Сабақтың тақырбы: Ауа қабығы 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Ауа қабығы

Сабақ мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын меңгерту.Ауа туралы білімдерін тереңдету.

2. Баланың танымдық белсенділігін арттыру.Өз бетінше білім алуға ,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: Топтық жұмыс.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.1-топ,2-топ,3-топ.

.Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқытудың әдіс -тәсілдері: Интерактивті технология,СТО технологиясы

Бағалау түрі: Топтық бағалау. Балл беру. Тапсырма орындау деңгейіне сай 10балл,20 балл , 30 балл жазылған дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп отырады..

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта ,глобус, слайдтар,тірек сигнал, дүниетану бойынша тест тапсырмалар жинағы.

Сабақ барысы:

I Қызығушылықты ояту.

1) Психологиялық дайындық

1. Танымдық ойын «көз байқағыш»

Тақырыптық сурет ( слайд) көрсету 30 секунд . Суретті жабу. Нелерді көрдің ? Дәптерге жазу. 1 минут. Ең көп сөз жазған топты анықтау.Топтарға балл беру.

Мақсаты: Баланың ойын жинақтау

.

II. Ой шақыру

2. Жұмбақты оқып жауабын табайық.

Ұстасаң ,қолға ілінбес,

Қарасаң ,көзге түспес.(Ауа)

- Оқушылар, біз өткен сабақта «Ауа» тарауын бастадық. Олай болса, өткен сабаққа байланысты білімдеріңді байқайық.

3. "Біліміңді байқап көр"

"Ауа құрамы" тақырыбын тесттік бағалау.

1.Ауа тірі ағзаға не үшін қажет?

2Сабақтың тақырбы: Ауа қабығы 4 класс.Ауа құрамына кіретін , жануды қуаттайтын газ.

А) озон В) көмірқышқыл газ С) оттегі

3. Ауаның қасиетін көрсет.

А) иіссіз, дәмсіз , сығылады, ағады

В) иіссіз, дәмсіз, мөлшері мен салмағы бар, тығыз, түссіз, жануды қуаттайды

С) иісі, дәмі ,мөлшері бар

4. Ауадағы ең көп таралған газ:

А) азот В) оттегі С) су булары

5. "Ауадай қажет"сөзі нені білдіреді?

А) көмір қышқыл газы В) инертті газдар С) оттегі

Дұрыс жауапты электронды тақтада көрсету.

Өзін-өзі тексеру.

Дұрыс жауапқа - "1" балл. Дұрыс емес жауапқа -"0" балл

Тест жауаптары:

1.Тыныс алу үшін

2.с) оттегі

3.в) иіссіз , дәмсіз, мөлшері мен салмағы бар, тығыз, түссіз, жануды қуаттайды.

4.а) азот

5. с) оттегі

Өзін-өзі бағалау.Бағалау нормасы. 5 балл-"5", 4 балл-"4", 3 балл-"3", 2,1балл-"2"

Тест нәтижесін(сапасын) салыстырып топтарға балл беру

.

III Мағынаны тану 4, 4.Слайд-шоу қарау."

Ғарыш әлемі"(Интернет материалдары 24 слайд)

5.- Оқушылар, « ғарыш » дегенде сенің ойыңа нелер түседі?

Ассоциация жасау

Сабақтың тақырбы: Ауа қабығы 4 класс


6."Сенің қолыңнан келеді"

"Ауа қабаты" тақырыбын оқу, " Insert" кестесін толтыру.

."Insert" стратегиясы .(Оқулықпен өзіндік жұмыс)

V (білемін)

- (келіспеймін)

+ (жаңалық)

? (білгім келеді)

3 топ оқушылары кестесін толтырады. Жұпта , топта талқылайды. Мазмұны ең толық кестені ұсынады.3 топтан 3 оқушы кестесін оқиды. Топтарға балл беріледі.

7."Идеяны толықтыру" стратегиясы .

Мұғалім слайдтар пайдалана отырып жаңа тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттарды хабарлайды.

1-слайд «Жер». Күн жүйесіндегі ғаламшар. Ауа қабатымен қоршалған.Жер бетінде тіршілік бар. Жарық шығармайды.Су бар. Шеңбер бойымен қозғалады. Жер 3 қабаттан тұрады.1. Литосфера - жер қыртысы мен мантия.2. Гидросфера- су қабаты ( Мұхит, теңіз , көл, өзен, жер асты сулары.) 3. Жердің ауа қабаты - атмосфера деп аталады.

2-слайд «Ауа қабаттары». Жердің қорғаныш қабығы -атмосфера : Тропосфера , Стротосфера , Мезосфера , Термосфера қабаттарынан тұрады.Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропесфера қабатында болып тұрады. Тропосфера қабатының биіктігі - 11 км.-ге дейін.

3-слайд «Комета-Құйрықты жұлдыз» -дегеніміз аспан денелерінен жер бетіне қарай ұшып жатқан темір, тас бөлшектер. Ауа қабатына келгенде үйкелістен қатты қызып жанады.Оның жер бетіне жетіп түскен бөлігін метеориттер деп атайды.

4-слайд «Ай» . Айда ауа қабаты жоқ.Өлі ғаламшар.Жарық шығармайды.Айда су жоқ. Айда таулар бар. Ай элипс бойымен қозғалады.

5-слайд. «Ауаның ластануы» . Өндіріс орындарының және автомобильдердің қалдық газдары атмосфераға араласады. Ондағы көмірқышқыл газының көбеюіне ықпал етеді. Ауадаға су буымен араласып оны қышқылға айналдырады. Қышқыл жаңбыр ауыл шаруашылығына , жан- жануарға , өсімдіктерге үлкен зиян келтіреді

.

8. Сергіту сәті

(танымдық ойын-тапсырма арқылы қимыл-қозғалыс жасату)

Шарты: Компьютер құрылғысы айтылса орныңнан тұр. Ғарыш денелері айтылса шапалақта.

Жұлдыз, үстел, диск, ай, дйсплей, күн, пернетақта, жер, тышқан, комета , дискета, т.б

9. « Тапқырларға тапсырма»

Топтық тапсырма беру

I топ «Ауа қабатын» бейнеле

II топ «5 минуттық эссе» Ауа- өмір тынысы.

III топ Венн диаграммасы «Ай» және « Жер»

IV Ой толғаныс

10. 5 жол өлең құру

1. Не? Атмосфера

2. Қандай? Тұнық, мөлдір

3. Не істеді? Қорғады, сақтады, уланды.

4.Атмосфера- жердің қорғаныш қабаты.

5.Ауа

11.Топтық бағалау.

Топ басшылары алған балдарының нәтижесін кестеге жазады. Жеңімпаз топ анықталады.

1-топ

2-топ

3-топ

70 балл

100 балл

110 балл

12..Ттапсырма: 1. «Жеңішке , жуан сұрақтар стратегиясы.» Тақырып бойынша 5 жеңішке(қарапайым, оңай) , 5 жуан (күрделі, танымдық) сұрақтар дайындау.

2.«Метеориттер» Мәнжазба жазу.

3.Семантикалық кесте толтыр







N 50 орта мектеп



Ашық сабақ

Дүниетану 4-сынып

Тақырыбы : Ауа қабығы

Дайындаған : Жукаева А.К.








2015 -2016 оқу жылы







© 2010-2022