М. Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А. Құнанбаев «Жазғытұры», І. Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып

А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін айта білу дағдысын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу

Көрнекілік: тақырыптық суреттер, суретті жұмбақ, қима қағаздар

Қолданылатын әдістер: СТО

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша ғарышқа ұшып, күнге баруы.

Жылулық шеңбері «Жылы сөз»

Шашы алтын, көзі от,

Шыға ғой, Күн тезірек

Жылу берші, шуақ берші

Маған, ата-анама, апайыма, бауырыма

Тағы, тағы, тағы-да!

І. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

Қар кетіп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді. /көктем/


  • Жұмбақтың көктем туралы екенін қай сөздерден байқадыңдар? /балалар жауабы/

Проблемалық сұрақ

  • Көктем деген сөз қандай мағына береді? Ойланып көріңдерші.

  • Көктем - көк шығады, көктейді.

  • Көктемді басқаша қалай атайды?

  • Жазғытұрым

  • Бұлай аталуы неліктен?

  • Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.

Суретпен жұмыс

Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады:

  • Суретке назар салыңдар. Суреттерге қарап, Көктем келді деген тақырыпқа әр оқушы бір-бірден мағынасы өзара байланысқан сөйлем құрулары керек.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілі туралы өлеңдермен танысамыз. Әуелі авторлар туралы айтсақ,

  • Берілген сызбаға сүйеніп, ақын туралы әңгімеле

Ілияс Жансүгіров

Абай Құнанбаев

Семей өңірінде туған

Ұлы ақын

Жыл мезгілдері туралы өлеңдер жазған

Алматы облысында туған

Белгілі ақын әрі жазушы

«Балаларға тарту» атты өлең кітабы бар

Мұзафар Әлімбаев

Мүбәрәк Жаманбалинов

Павлодар облысында туған

ақын

«Ашық күн» атты өлеңдер, ертегілер жинағы бар

Павлодар облысында туған

Белгілі ақын әрі жазушы

«Менің ойыншығым», «Шыңықсан-шымыр боларсын» атты кітаптары бар

ІІ Мағынаны тану

2 сынып

3 сынып

Мұғалім басшылығымен

1 - тапсырма

  1. Оқулықтағы М.Жаманбалиновтың өлеңін түсініп оқу.

  2. Өлеңге ат қою.

Өзіндік жұмыс

1 - тапсырма

Абайдың «Жазғытұры» өлеңіне сүйеніп, көктем белгілерін табу.

М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Өзіндік жұмыс

2 - тапсырма

Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін атау

М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Мұғалім басшылығымен

2- тапсырма

І.Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін сипаттау

Көктем шықты

Жайлаудағы ауыл

Жылы жел соқты ...

Қыстаудан көшті

Сергіту сәті


Қане, қанат жазпйық,

Қарлығышқа ұқсайық

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызды табайық

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан боп секіріп

Тоқылдақ боп ұшайық

Мұғалім басшылығымен

3 - тапсырма

Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеп, кестені толтыр

сұрақ

жауап

Ненің?

Қандай?

Не?

Не істеді?

Қайтіп?

көлдің

Өзіндік жұмыс

3 - тапсырма

Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын тауып, сызбаны толтыр.

Берілген сөз

мағынасы

Қыстың сызы

Масатыдай

Ата-анадай елжірер

Көк майса

Желіндейді

Тайды күзеді

Ызғары салқыны

ІІІ Ой толғаныс

2 сынып

3 сынып

Екі өлеңді салыстыру

М.Жаманбалинов М.Әлімбаев

М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сыныпМ.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Екі өлеңді салыстыру

А.Құнанбаев І.Жансүгіров

М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сыныпМ.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Шығармашылық тапсырма


І нұсқа

ІІ нұсқа

«Көктем сөзіне 5 жолды өлең құрастыру»

Не?

Қандай?

Не істейді?

Мағыналас сөз

Сөйлем

Өлең ұйқасмын табу

...................... көктемде, /көктем, көктем, көктемде,/

..................... жеткенде. /құстар келіп жеткенде/

........................ ... еріп, /күн ұзарып, қар еріп/

....................... толады. /су сайларға толады./

Бағалау

Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Үй тапсырма

Өлеңді жаттау

Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу


© 2010-2022