Ашық сабақ. Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің

аты-жөні

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп гимназия» КММ -сі Бастауыш сынып мұғалімі

Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна


2 «ә» - сынып

Қазақ тілі

Тақырыбы, мерзімі

Сан есім күні: 28 сәуір 2015 жыл

сілтеме

Қазақ тілі , 2 сынып Алматы "Атамұра" 2013ж

Г.И. Уайсова. Р.С.Әміров. Ә.Е.Жұмабаева. Слайдтар,сабақ жоспары

Мақсаты

Заттың санын білдіретін сөздер туралы мағлұматты жалпылау,тереңдету.Сөз таптарының бірі - сан есім туралы алған білімді қайталау

Сөйлемдегі сөздердің ішінен санын білдіретін сөздерді табуға үйрену,сұрақтарын қойып табуға машықтану.Сөз таптарын бекіту

Дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларда сан есім туралы түсінік бар, сан есім заттың санын білдіретінін түсінеді

2. Қайталау сабағына оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы сабақта әр оқушыны қамтуға жағдай жасау

Негізгі идеялар

1. Оқушылардың бірін-бір оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2. Оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Әдістер

«Дода» , «Нақты сандар кабинеті», «Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы, «Өрмекші», «Сәйкестігін тап»,

Семантикалық карта

жабдықтары

мультимедиялық проектор,Ақ қағаз,түсті маркерлер,қарындаш,слайдтар, суреттер.тірек сөздер,стикерлер, кестелер

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1мин


2 мин

4 мин

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің ашық сабаққа қонақтар келді, қанекей сәлемдесіп алайық.

Психологиялық дайындық: мақсаты: оқушыны ынталандыру, ынтымақтастық атмосферасын құру.

Дала қандай тамаша, күн күліп тұр жараса,

Бүгін келген қонақтарға сәлем бердік жарыса.

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Бүгінгі сабақта сан есім тақырыбын қайталаймыз.Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы пысықтаймыз. Сендерді сабақта белсенді болуға шақырамын.

Топқа бөліну: Менің қолымда кеспелер бар.Сандарды таңдап алыңдар. Үш және жеті сандары. /оқушылар шығып сандарды таңдайды,неге таңдағанын айтады/. Топ атына сай орындарына отырады.

Топ ережесі. Топ мүшелері. Бағалау парақшасы.

«ДОДА» жарыс. Сендер тақтада берілген сандарды таңдай отырып,сұрақтарға жауап бересіңдер. Мақсаты: Сұрақтар жеңіл ж/е қиын сұрақтар. 10,20,30 жеңіл сұрақтар. 40,50,60 орташа деңгейлі ж/е 70,80,90 қиын сұрақтар.

Мақсат қою кезеңі -Тақтаға назар сал. Мен не себепті осы ойын түрін алдым ? Мына сандарға сұрақтар қойыңдар. Қандай сұраққа жауап берді? Неше? Сан есім деген не? Заттың санын білдіреді.

Оқушылар хормен айтады

орындарына жайғасады

Оқушылар топқа бөлінеді,3-7 сандарын неге таңдап алғанын айтады.

ТОП АТАУЫ: «Жеті қазына», «Үш байлық»

Топта 3,7 сандарына сай,ұғымдар айту. /Үй ж. болды./

Топ ережесін еске түсіру

Оқушылар Сан есімдер барын айтады.

5 мин

Оқулықпен жұмыс: Ендеше оқулықтарыңның 166 бетін ашып,478- жаттығумен танысыңдар.

Дәптермен жұмыс: Сандарды сөзбен жаз. Бес,алты,жеті,он,жиырма,тоқсан,он сегіз,жиырма үш, елу төрт,алпыс алты,жетпіс жеті.

Сұрақ қойыңдар. Неше? Бес,алты,,т.с. Сендер білетін сандарды «НСК» зерттеп көрейік.

Бір оқушы оқып шығады

Оқушылар жұптасып тексереді.Қарындашпен дұрыстайды.

7 мин

5 мин

«Нақты сандар кабинеті»: мақсаты: өмірмен байланыс,сан есім арқылы оқушы өзінде бар түсінікті пайдалану.

АДАМ /бір саны, 5 литр, 33-34 омыртқа, 32, құлақ сурет/

ҚАЗАҚСТАН /70 жыл, 126 ұлт, 97 метр, 22 , 7 /

Сан есімді жақсы білесіңдер.Басқа сөз таптарын қаншалықты меңгергендеріңді байқайық. Ол үшін мына тапсырмаға назар салыңдар.

«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы. Мақсаты: оқушы жұптасады, кейін топта талқылайды. Бір -бірін оқыту арқылы жұмыс жасау. Кеспелер бойынша мысалдар келтіру.

Жеті қазына:

-Кім?--- Не істеді?----.

-Қандай? -Не? Қайтті?

Үш байлық:

Кім? Неше? Не? Не істеді?

Не? Қайтті?

Осыдан қандай сөз таптарын білесіңдер ,атап беріңдер?

Оқушылар қосымша үстел үстінде дайындалған, материалмен жұмыс жасайды. Жапсырып шығады.Ортада топпен қорғайды.

Оқушылар сөз таптарын атайды

2 мин

Сергіту сәті «Бір оңға,бір солға...»

2 рет қайталау. Музыканың ырғағына қарай көрсетеді

5 мин



2 мин

3 мин

3 мин

2 мин

2 мин

2 мин

«Өрмекші» : мақсаты: Сөз таптары туралы жалпы ойды жинақтау. Сұрағын, мысал келтіру ж/е сөз табын тауып белгілеу.

«Жеті қазына» тобы:

? етістік Сөз таптары зат есім ?

? ?

сын есім сан есім

? ? ? ?

«Сәйкестігін тап» мақсаты: сөздерді сәйкесінші сұрақ қоя отырып тауып жазу.

«Үш байлық» тобы:

1) Заттың атын келді, барды

білдіретін сөздер

2) Қимылды білдіретін бес,сегіз

сөздер

3) Сынын білдіретін сөздер қала, өзен

4) Санын білдіретін сөздер күшті, ақ

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА:

7 ген, 5ік,қ10ақ,к3ік,8аяқ,1лік.

Қосымша тапсырма: Сыныптан мысал келтіру

ҚОРЫТЫНДЫ: Бүгінгі сабағымызды қорыту үшін,мына кестені толтырып шығыңдар. «Семантикалық карта»: мақсаты: кестені толтырып,бүгінгі сабақты қорыту.

Сан есім сұрақтары мысал

Бағалау: топ басшысы айтып шығады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС: Бүгінгі сабақ туралы не білдің,қаншалықты көңіліңнен шықты. Қызыл,жасыл,сары алмаларды жапсыр.

Үйге тапсырма: 167- бет.481- жаттығу. Сұрақтар бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!

қосымша үстел үстінде дайындайды.

топ орындайды


Әр оқушы орындайды

Қорапшаға салады,келесі сабақта осы парақшаларды тексеруден бастаймыз.

Қызыл- өте керемет,түсінікті

Сары- қиынырақ,әлі түсіну керек.

Жасыл- түсінбедім,қайталау керек.



© 2010-2022