4-сыныпқа арналған Табиғат - біздің үйіміз арнайы курсының бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Білім беру мекемесінің атауы: С.Сатыбалдин атындағы жалпы білім

беретін орта мектеп

Бағдарламаны қайда, қашан, ПМБАИ әдістемелік кабинетінің әдіскері

кім бекітті: Б.С.Боранбаева

Курстың атауы: «Табиғат - біздің үйіміз»

Бағдарламаны оқытуды

көзделген сынып: 4

Бағдарлама авторының Иманова Айжан Калиоллаевна

аты-жөні, лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Қала, елді мекеннің атауы: Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

Бағдарлама әзірленген жыл: 2012-2013 оқу жылы




Түсінік хат. «Табиғат- біздің үйіміз» арнайы курс бағдарламасы жалпыға міндетті білім стандартына және жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Арнайы курс мақсаты - оқушыларға биология, география, жануартану, өсімдіктану, тарих, математика, астрономия ғылымдарының негізі бойынша білім беру. Қарастырылатын тақырыптар мен проблемаларды өзара байланыстыра қарастыруға, ойша және іс жүзінде қарапайым эксперимент жасауға, күрделі мәселелер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз беттерінше ізденуге бағыттау. Курс ерекшелігі - құрастырылған тараулар мен тақырыптар өзара тығыз байланысты. Қарапайымнан күрделіге бағытталған білім беру қарастырылған. Әр тіршілік ету ортасының бір-бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын және күнделікті өмірмен байланысын оқып-үйренуге жағдай жасалған. Курстың көкейкестілігі - қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өмір талаптарына сай оқушылардың жан-жақты ғылым негіздерін өмірде іске асыруға, өз орындарын табуға икемдеу. «Табиғат - біздің үйіміз» арнайы курсының оқу материалының мазмұны:

  1. Кіріспе.
  2. Табиғат және адамдар.
  3. Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар.
  4. Жасыл дәріхана.
  5. Аспан денелері.
Кіріспе. Курстың мақсат, міндеттерімен танысу. Курс арқылы табиғаттың біздің өміріміздегі алатын орны жөнінде мағлұмат беру. «Табиғат және адамдар» бөлімінде адамның табиғатты бақылау әдіс-тәсілдері, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, бір-біріне әсері туралы білім беру қарастырылған. «Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар» бөлімінде біздің өлкедегі өсімдіктер, жануарлар, құстар түрлері, олардың тіршілігі туралы мағлұматтар беріледі. «Жасыл дәріхана» - дәрілік өсімдіктердің атаулары мен түрлері, олардың медициналық маңызы мен қолданылуымен танысады. «Аспан денелері» бөлімінде Күн, Ай, жұлдыздар, ғаламшарлар, ғарыш туралы қарапайым түсініктер беру қарастырылған. Осы бөлімдерді оқыту барысында күтілетін нәтиже:
  • Ақпаратты талдап, негізгілерді іріктеп, оларды салыстыруды үйренеді;
  • Мәселені дәлелдеу, түсіндіру немесе шешу үшін логикалық сараптауға, тұжырым айтуға үйренеді;
  • Қарастырылатын нысан немесе проблеманы барлық ықтимал жағдайларда және өзара байланыстыра қарауды біледі;
  • Ойша және іс жүзінде қарапайым эксперименттер жасауды үйренеді;
  • Күрделі мәселелерді шеше отырып, өз бетінше ізденуге, болжай білуге үйренеді;
  • Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренеді;
  • Зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді;
«Табиғат- біздің үйіміз» арнайы курсының апталық жүктеме сағаты: аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. Арнайы курс бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдеріне дүниетану пәні бойынша қосымша материал ретінде ұсынылады.





































Оқытылатын курстың мазмұны


4-сыныпқа арналған Табиғат - біздің үйіміз арнайы курсының бағдарламасы

















«Табиғат - біздің үйіміз» арнайы курсының күнтізбелік жоспары.

2012-2013 о.ж.

Р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мер-зімі

Жұмыс түрі

1.

2.

Кіріспе. ( 2 сағат)

Табиғат - тіршіліктің бесігі. Табиғаттағы тірі ағзалардың алуан түрлілігі және олардың өзара қарым-қатынасы.

Адамдардың табиғатта өзін ұстау мәдениеті. Табиғатқа жанашырлықпен қарау тағлымдары.


1




1

Сұхбаттасу

Сарамандық сабақ

1.

Табиғат және адамдар ( 11 сағат).

Ежелгі адамдардың табиғатқа тәуелді болуы.


1

Дәріс сабақ, сұхбаттасу

2.

Адамдардың табиғатқа үстемдік етуі қай кезден басталды? Табиғатсыз - өмір пұл.

1

Шығармашылық сабақ

3.

4.

Табиғат зоналары. Орманды - дала зонасы.

Шөл - шөлейтті зонасы.

1


1

Ізденіс сабақ

5.

Табиғат зоналарындағы қоректік тізбек.

1

Сарамандық сабақ

6.

Табиғаттағы тірі ағзалардың тепе - теңдігі.

