Ғылым таппай мақтанба 2сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 -сынып

Уақыты:

Мұғалім:Мухамедиярова Ш.Ж

Сабақтың тақырыбы

Ғылым таппай мақтанба

Сабақтың жалпы мақсаты

1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату,
Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер

Оқулық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат...


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Өсиет мақалдар:
а) Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
ә) Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
б) Татулық - табылмас байлық.
в) Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты «Көріпкел Аян» әңгімесін мазмұндау .

Қызығушылықты ояту

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

- Ғылым сөзін айтқанда ойларыңа тағы қандай сөздер келеді?

Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушылар іштерінен оқиды. Сосын дауыстап оқиды.

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі .

Мәтінмен жұмыс .

Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.

1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ
Сөз сиқырын ұғайық!
3 - топ 4 - топ:
Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы
4. «Мақал жалғастыр «ойыны:
Жақсыдан үйрен
(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)

Ой толғаныс

Төмендегі сұрақтар арқылы өлеңді талдау.

- «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр?

Ғалымға неліктен ұқсау керек?

Ғылымды неге дүниеге, малға теңеп отыр?

Адам білімді, ақылды болуы үшін не істеу керек?

Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттап келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



© 2010-2022