Математика пәнінен сабақ жоспары Кесіндінің ұзындығын өлшеу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 29.09.15ж

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Сантиметр.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде кесінді ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу және өлшеудің үлгісі ретінде сантиметрді қолданудың ерешелігімен таныстыру және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету.

  2. Ой-өрістерін, ойдау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

  3. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесінділер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. - Сабаққа қажетті оқу-құралдарын дайындатқызу.

Психологиялық дай-қ Қане, біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Өткенді қайталау. - Балалар өткен сабақта қандай фигуралармен

таныстық?

  • Қане кім маған тақтаға шығып өткен фигураларды сызып береді?

Жаңа сабақ. - Екі қарындаштың ұзындықтарын салыстыру. Ұзындығы 1

см жолақшаны әр қарындашты бойлай біртіндеп салу. Оның неше рет салынғанын білдіретін сандарды салыстыру. Оқулықпен жұмыс. Жоғарғы суреттерде үш түрлі шартты өлшеуіштің көмегімен кесінділердің ұзындықтарын өлшеу мүмкін, алайда салыстыру мүмкін еместігі ескетіледі. Келесі суретте бір ғана шартты өлщеуіштің көмегімен анықталған ұзындықтары бірдей үш кесінді бар екендігі, сондай-ақ бір ғана сондай шартты өлшеуіштің көмегімен анықталған ұзындықтары әр түрлі екі кесінді бар. №2 Кесінділердің ұзындығын өлше. Жолақшалардың ұзындығын өлше. Ал енді 3-ші тапсырмадағы кесінділерге назарларымызды аудардық. Бірінші сол жақтағы үш кесіндінің ұзындықтарын, сонан кейін оң жақтағы кесінділердің ұзындықтары салыстырылады.

Сергіту сәті. Сағаттын тіліндей,

Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.
Оң аяқ, Сол аяқ.

Жаттығу оң аяқ. Дәптермен жұмыс. а) Сызғыштың көмегімен өлшенген кесіндінің екі торынан құралған жолақшаны (1 см) пайдаланып және үлгіге сүйене отырып, әр кесіндінің ұзындығын өлшеуі керек. ә) Көрсетілген үлгі бойынша іздерді бастыра жүргізу және әрі қарай жұмысты жалғастыру керек. Бұл жерде 2 цифрының элементтері берілген. Сергіту сәті Қолды ашып - жұмайық

Аяқты да жазайық

Отырып - тұрып бір уақыт

Жаттығуды бастайық.

Бекіту. Төмендегі - соңғы суретте қоянның сәбізге жету жолдары

іздестіріледі. Бірнеше шешуін табу міндеттеледі.

Қорытындылау.

Мадақтау.



© 2010-2022