1

сұхбаттасу

7.

Айналамызды қоршаған ауа, оның тіршілік үшін маңызы. Ауаны ластанудан қорғау.

1

Жобалау сабақ

8.

9.

10

11

Су - тіршілік мәні. Дүниежүзілік мұхит суы, ондағы тіршілік әлемі.

Мұхитты зерттеуге үлес қосқан саяхатшылар.

Табиғаттағы су қоймаларының түрлері. Суды ластанудан қорғау.

Жергілікті жердің су қоймалары, оларды тиімді пайдалану жолдары.

1


1



1



1

Картамен жұмыс

Қашықтықтан саяхат, картамен жұмыс

Сұхбат

Топсеруен

1.

Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар ( 10 сағат)

Туған өлкенің табиғат ерекшеліктері, табиғат ресурстары.



1

Сарамандық сабақ

(табиғат ресурсына баға беру)

2.

Туған өлкеде өсетін өсімдіктер, олардың жіктелуі.

1

Дәріс сабақ

3.

Туған өлкеге тән жануарлар өкілдері, олардың тіршілік ортасына қарай жіктелуі (жорғалаушылар, жабайы және жыртқыш аңдар және т.б.)

1

Ізденіс сабақ

4.

5

Жергілікті жерді мекен ететін құстар, олардың мекен етуіне қарай өзара айырмашылығы.

Қызыл кітапқа енгізілген жергілікті жердің құстарының өкілдері

1



1

Ізденіс сабақ

Аралас сабақ

6.

Адам өміріндегі өсімдік, құстар және жануарлардың маңызы.

1

Шығармашылық сабақ

7.

Адамның шаруашылық әрекетінің тірі ағзаларға тиетін кері әсері және оларды қорғау іс-шаралары.

1

Шығармашылық сабақ

8.

Тірі ағзалар арқылы ауа райын болжау дәстүрі.

1

Ізденіс сабақ

9.

Өсімдіктердің көбеюіндегі тірі ағзалардың маңызы.

1

Ізденіс сабақ

10

Жергілікті жердегі өсімдік шаруашылық қожалығы және онда өсірілетін көкөністер, олардың себілу мерзімі.

1

Шаруа қожалығы басшысымен кездесу, пікірлесу

Жасыл дәріхана. ( 5 сағат)


1.

Фитотерапия - медицина ғылымының ең ежелгі саласы.

1

Дәріс сабақ

2.

Фитотерапия негізін қалаушы кім болған?

1

Ізденіс сабақ

3.

Жергілікті жерге тән дәрілік өсімдіктер.

1

Зертханалық жұмыс

4.

Дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру әдістері.

1

Сарамандық жұмыс

5.

Жергілікті медицина қызметкерлерімен кездесу

1

Дәріс сабақ,

пікіралмасу

Аспан денелері. ( 6 сағат)


1.

Г.Галилейдің аспан денелерін зерттеуге қосқан үлесі.

1

Дәріс сабақ

2.

3.

Жұлдыз және шоқжұлдыздардың өзара айырмашылығы.

Телескоппен жұлдызды аспанды бақылау

1


1

Аралас сабақ

Сарамандық жұмыс

4.

Метеор, метеорит, комета, астероид

1

Сарамандық жұмыс

5.

Аспан денелерінің жорыққа шыққанда көкжиекті анықтаудағы маңызы.

1

Сарамандық жұмыс

6.

Аспан денелерінің орналасу ерекшелегіне қарай ауа райын болжауда ұлттық ырымдар

1

Ізденіс сабақ









































Курс бағдарламасының мазмұны.

4- сынып. ( барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан) Кіріспе. 2 сағат Курстың мақсат, міндеттерімен танысу. Курс арқылы табиғаттың біздің өміріміздегі алатын орны жөнінде мағлұмат беру. Табиғат - тіршіліктің бесігі. Табиғаттағы тірі ағзалардың алуан түрлілігі және олардың өзара қарым-қатынасы. Адамдардың табиғатта өзін ұстау мәдениеті. Табиғатқа жанашырлықпен қарау тағлымдарымен таныстыру. «Табиғат және адамдар» 11 сағат, бөлімінде адамның табиғатты бақылау әдіс-тәсілдері, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, бір-біріне әсері туралы білім беру қарастырылған. Ежелгі адамдардың табиғатқа тәуелді болуы, су - тіршілік мәні. Дүниежүзілік мұхит суы, ондағы тіршілік әлемі. Мұхитты зерттеуге үлес қосқан саяхатшылар. Табиғаттағы су қоймаларының түрлері. Суды ластанудан қорғау. Жергілікті жердің су қоймалары, оларды тиімді пайдалану жолдары туралы білім беру. Практикалық жұмыс: карта, глобуспен жұмыс. «Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар» 10 сағат. бөлімінде біздің өлкедегі өсімдіктер, жануарлар, құстар түрлері, олардың тіршілігі туралы мағлұматтар беріледі. Туған өлкенің табиғат ерекшеліктері, табиғат ресурстары, туған өлкеде өсетін өсімдіктер, олардың жіктелуі, туған өлкеге тән жануарлар өкілдері, олардың тіршілік ортасына қарай жіктелуі (жорғалаушылар, жабайы және жыртқыш аңдар және т.б.) туралы мағлұматтар жинау көзделген.

