Урок по казахскому языку на тему: Қарама қарсы сөздер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему: Қарама қарсы сөздерҚазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама -қарсы мағыналы сөздер Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мағынасы жағынан бір - біріне қарама -қарсы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Берілген сөздерге қарама -қарсы сөздер таба білуге үйрету; Дамытушылық: сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын арттыру; Тәрбиелік: үй жануарларына қамқорлыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: кесте, әртүрлі көлемдегі бірдей заттардың суреттері.

Түрі:аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,қызығушылықтарын ояту т.б.; Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткенді қайталау -Сөз дегеніміз не? -Сөз неден тұрады?Мысалдар келтіріңдер.

-Мәндес сөздер дегеніміз не?Мысалдар келтіріңдер. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу Сөздік диктант: жаңбыр, көлеңке, бәтеңке, сақина, бүгін, таңертең,жүзік,жауын. - Не жаздық? (Сөз) - Қай сөздердің мағынасы ұқсас? ІІІ.Жаңа тақырып а)түсіндіру Кесте.Тілімізде мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады. Қарама-қарсы сөздерінің мағынасын ашу. Ойын: «Қарсы сөз айт» Ақ - қара, сұйық - қою, жуан - жіңішке, ұзын-қысқа, арық-семіз, артық - кем, жылы-салқын, түзу-қисық, жарық-қараңғы, таза-кір, дос-қас, жоғары-төмен, арзан -қымбат, кең-тар,ащы-тәтті,таяз- терең.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарама- қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарама- қарсы мағыналы сөздерді табу.

3-жаттығу.Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қарама- қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жазу.

Көру диктанты.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңдар.

1.Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл.

2.Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді.

ІҮ.Қорытынды

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Қарама-қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?Мысалдар келтіріңдер.

Ү.Бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма: 111 бет, 6-жаттығу

© 2010-2022