2класс. Математика. Қайталау есептері

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Саға негізгі мектебі






2класс.Математика.Қайталау есептері









Өткізген: Ә.АИманалина







2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау есептері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: білімді жетілдіру сабағы.

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдісі: топпен жұмыс, есеп шығару, көрнекілікпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

- Оқушылар назарын сабаққа аудару

- Сабақ мақсатымен таныстыру.

Психологиялық дайындық

Кел балалар, ойнайық

Ойнайықта, ойлайық

Қандай есеп болса да

Шешпей оны қоймайық

Ой қозғау.

Өрнекпен санды салыстыруды,

Азайту, қосу амалдарды,

Үйренеміз қай сабақта?

-Математика

Қызығушылығын ояту.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Бұл қай кезде болады?

-Қыс. Қыс мезгілінің ерекшелігін айту.


  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға апайлар қонаққа келді. Яғни сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көруге.Бүгінгі біздің сабағымыз саяхат сабақ болмақ. Біз бүгінгі сабағымызда «Ғажайыпстанға саяхат» жасаймыз. Аяжан мен Ердос бізге жол көрсетеді. Саяхатымызда біздерге кедергілер кездесуі мүмкін. Кедергілерден біздер білімімізді көрсету арқылы өтуіміз керек.Саяхатқа баруға дайынбыз ба?

  • -Ия.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын анықтау.

- Қай оқушы зерек екенін білу үшін тез жауап берген оқушыға асық жинап отырады.

ІІІ.Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

І.Білімпаз атамыз жұмбақ жасырады.

1.Қыста бар да, жазда жоқ./қар/

2.Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ./мұз/

Білімпаз атай Аяжанға хат беріпті. Аяжан хат иелерін таба алмай тұр. Қане Аяжанға көмектесейік. Ол үшін «Пошташы» ойынын ойнайық.

№1 Қосындыларды оқы. Мәндерін тап.

8+1 7+1 9+1 3+2

5+3 2+6 4+4 7+3

ІІ.Елдостың қолындағы қима қағаздарындағы берілген мысалдарды орындап, саяхатымызды жалғастырайық.

№2. Айырмаларды оқы. Мәндерін тап.

6-2 4-3 5-4 7-6

10-1 9-1 8-1 6-2

ІІІ. 1-10 дейін қазақша, ағылшын тілдерінде санау.

Аяжан мен Елдостың атының аяғы тұсаланып қалыпты. Тұсау дегеніміз- атты алысқа ұзап кетпеуі үшін аяғын байлап қоятын жіп құралын айтамыз.

№3. Оқы. Теңдіктер тура ма, тексер:

3=4 10=9+1 9-8=1 5=5

№4.Оқы. Теңсіздіктер тура ма, тексер:

5<6 8-1<10 7+2>7 9>10

Сергіту сәті

Кел, балақай қанеки

Парақтайық әліпби

Талай қызық күтуде

Бәрімізді әлемде

Жалықпа сен, жалықпа

Оқы, тоқы арманда

Бәрін білген балалар

Жақын болар алыста

Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін /қолғап/

Өткелдің шлагбаумы жабылып қалыпты,шлагбаумды ашу үшін, келесі тапсырманы орындауымыз керек.

№6.Кестені толтыр:

Азайғыш

9

10

8

7

Азайтқыш

2

1

3

4

Айырманың мәні

Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасы.

2класс.Математика.Қайталау есептері2класс.Математика.Қайталау есептері

Бағалау: мадақтау

  • Балалар, бүгінгі саяхат сабағымыз сәтті болды. Сендер өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңіздер.Сіздерге Аяжан мен Ердос алғыстарын білдіруде.

Үйге тапсырма: №7



© 2010-2022