Сарамандық сабақ: табиғат ресурсына баға беру «Жасыл дәріхана» 5 сағат - дәрілік өсімдіктердің атаулары мен түрлері, олардың медициналық маңызы мен қолданылуымен танысады. Жергілікті жерге тән дәрілік өсімдіктер, дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру әдістерін үйренеді.. Практикалық жұмыс: итмұрыннан тұнба қайнатып көру.

«Аспан денелері» 6 сағат. бөлімінде Күн, Ай, жұлдыздар, метеор, метеоридтер туралы қарапайым түсініктер беру қарастырылған. Г.Галилейдің аспан денелерін зерттеуге қосқан үлесі, жұлдыз және шоқжұлдыздардың өзара айырмашылығы, аспан денелерінің жорыққа шыққанда көкжиекті анықтаудағы маңызы, аспан денелерінің орналасу ерекшелегіне қарай ауа райын болжауда ұлттық ырымдар туралы оқып біледі. Практикалық жұмыс: Телескоппен жұлдызды аспанды бақылау.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


4- сынып оқушылары: - Табиғаттың адамға, адамның табиғатқа маңызын; - табиғат ресурстарының, судың адамға пайдасын; - жергілікті жердегі жануарлардың, құстардың, өсімдіктердің бір-бірімен байланысын; - Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Қызыл кітабының маңызын; - балдырлардың, мүктердің, қыналардың, қылқан жапырақтылардың,гүлді өсімдіктердің ерекше белгілерін; - адамның табиғатқа зиянды және пайдалы әсерлерін; - туған өлкенің табиғат ресурстары мен ерекшеліктерін; - дәрілік өсімдіктердің пайдасын; - адам ағзасының мүшелер жүйесін; - жер бедерінің формаларын; - Пайдалы қазбалардың қасиеттерін, пайдалану ерекшеліктерін; - Қазақстанның даму тарихынан алғашқы мәліметтерді білуі тиіс.
Оқушылар: - - Табиғаттың адамға, адамның табиғатқа маңызын сипаттау алуы; - табиғат ресурстарының, судың адамға пайдасын өмірмен байланыстыра отырып,сипаттай алуы; - жергілікті жердегі жануарлардың, құстардың, өсімдіктердің бір-бірімен байланысын ажырата алуы; - Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Қызыл кітабының маңызын; - балдырлардың, мүктердің, қыналардың, қылқан жапырақтылардың,гүлді өсімдіктердің ерекше белгілерін ажырата алуы; - адамның табиғатқа зиянды және пайдалы әсерлерін бақылаулар мен тәжірибелер негізіндесипаттай алуы; - туған өлкенің табиғат ресурстары мен ерекшеліктерін бақылай алуы; - дәрілік өсімдіктердің пайдасын білуі; - адам ағзасының мүшелер жүйесін ажырата алуы; - жер бедерінің формаларын ажырата алуы; - Пайдалы қазбалардың қасиеттерін, пайдалану ерекшеліктерін картадан пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтай алуы; - Қазақстанның даму тарихынан алғашқы мәліметтерді әңгімелей алуы тиіс.


Курстың құралдары:

интерактивті тақта, электронды оқулықтар, дүниетанудан қызықты тапсырмалар жинағы, тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттер, гербарий, дәрілік шөптесін өсімдіктер топтамасы, телескоп, аспан денелеріне байланысты суреттер, карта.

Сабақ түрлерінің сипаты:

Сұхбаттасу - оқушылармен әңгіме жүргізу;

Сарамандық - зерттеу, талдау;

Дәріс - жаңа тақырыпты хабарлама жасау арқылы игерту;

Шығармашылық - оқушының сабаққа байланысты өздігінен атқарған жұмысы;

Ізденіс - оқушы берілген материалға байланысты қосымша ақпарат дайындау;

Жобалау - оқушыға берілген материалға байланысты өзінің жобасын дайындау;

Қашықтықтан саяхат - картамен жұмыстар атқару;

Аралас сабақ - сабақ түрлерінің бір неше түрін қолдану.




4-сыныпқа арналған Табиғат - біздің үйіміз арнайы курсының бағдарламасы



4-сыныпқа арналған Табиғат - біздің үйіміз арнайы курсының бағдарламасы



Қолданылған әдебиеттер

1. Қозыбаев М.Қ., Мусинов А.О. «Ол кім, бұл не?» төменгі класс оқушыларына арналған энцеклопедия. 3 томдық - Алматы.

2. Сичкарь «Большой Атлас животных» - Алматы кітап 2002ж.

3. Кирилинская Л.В. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» - «Атамұра корпорациясы».

4. Әбдіманов Б.Ш., Прищепина А.В., Фокина Л.М., Абулғазиева А.У. Жаратылыстану 5 класс - Алматы «Атамұра», 2005ж.

© 2010-2022