлдарға

Жел үрлейді шаштары қысқа балаларға

08.57-09.05

1. Дәптермен жұмыс.

3.« Айналым » ойыны

4.«Шынжыр » ойыны

1. Үлгі бойынша С әрпін жазып үйрену.

2. Топтағы оқушылардың әрқайсысы бір-бір әріптен кезек-кезек өткен әріптердің бас әрпі мен кіші әрпін жазғызу. Мм, Дд, Бб,Сс.

3.Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жатықтыру.

4. Сағат -тамақ- қарға- Асан - нан -нар-раушан.

09.05.-09.10

Жұмбақ шешу.

Өзі кірден арылмас, Жоқ өзінде бас та,

Ізінен кір табылмас. Қас та,мойын да

(сыпырғыш) Ұзындығы жазулы тұр

бойында (сызғыш)

09.10-09.15

Сабақты қорытындылау:Бүгін қандай әріппен таныстық?

Бағалау: Топта кім қандай түстерді көп жинады, оқушыларды мадақтау.

Рефлексия, сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтермен білдіру, тақтаға жапсыру.



© 2010-2022