Сабақ әзірлемесі Желсіз түнде жарық ай

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:

1.Әдебиетке деген құмарлықтарын арттыру.

2.Мәнерлеп оқуға үйрету.

3.Түсінгендерін жан-жақты өз сөздерімен шебер баяндауға үйрету.

4.Абайдың өлеңдері арқылы оқушылардың іс-әрекеттерін,мінез-құлықтарын басқаруға үйрету,өлеңнің мән-мағынасын түсіндіріп мазмұнын ашу.

5.Туған жердің табиғатын қадірлей білуге баулу,табиғаттың сырын ұғына білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау,өзін-өзі бағалау,баяндау.

Типі: жаңа білімді,жаңа дағдыны қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың протреті,түнгі көріністер бейнеленген сурет,оқулық,дәптер.

Сабақтың барысы:

1:Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2.Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылыуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1.Елімізге тыныштық тілеймін!

2.Күніміз жарық болсын!

3.Аспанымыз ашық болсын!

4.Көк туымыз биік болсын!

5.Нанымыз көп болсын!

Үй жұмысын тексеру,қорыту.

Өтепберген Ақыпбековтың Наурыз- жыл басы өлеңі.

Тулеубаев Салтанаттың орындауында наурыз өлеңі.

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Жаңа сабақ:

Балалар,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі.А.Құнанбаев туралы не білеміз,мына сызбаны толтырып көрейікші.

Ибраһим Ақын

Абай портреті

Ұлжан Сазгер

Ұжымдық тәсілді қолдану.

Абай 1845 жылы жылан жылы туып,1904 жылы үлы жылы 60 жасында Семей облысында дүниеден өткен Абайдың азан шақырып қойған аты Ибраһим. Әжесі оны Абай деп атаған.

Абайдың атасы Өскенбай сол елдің Әділ де парасатты биі болған.Ол кісі ел басқарып,ел дауын шешкен азамат.Абайдың әжесі Құнанбай,шандылықпен айналысты.

Абайдың анасы Ұлжан мейірімді ақжарқын адам болған.Ол Бошан руынан тарайды.

Абайдың әжесі Зере немересін еркелетіп өнерге кілт салушы болды.

Суретпен жұмыс:

Балалар назарын түн уақыты салынған суретке аудару.

Балалар,бұл қандай уақыт?Аспанда не бар?

Ал,ендеше Абай аталарың түнгі уақытты қалай суреттеген екен.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы 217-беттегі «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі.

Өлеңді түсіндіру.

Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі.Әр қайсысы 4 тармақты,5 шумақтан тұрады.

Өлең - ақынның табиғат көріністерін,махаббат сырларын,кетелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындылардың бірі.1935 жылы композитор Л.А.Хамиди,Ә.Ысқақовтан әннің 2 түрін нотаға түсіріп алды.Өлең ағылшын,араб,орыс,өзбек,татар тілдеріне аударылған.Ал,енді,балалар,мен өлеңді мәнерлеп оқимын, сендер мұқият тыңдап,мәнерлі оқуға тырысыңдар.

Ал,енді,осы өлеңде түсніксіз сөздер бар ма?

Дәптермен жұмыс:

Түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.

Сай - терең жер

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді - өзі

Ақын ағашқа жан бітіреді,

Жапырақтар үнсіз емес,олар бір-бірімен сыбырласып сөйлейді.

Оқушыларға (2-3) мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті:

«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату.

Өлеңді оқушыларға мазмұндау.218-беттегі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

Туған жердің табиғатын,оны қадірлей білу керектігін баяндау.

Сабақты бекіту:

Білім жүйесі бойынша кестені толтыру:

Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?

Бес жолды өлең:

Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар өз-өздеоін бағалайды.

Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттап алу.

Өлең мазмұнына сай сурет салып келу.


© 2010-2022