Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі»ММ

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі: Шаукенова З.А.

Өткізген сыныбы: 1 «Ә»



Сабақ тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер.»Санамақ» 292-293 жаттығу.

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қанша?неше?нешінші? сұрақтары заттың санын білдіретінін дұрыс игертіп, түсінік беру. Сұрақтарды дұрыс қоя білгізіп, оларды бір-бірінен ажырату. Сан есімге байланысты жаттығулар орындау,

2 Дамытушылық: Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

3 Тәрбиелік : Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ертегі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: математика,ән -күй.

Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлері, сөзжұмбақ, ойын, кесте, интериактивті тақта.

Қажетті суреттер мен сызба,тапсырмалар интериативтік тақты арқылы көрсетіліп тұрады.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

а)Сабақ мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша өтеміз.

-Ертеде бір қыз үйін жинап жүріп миіз тауып алады .Сосын ол миізді көрсетпекші болып мысығын шақырады.

-Мысығым,мысығым келші.бірақ мысық келмейді.Миізді қыз өзі жеп қояды.бір кезде мысығы келеді.

-Жаңа неге шақырдың?-деп сұрайды.Қыз:

- айтпаймын-дейді.

-Онда мен қатығыңды төгемін-деп,мысық қатықты құйрығым қағып төгіп тастайды,сол кезде қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.мысық қыздан құйрығын сұрайдй.бірақ қыз:

-Қатығымды тауып бермесең,мен саған құйрығыңды бермеймін.

Мысық сиырға келеді.

-Сиыр маған қатық берші -дейді.Сиыр:

-Сен алдымен маған жапырақ әкеп бер-дейді.

Мысық ағашқа келеді.

-Ағаш,ағаш маған жапырағыңды берші-дейді.Ағаш:

-Сен маған су әкеліп бер,мен шөлдеп тұрмын,сонда мен саған жапырағымды беремін-дейді.

Келе жатып мысық су әкеле жатқан қыздарға келеді.

-Қыздар,қыздар маған су берші-деді.Қыздар:

-Сен бізге сағыз бер-дейді

Мысық дүкенге келеді.

-Сатушы,сатушы маған сағыз берші-дейді.Сатушы:

-Сен маған жұмыртқа әкеліп бер-дейді.Сөйтіп мысық тауыққа келеді.Тауық:

-Сен маған тары әкеліп бер -дейді.мысық тары алу үшін тышқанға келеді.

Тышқан мысықтан қорқып кетіп үйіндегі тарысын береді.

Мысық тарыны алып тауыққа келеді.бірақ тауық оған:

-Мен саған тапсырма беремін соны орында,сосын жұмыртқамды беремін-дейді.

І.Өткенді Пысықтау

-Ендеше балалар, біз мысыққа көмектесіп жіберейік.

Тауықтың тапсырмасы :

ІІ. Өткенді пысықтау:

Кестедегі сұрақтар мен сөздердің байланысын көрсет:


Сұрақтар

Сөздер

Кім,Не?

Қызыл,жасыл;

Не істеді?Не қылды?Қайтті?

Оқушы,кітап;

Қандай?

Он,жиырма;

Қанша?Неше?

Жүгірді,ойнады;

-Дұрыс жауап бердіңдер балалар,рахмет !Тауық мысыққа жұмыртқаны береді.

Мысық сатушыға келеді,сатушы да:

-Менің де бір тапсырмам бар соны орындасаң сағызды беремін дейді.

Сатушының тапсырмасы:

«Санамақты» оқу.

Санды білдіретін сөздерді табу.

Санамақтан қандай қасиетті сөздерді көруге болады?

Интериактивті тақта арқылы ой шақыру.

БҚазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»есік елім далам тауым көлім

ү

Қасиетті сөздерҚазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»міт төзім

Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»жігіт бақыт

уақыт

-Балалар біз өте жақсы оқып шықтық,талдадық .Сатушы мысыққа сағызды берді.Мысық қыздарға келді.

Қыздардың тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс.

Дәптердің 51 бетіндегі 1-тапсырманы орындау.

Қыздар су берді.Суды ағашқа әкелді.Ағаш:

-алдымен менің тапсырмамды орында -деді.

Сергіту сәті «Он саусақ» әнімен айтады

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті,

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ,жол салсақ!

Ағаштың тапсырмасы:

Ребусты шеш

Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»,, ,,,,,,Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер», ,,9, 50.

Ағаш жапырағын берді.Мысық сиырға кеді.

Сиырдың тапсырмасы:

«Қасиетті сандықша» ойыны

жеті қазына он үш мүшел жеті ата жеті нан жеті нан

Қасиетті сандықша

бестік баға бес қару бес дұшпан бес асыл

Қыздың тапсырмасы:

Асан,Айша екеуі,

Екі қуыршақ,

Бір құлыншақ.

Екі ойыншық,

Құстай ұшып,

Үйден шықты нешеуі? (жетеу)

Дүкеннен кітап алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер,бір қарындаш,

Өшіргішті тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары? (алты)

-Қане оқушылар осы «бес асыл мен бес дұшпанға» қатысты қандай өлең білесіңдер?

Сиыр сүтін берді.Сүтті қызға әкелді.

Қыздың тапсырмасы:

Математикалық жұмбақ

Асан,Айша екеуі,

Екі қуыршақ,

Бір құлыншақ.

Екі ойыншық,

Құстай ұшып,

Үйден шықты нешеуі? (жетеу)

Дүкеннен кітап алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер,бір қарындаш,

Өшіргішті тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары? (алты)

Қазақ тілі «Заттың саның білдіретін сөздер»

Қорытындылау:

Құрамында заттың санын білдіретін сөздері бар мақал-мәтелдер айтқызу.

Толықтыру

- Жігітке жетпіс өнер де аз.

- Бір күн дәм татқанға- қырық күн сәлем.

-Мың қосшыға-бір басшы.

-Ер қаруы-бес қару.

-Елу жылда-ел жаңа.

Мысыққа қыз құйрығын берді.

-Міне, балалар, мысық бір рет келуге ерініп қанша қиындыққа тап болды?

Мысықтың кездескен қиындығын санау.

1-сиыр

2-ағаш

3-қыздар

үгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісі арқылы немен таныстық?

-Заттың санын білдіретін сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

-Тағы қандай өлеңдер оқыдық?

Ү Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІ Үй жұмысы: 293-жаттығу, ережені жаттау, өлеңін мәнерлеп оқу.

Рақмет.































© 2010-2022