Урок по литературному чтению на тему Ө. Тұрманжанов «Мектеп біздің анамыз

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні: 07.09.2015

Сынып: 2 «Б»

Пән: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Мектеп біздің анамыз»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың топта, ұжыммен жұмыс істеу, алған мәліметтерді есте сақтау, ойлау, өз ойларын толық жеткізе білуг қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік; Оқушыларды өзара ұжымшыл болуға, адамгершілікке, өз мектебіне деген сүйіспеншілігн арттыру;

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс сөздік әдіс: оқулықпен жұмыс.

Көрнекіліктер: оқулық, мектеп суреттері, Өтебай Тұрманжанов суреті, анықтамалар.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық.
«Біз бақытты баламыз»
Жылай қалсақ, жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
Таңда ерте тұра аламыз,
Беті-қолды жуа аламыз,
Біз ұқыпты баламыз!
Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз
Біз қолқанат баламыз!
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту
ә) Мазмұнын айтқызу / 5-6 бала мазмұнын айтады/
б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сұрақтарға жауап алу.
- Мәтін кейіпкерлерін ата.
- Үйшінің сөздерінен не түсіндің?
- Үйші тапқан малын қалай жұмсайды?
- «Борыш» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
- Үйші балаларын оқытып, асырап бағуға беретін ақшасын неге «өсім» деп
атайды?
- Сен ата -анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Сұрақтарға жауап алу.
- Мектепке не үшін келесіңдер?
- Оқу не үшін керек?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты- «Мектеп- біздің анамыз» атты өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Жазушы туралы түсінік беру
Ө.Тұрманжанов
- 1905-1978 ж өмір сүрген уақыты
- Туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылына дүниеге келген
- Шығармалары: «Біздің қарлығаштар», «Бозторғай», «Жауқазын» т.б
Суретпен жұмыс.
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Оны қайдан білдің?
- Балалардың көңіл күйі қандай?
- Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?
Сергіту сәті.
Саусақпен мұрынды қысайық
Әншіге біраз ұқсайық,
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
Оқып, талдау.
"Мектеп - біздің анамыз" өлеңін оқып, талдау.
Мазмұнын ашу.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей.
Дәптермен жұмыс. / дәптерлеріне жаздыру/
Сөздік жұмыс: Күзге сүйеп күн иек- уақыт күзге айналып.
Шөмеле- шошайтып үйілген шөп.
Межеле кез - мөлшерлі уақыт.
Сурет пен өлеңді салыстырады
Қорыту. Сұрақ жауап арқылы
- Қалай ойлайсыңдар, неге мектеп біздің анамыз деп аталған?
- Жоғарғы сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеде ақынның сөздерін пайдалан.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.


© 2010-2022