ҚМЖ әдебиеттік оқу пәнінен Ә. Қоңыратбаев Киiктiң айласы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші (негізгі) деңгейдің Сафурина Гульнар Алтынбековна

Әдебиеттік оқу пәнінен

қысқа мерзімді жоспары

Күні 13.03.2014 жыл

Сабақ 14.50

Сабақтың тақырыбы

Ә. Қоңыратбаев. Киiктiң айласы

Мақсаты

Мәтін мазмұнын түсінуге жағдай жасау

Әңгімені оқи отырып сын тұрғысынан ойлауын дамыта білу.

Жауынан қорғанған киіктің айла-тәсіліне баға бере отырып,өзіне-өзі қиын сәтте қорғануға тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

Әңгіменің мазмұны арқылы ой тұжырымын жасай алу.

Сілтеме

Оқулық: 3-сынып «Алматыкітап» 2009ж

Негізгі идеясы

Мәтінді түсініп оқуға, мазмұндауға төселдіру.

Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды өздігінен білім алуға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топтастыру, түртіп алу, «Кубизм стратегиясы», салыстыру, инсерт әдісі

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу (мәтін кейіпкерлерімен) топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту:

Сұрақ :Қай үй жануарын жеті қазынаның бірі деп ойлайсыңдар? (Ит)

Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық»әңгімесі

Топтптастыру стратегиясы (күшіктің пайдасы)

бес жолды өлең құрастыр.

Зат есім- - - - -

Сын есім- - - - -

Етістік- - - - - -

Сөйлем- - - -

Синоним -

  1. Жаңа сабақпен байланыс, кіріспе әңгіме

Сұрақ:

- Жануарларды қандай топқа бөлеміз?

- Үй жануарлары және жабайы жануарлар деп екіге бөлеміз.

- Олардың айырмашылығы қандай?

-Үй жануарларын адам бағып, өсіреді.

-Ал жабайы жануар өз бетінше табиғатта өседі.

4. Балалар жұмбағым бар жасырған.Шешіп оны көріңдер.

Жұмбақ

Зырлар -жүйрік,

Қарғып биік.

Жосып жортар,

Бұл қай жануар? (киік) бейнефильм көру saiga

5.Киікті қандай жануар деп ойлайсыңдар? (Топтастыру стратегиясы)

Мағынаны тану.

Сұрақ :

Балалар , біз бүгін қай жануар туралы әңгіме оқимыз.

-Киік туралы.

Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесі.

6. Мағынасы түсініксіз сөздерді «түртіп алу стратегиясымен оқыту.

Сөздікпен жұмыс

Сәске- таңертеңгі күннің біраз көтерілген кезі.

Суат-су алатын,мал суаратын жер.

Арандай-аузын кең,үлкен ашу, қанағатсыз.

Бұйрат -тау сағасы.

Жосып -жылдам жүру.

Шоқы-биік төбе, дөң.

Шоқырықтау -қатты шаппай желе,секіре жүретін жүріс.

«Кубизм стратегиясы» бойынша жұмыс істеу.

1.Киікті сипаттау.

2.Зерттеу.

3.Салыстыру.

Ой толғаныс

7. Стратегия «Жазушы орындығы»

-Балалар,өздеріңді ақын, жазушымыз деп есептеңдер.

Сендер осы мәтінді қалай өзгертер едіңдер немесе жалғастырар едіңдер «Жазушы орындығына» отырып, ойларыңды ортаға салыңдар.

Қорытынды «инсерт» әдісі бойынша кестені толтыру

Үйге тапсырма

Киіктер туралы әңгімелеу



© 2010-2022