Ашық сабақ К дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.05.2015ж

Пәні:Сауат ашу

Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.Қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: К дыбысын қайталау. Дыбыстардың

ішінен ажырата білуге, сөздерді жазу мен оқуға, сөзді

буынға дұрыс бөлуге үйрету.

Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілеттерін,тілін, қиялын

дамыту.

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: мүсіндеу, бейнелеу,жапсыру,құрастыру , дүниетану.

Әдіс - тәсілі: ой-қозғау,сұрақ-жауап,ойын, түсіндіру, жұмбақ шешу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,оқулық,суреттер дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық икем: Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Топқа бөлу: 1- топ: күшік, 2- көжек, 3-кірпі,4-көбелек

Әр топқа қысқаша мәлімет беріледі.

Өткенді пысықтау: «Кубизм » стратегиясы .

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата

3. Нан сөзін жаз және дыбыстық талдау жаса

4.

5.

6.

Жаңа сабақ: Ой қозғау

Жұмбақ шешу: Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады. ( Көбелек)

-Көбелектер туралы не білеміз?

Көбелектер 1 ай -1,5 өмір сүреді екен. Олар гүл шірнеліктерімен, жапырақтармен қоректенеді.Көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды.Қорғаныш реңіне байланысты өзіне түстес гүлдерге қонады.Көбелектер - олар өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік жәндіктер.

  • Балалар көбелек сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр?

  • К дыбысы қандай дыбыс?

  • К дыбысынан басталатын сөздерді айт.

Дәптермен жұмыс: Суреттерге дыбыстық талдау жаса!

Тақтамен жұмыс: Бағандағы сөздерді оқы!

  1. топ: Ке, ке, кеме, кесе,кеше

2-топ: Ек, ек. бек, тек, лек

3-топ: кел, кем, ке-ме, ке-мел

4- топ: Кө, кө,кө,көл, кө-же,

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы - қырлы жерлерден,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Дәптермен жұмыс: 1. Ауада жазу

2.Дәптерге жазу

3. Ребусты шеш: 1-түс атауы (көк)

2-суда жүзетін көлік түрі (кеме)

3-Қоянның баласы (Көжек)

4- Қыздар киімі (көйлек)

«Кім жылдам» ойын: Сөйлем құра: Кітап, кесе, түлкі,өрік

Топпен жұмыс: 1-топ: ермексазбен жұмыс

2-топ: суретті боя

3- топ: жапсыру (кемені жапсыру)

4- топ :құрастыру (К дыбысын құрастыр)

Қорытынды: Балаларды бағалау,мадақтау.





© 2010-2022