Сабақ. Қазақ тілі. тақырыбы: Сөз. Мәндес сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы:Сөз.Мәндес сөздер.

Сабақ мақсаты:1.Оқушылардың өткен сыныптарда танысқан сөз туралы,сөз мағынасы жайында білімдерін кеңейту.

2.Сауаттылығын,ойлау қабілетін дамыту.

3.Туған елін,жерін сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Сабақ әдісі:ой шақыру,сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,өздік жұмыс.

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану, психология, дүниетану, математика әдебиеттік оқу.

Көрнекілік: нақыл сөздер,сызба, оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық

Күндей,нұрланып,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен.
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Кіріспе сөз:-Балалар бүгінгі сабағымыз бізде ерекше.Себебі бізге қонақтар келіп отыр.Қазақ қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық ғой. Біз қонақтарымызға өз білімімізді көрсетейік.

II Өткенді сұрақ-жауап арқылы қайталау. 1.Қаратпа сөз дегеніміз не?

2.Қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы не білесіңдер?

III Үй жұмысын тексеру.

5-жаттығу. Мағынасы жағынан ұқсас сөздерді топтап жазу.

Үлгі: Керекті, қажетті, пайдалы;...

Бұрынғы,көне, баяғы;

Әдемі, сұлу, көркем;

Көрісу,кездесу, дидарласу;

Жаңа сабақ:-Ой шақыру «Сөйлейтін сандар» ойыны бойынша сөз бойынша жаңа тақырыпты табу. «Сөз» шығады.

-Балалар желтоқсан айы,біздің еліміз үшін ерекше ай болды? Неліктен? Осы айда тағы қандай мерекелер бар?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда Елбасымыз бізге құпия сөйлемді шешуге тапсырма беріпті.

Сабақ барысында берілген тапсырмаларды шеше білсек,құпия сөйлемді оқи аламыз.

-Ендеше сәттілік тілейміз.

-Оқушылар өз-өздерін бағалау парағы арқылы жұмыс істейді.

-1-тапсырма:Сөз жайында білетінімізді ортаға саламыз.

-Топпен жұмыс:

1 топ:Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Сол жайында айтады.

2 топ:Сөздің мағынасына қарай бөлінуі жайында айту.

Мұғалім:Слайд арқылы сөйлейді.

-Слайд бойынша сурет арқылы ережелері бекіту.

-Дәптермен жұмыс:Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық.

Ай,күнді,жазу.

Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу:Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жазу.Өзің таңдаған үш сөзге сөйлем құрастыру. Атақты,танымал; ақылды,есті; батыр,ержүрек; әділетті,шыншыл; талапты,ынталы,белсенді.

1-құпия сөз:Тәуелсіздіктің

2-тапсырма:Сөйлемдерді оқы. Мәндес сөздерді тауып,топтап жазу (Көмегі,пайдасы,қолғабыс) көмек,қолғабыс,сәуле,нұр,алыс-ұзақ.

2-құпия сөз:туы

3-тапсырма:(Слайдтан көрсету)

-Суреттерді мұқият қара.Берілген мәндес сөздер қай суретке сәйкес келеді.

3-құпия сөз:мәңгі.

Сергіту сәті:Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік

-Бұл қай ел? Әрине Қазақстан.

4-тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқып,қарамен жазылған сөздерді төмендегі мәндес сөздермен ауыстыр.

4-құпия сөз:Желбірей

5-тапсырма:Тақтамен жұмыс.

Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді топтап жаз.

Сәйкестендіру тест.

Топпен жұмыс:

I топ: Абайлау қария

Ағайын сыйлық

Ақсақал байқау

Жүлде туыс

II топ:Ұстаз Бөпе
Мейман Қонақ
Қиын Оқытушы

Сәби Ауыр

Бірлік бар жерде-тірлік бар.

Ағайынға қарап мал өсер,

Ағашқа қарап тал өсер.

(Ынтымақ туыс) енкеиіп.

Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.

5-құпия сөз:Берсін!

Сабақты қорытындылау:-Сонымен балалар бізге елбасы қандай құпия сөйлем жолдаған екен?

Сөз дегеніміз не? Мәндес сөздер дегеніміз не?

Бағалау:Топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма:6-жаттығуСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздерСабақ. Қазақ тілі.тақырыбы:Сөз. Мәндес сөздер

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер


© 2010-2022