Математика ашық сабақ Қайталау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:04.02.16 ж

Сабақ: № 99

Мұғалім:


Сабақтың атауы

Қайталау

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпымақсаттар

1. Оқушыларға есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруды үйрету, білімдерін тереңдету, тиянақтау.
2. Ойлау, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өзін - өзі әділ бағалауға тәрбиелеу.


қайталау сабағы


дәстүрлі сабақ


сұрақ - жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық,
деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары.


Сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар

Сабақтың типі


Сабақтың түрі


Сабақтың әдісі:

Сабақтың көрнекілігі:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:


Үй тапсырмасын сұрау


№ 5 есеп

А) 19, 29, 49, 79, 99 сандарын ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсет

Ә) 601, 720, 800, 808, 888 сандарын жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсет.


Қызығушылықты ояту

«Кім зерек?»

1. 5 ондықты 3есе арттыр
2. 1дм - де неше см бар?
3. 30 бен 50 - дің қосындысы
4. 89 - дың алдында келетін сан
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. 90 мен 40 - тың қосындысы?
5. 7 ондық пен 2 ондықтың айырмасы


Логикалық тапсырмалар
1. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 4 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
2. Бір сағатта неше минут бар?
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Бір жылда неше ай бар?
5. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

Шұбат - 3 литрлік 7 банка
Қымыз - 3 литрлік 3 банка
Барлығы -? литр сусын
Ш: (7*3)+(3*3)=30 (литр)
Ж: Барлығы 30 литр сусын әкелінді.
- Көбейтудің қандай қасиетін пайдаландық?
- Үлестірімділік қасиеті.

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс.

1-қатар 2 - қатар 3 - қатар

№ 1 есеп № 2 есеп № 3 есеп

№ 5 есеп № 5 есеп № 5 есеп

№ 6 есеп № 6 есеп № 6 есеп


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Математикалық жұмбақтарды шешу

1. Жайлы орын маңай толы үйеңкі,

Батыр барыс алтыбақан құрыпты.

Кешке қарай жиналыпты көршілер.

40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,

Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.

Айтшы аңдар саны қанша,

Болып қалмай тек күлкі.

(48 аң)

2. Нүктеден, екі сәуледен,
Құрылған бұл не екен?

(бұрыш)
3. Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де.

(түзу)
4. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.

(шахмат)

5. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?

(70 үйрек)
6. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?

(24)

Қорытынды

№ 4 есеп

28 - дің х - ке бөліндісін рнек түрінде жаз

Х = 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

Үй тапсырмасы

№ 7 есеп 36 бет

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды.

Тексерген ДОЖЖО:




© 2010-2022