«Осы лагерьдегі қызықты оқиғалардың суретін сал»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп







Осы лагердегі қызықты


оқиғалардың суретін


сал




Үйірме жетекшісі: Асқарова Р.








2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Осы лагерьдегі қызықты оқиғалардың суретін сал Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балалардың болған оқиғалардың әңгімелеп айтып бере білуге жаттықтыру, өз ойын дұрыс жеткізіп, қағаз бетіне түсіруге үйрету. Дамытушылық: Түрлі материалдармен жұмыс істеу іскерлік дағдыларын бекіту. Шығармашылығын, қиялын дамыту. Тәрбиелік: Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасау, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, геометриялық пішіндер Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар көңіл - күйлерің калай? Балалар, біздің көңілді - көңіліміз бояудың көзі көңіл - күйімізге байланысты ғой. Ендеше көңілді, көңілсіз, таңданған, сәттерімізді «млочка» арқылы көрсетейікші. Ойын: «Мен көңілдімін, мен қуаныштымын»
  • Мен қуаныштымын (күледі)
  • Мен көңілдімін! (жылы жүз)
  • Мен таңғалып тұрмын! (таң калу)
  • Мен жылап отырмын (жылау)
Енді күлген, қуанған, таңдаған сәттерімізді қағаз бетіне түсірейік. Күй табақтан жанға жайлы әуен төгіліп тұрады. Балалар сурет салуға кіріседі. ІІ. Негізгі бөлім: Сурет аяқталған кезде ішкі әдемі киінген, қолында шары бар клоун келіп кірді. Сәлем достар, Балалар. Мен клаун Бом! Сәлеметсің бе Бом!
  • Балалар менімен ойын ойнауға келісесіңдер ме?
  • Ойнайық

  1. Ойын: Топтасып сурет салу.
Ойынға 4 топ қатысады. Балауса, Балдырған, Жасұлан, Тұлпар. Үстелге басында әр топтан 4 баладан отырады, орталарында бір парақ альбом беті. Параққа бірнеше бала 40-50 сек. лагердегі қызықты оқиғалардың суретін салады. Әр баладан не салғысы келгенін және бір - бірімен ойын жалғастыра алды ма? Деген мақсатпен әңгіме жүргізіледі.
  1. Арқаға сурет салу
Балалар екі-екіден жұптасады. Әр бала өзінің жұбының арқасына геометриялық пішіндер, қарапайым бейнелер, үй, шаршы т.б. суреттерді салады. Екінші бала оның қандай сурет салғанын табуы керек.
  1. Суретті аяқта
Балалар клоунның қонаққа келгенін көрдіңдер. Оның сурет оның сурет сыйлағысы келгенін, бірақ жеткенше не не салғысы келгенін ұмытып қалғаны айтылады. Оған көмектесіп сутетті аяқтаймыз. Лагерьдегі қызықты оқиғалардың суреттерін аяқтайды. ІҮ. Қорытынды Клоуын жеңген топты мадақтайды. Енді балалар алдағы демалыстарыңды көңілді өткізіңдер. Бірақ та демалыс кезінде бояулар мен қарындаштарды ұмытуға болмайды. Сендерге көңілді демалыс және табыс тілейміз! Келесі кездескенше сау болыңдар! - деп клоун Бом шығып кетеді. Біздің топта ұл - қыздар Тату -тәтті ойнаймыз Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз деген тақпақ айтумен сабақ аяқталды.
© 2010-2022