3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
3-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Бұлшықет. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: балалар бұлшықет және оның сүйектерді қимыл-қозғалысқа келтіру қызметі туралы білім алады. Дамытушылық: балалардың өздігінен жұмыс жасау арқылы, денедегі негізгі бұлшықеттерді таба білуге, өз денесін байқап, сезінеді, білімдерін дамытады. Тәрбиелік: қимыл-қозғалыс ойындарының, гимнастиқа мен спорттың, дене еңбегінің сүйек пен бұлшықеттің дұрыс қаляптасуына, мықтылығына, қуаттылығына және дененің сымбатты болуына әсері туралы түсінік алады, күнделікті жаттығу жасау арқылы, денсаулықтарын нығайтуға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау. Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтың аттары.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
Сабақ барысында адам организмі туралы мағлұмат алу ретінде балаларды мына топтарға бөлдім: I -топ - Сүйек. II -топ - Буын. III-топ - Бұлшықет. IV-топ - Сіңір. V -топ - Мүше. VI-топ - Тамыр. «Топтастыру» стратегиясы
  • Балалар, «Бұлшықет» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Бұлшықет









Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Соңында - сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Бұлшықет: 1) Жиырылады 2) Созылады 3) Сүйектерді қозғайды II. Мағынаны тану. Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. I топ - Жиырылу. II топ - Босау. III топ -Қозғалу. IV топ - Беку. Адам денесіндегі сүйектер мен буындар өздігінен қозғала алмайды. Оларды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер екенін ескере отырып: «Жиырылу», «Босау», «Қозғалу», «Беку» деген топтардың атына сай, оқулықтың бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Бұлшықет», яғни бұлшықеттің атқаратын қызметі туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады. I - топ. Сүйектер де, буындар да өздігінен қозғала алмайды. Оларды бұлшықет қозғалысқа келтіреді. Бұлшықет сүйектерге сіңірмен бекіген. Адамның денесінде 650 - дей бұлшықет бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі қозғалысты орындауға қатысады. Бұлшықет жиырылуы (қысқаруы) және босауы (созылуы) мүмкін. Егер бұлшықеттердің біреулері жиырылса, сол кезде басқалары босауы мүмкін. Бұлшықеттердің жиырылуы және босауы сүйектердің орнын өзгертеді де, біз әртүрлі қимыл жасаймыз.

Эксперт парағы: 1. Бұлшықет сүйектерге не арқылы бекиді? 2. Бұлшықет қандай қызмет атқарады? 3. Бұлшықет жиырылған немесе босаған кезде біз не істейміз? 4. Адамның денесінде қанша бұлшықет бар? II - топ. Тәжірибе. Қолыңды шынтақ буынынан бүк. Қолыңның бұлшықеті үстіңгі жағынан қысқарғанын сезесің. Ол тыгыздалып, жиырылды. Ал төменгі жағындағы бұлшықет созылып, жұмсарды. Қолыңды төмен түсір. Екі бұлшықет те босап, бұрынғы қалпына келді.

Эксперт парағы: 1. Қолыңды шынтақ буынан бүккенде не сезінесің? 2. Қолыңды төмен түсіргенде қандай өзгеріс болды? 3. Қолыңды бүксең бұлшықет қандай болады? 4. Қай кезде бұлшықет қалпына келеді? III - топ. Адам жүргенде немесе жүгіргенде, спортпен айналысқанда, ыдыс жуғанда - бұлшықеттердің жұмысын байқаймыз. Егер адамның бұлшықеті әлсіз болса, ол тез шаршайды, дене мүсіні дұрыс емес, еңкіш болып келеді. Сондықтан да бұлшықеттерді жаттықтыру керек.

Эксперт парағы: 1. Бұлшықеттің жұмысын қай кезде байқаймыз? 2. Бұлшықет әлсіз болса адам қандай болады? 3. Бұлшықетті жаттықтыру не үшін керек? 4. Өзіңнің бұлшықеттерің қандай? IV - топ. Ол үшін бірнеше қимылдарды орындаған жөн 1. Денешынықтырумен айналыс. Ертеңгілік жаттығу жаса. Серуен кезінде жүгір, доп ойна, жіппен секір. 2. Ата - анаңа көмектес. Ыдыс жу, бөлмені жина, қоқысты сыртқа шығар. 3. Дұрыс тамақтан. Сүт іш, сүзбе, ет, көкөніс және жеміс же. 4. Дене мүсініңді бақыла. Арқаңның бұлшықеттерін жаттықтыр. 5. Әлің жетпейтін ауыр заттарды көтерме. Осылардың бәрі бұлшықеттерді шынықтыратын қозғалыстар екенін ұмытпа.

Эксперт парағы: 1. Неліктен денешынықтыру мен айналысу керек? 2. Ата - анаңа көмектесу үшін не істеу керек? 3. Ата-анаңа көмектесіп, түрлі жұмыстар жасағаның өзің үшін қандай пайда әкеледі? 4. Осы қозғалыстар қандай дене мүшесіне пайдалы? III. Ой қозғау Яғни, «Бұлшықет қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау. Үйге тапсырма: «Егер де мен бұлшықет болсам...» деген тақырыпқа шағын эссе жазып кел.

© 2010-2022