Тақырыбы: «Елтаңба» Т. Молдағалиев (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 1 «а»

Пәні: Ана тілі

Мұғалім: Бекішова Маржан

Сабақтың тақырыбы: «Елтаңба» Т. Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, онда дауыссыз
дыбыстар да жуан болатыны туралы білім қалыптастыру,сауатты, көркем жазуға төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу тілін, тіл байлығын,
сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу жүргізу, сергіту ойындары,
топтастыру әдісі, сәйкестендіру тесті
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, автордың суреті, «Бәйге» ойыны, ойын түрлері
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
«Бәйге» ойыны
Сұрақтары: 1. Буын дегеніміз не?
2. Тасымал деп нені айтамыз?
3. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?
4. Біздің туымыздың түсі қандай және онда не бейнеленген?
ІV. Жаңа сабақ
- Балалар, мына суреттердегі зат атауларының алғашқы әріптерін қоссақ сөз шығады. Кәне, ойланып көрейік.
- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымызда Т. Молдағалиевтің «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы. Т. Молдағалиев - ақын әрі жазушы.
- Балалар, әрбір елдің мемлекеттік нышандары яғни рәміздері болады дедік, ендеше рәміздерді атап шығайықшы.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан » деген жазу бар. Мемелекеттік рәміздерді қиратуға, бүлдіруге , төмен түсіруге тиым салынған. Оларды қадірлеп, қастерлеп, ардақ тұтуымыз керек.

Оқулықпен жұмыс
- Енді оқулықтан «Елтаңба» өлеңін оқимын
Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуымен танысамыз
- Бәріміз тақтадағы ережеге назар аударайық

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: дала, тазалық, домбыра
78- жаттығу. Өлеңді оқып, дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді атаңдар.
Ой ашар.
Дәптермен жұмыс
Төмендегі сөздерден дауыссыз дыбысы жуан айтылған сөздерді теріп жазыңдар.
Қазан, түйе, мақта, сүйек, қармақ, көктем, қарлығаш.
Кел, ойнайық!
Гүл күлтешелеріне буын жазып, сөз құрау.
Ба -ла, ба-та, ба-рыс, ба-ға, ба-тыс, ба-ған
Жа-ға, жа-ңа, жа-са, жа-рық, жа-лау, жа-рыс.
Сәйкестендіру тесті
1. Екі бағандағы буындарды сызбамен сәйкестендір
Па тап
Қа тер
Сыз рақ
Дәп лам
Кі ғыш

2Тақырыбы: «Елтаңба» Т. Молдағалиев (1 сынып). Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастыр.
1. ә,і,р,п__________________
2. ж,з,ұ,л,д,ы______________
3. н,у,б,ы__________________
«Кім жылдам?» ойыны
Суреттерге қарап, әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.
Гүл, тау
Аққу, мысық
Жолбарыс, көбелек
V. Қорытындылау
Топтастыру әдісі
VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма
1. Елтаңба өлеңін мәнерлеп оқу
2. 79- жаттығу
3. Ереже жаттау



© 2010-2022