Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 13.02.2015ж

Сыныбы: 3 «Ә»

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау,
әңгімелеу, талдау, көрнекілік, сто
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: «Өмір айналысы» сызбасы, тірек - сызбалар, үлестірмелі карточкалар, жануарлар мен өсімдіктердің суреттері, интерактивті тақта
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: А3 плакаты, желім, түрлі түсті
фломастерлер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге берілген «Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі»
- Кез келген бір жануарды алып, оның тіршілік ортасына бейімділігін түсіндір
- Үлкендермен талқылап, қандай жануардың дене бітімі сүңгуір қайыққа ұқсайтынын біл
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Жануарлар» тақырыбында тест жұмысы
1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?
А) Жануарлардың мінез - құлқы
Ә) Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жер
Б) Жануарлардың сыртқы түр - келбеті
2. Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені атайды?
А) Бақалшық Ә) Мүйізі Б) Тістері мен тілі
3. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?
А) Өрмекші Ә) Бүйі мен қарақұрт Б) Қанқыз
4. Ұлудың бақалшықты ұлулары неше күннен кейін шығады?
А) 18 Ә) 24 Б) 27
5. Зиянды паразит құртты көрсет.
А) Ішекқұрт Ә) Сүлік Б) Жауынқұрт
IV. Жаңа материалды меңгерту

Жұмбақтар жасыру
1. Қызығушылықты ояту
«Орманның адам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы әңгімеден басталады. Әрі қарай балалар Ғабдолла Тоқайдың «Бала мен көбелек» атты өлеңін сахналайды.
Бала: Гүлзар көркі көбелек,
Ұштың неге тынбай?
Нені қорек етесің?
Қай әлемнен келесің?
Көбелек: Көгалдарда, бақтарда,
Орманда менің тұрағым.
Күн нұрынан нәр алып,
Гүлді қорек қыламын.
Тағдыр берген бір күнім
Тыныш өтсе, тілегім.
- Көбелектің өмірі неге байланысты екенін талдаңдар.
Гүлдер Көбелек
- Өмір сүру белгілерін атаңдар. (Қоректену, қозғалыс, тыныс алу, өсу, даму, өлу)
Топқа бөлу.

1. Тірі табиғат өкілдерінің тіршілік айналысында маңызды рөл атқаратынын әңгімелеп беріледі; топырақтың осы тіршілік тізбегіндегі атқаратын рөлін, егер топырақ жойылса, осы шеңбердің де құрып кететіні туралы айтылады.
2. Мағынаны тану.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді. Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді. Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі. Олар топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.
Шірінді
Микроорганизмдердің ықпалы
Тұздар
Өсімдіктер қорегі
Жануарлар қорегі
Өсімдіктер, жануарлар өледі
Топыраққа түседі.
Міне, табиғаттағы заттар осылайша шеңбер бойымен тіршілік етеді.
Өзекті сұрақ. Жер бетінен осы тіршілік шеңберіндегі құрамдас бөліктерінің бірі жойылса не болады:
«Сүтқоректілер»: «Өсімдіктер жойылса»
«Аңдар» тобы: «Жануарлар құрып кетсе»
«Өсімдіктер» тобы: «Топырақ жойылса»
Бұл сұрақтарды алдымен топ ішінде талқылап, содан соң дауыстап айтылады.
Жалпы сұрақ: «Саңырауқұлақтар мен бактериялар жойылса»
Мұғалім: Жердегі барлық тіршілік иелері бір - бірімен қорек тізбегі арқылы байланысады. Сарышұнақ егістікте өсетін дәнмен қоректенеді. Саршұнақтың өзін түлкі ұстап жеуі мүмкін. Яғни, «дән - саршұнақ - түлкі» қорек тізбегі пайда болды.
Бірінші буыны - өсімдік
Екінші буыны - өсімдікпен қоректенетін жануарлар
Үшінші буыны - жыртқыштар
V. Бекіту. Ой - толғаныс
Тапсырма. Үлгі бойынша қорек тізбегін құрастыру:
Астық - тышқан - түлкі
Шөп - киік - қасқыр
Гүлдер - жәндіктер - құстар
Жапырақ - шірінді - құмырсқалар
Сұрақ: Неліктен қорек тізбегін бұзуға болмайды?
VI. Сабақты қорытындылау.

1. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? (тақтаға өз ойларын жазу)

VII. Үйге тапсырма беру
- Оқулықтағы мәтінді оқу
- Сұрақтар мен жауаптар
- Табиғаттағы зат айналымы суретін салу
VIII. Бағалау

Оқушыларды берілген смайликтер бойынша бағалау

© 2010-2022