Еңбекке баулу Сыйлықтық қобдиша (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекке баулу Сыйлықтық қобдиша (3 сынып)Еңбекке баулу Сыйлықтық қобдиша (3 сынып)Еңбекке баулу Сыйлықтық қобдиша (3 сынып)Күні: 18.11.2015 жыл

Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтық қобдиша

Сабақтың мақсаты:Берілген өлшем бойынша циркульді дұрыс пайдаланып,шеңбер сызуды, шеңбер ішіне үшбұрыш салу тәсілін үйрету; шеңбер бөліктерінқұрастыру арқылы қобдиша жасау тәсілін меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сыйлықтық қобдиша жасауға үйрету.

  2. Өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

  3. Қауіпсіз жұмыс жасай білуге үйрете отырып ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.

Сабақтың оқыту технологиясы:

Көрнекіліктер: Суреттер,слайдтар.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3мин

Психологиялық дайындық

Топқа жинау.

Үй тапсырмасын тексеру.

2 мин

Циркуль көмегімен шеңбер сызу және қию.

Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Білу

Ауызша орындау

3 мин

Қобдишаны қатырғықағаздан жасайды. Пайдалануға қажетсіз ашықхаттардан да жасауға болады.Қобдишаның дайын үлгісіне қарай отырып оқушылар олардың дөңгелектерден құрастырылғанын анықтайды.Оқушылардан осы дөңгелектерді қалай біріктіруге болатыны сұралады.Оқушылар өз нұсқауларын айтады.

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа жинақталады.

Шеңбер -шеңбер бөліктерін құрастыру арқылы қобдиша жасайды.

Үшбұрыш - үшбұрыш пішінді қобдиша жасайды.

Шаршы -шаршы пішінді қобдиша жасайды.

Тіктөртбұрыш - тәрізді қобдиша жасайды.

Сарамандық жұмыс

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатырғықағаздың бетіне R= 4 см тең шеңберлер сызып дайындайды. Қатырғықағазды үнемі пайдалан.

2. Шеңбердің дәл ортасына сызғышты қой. Ортаңғы нүкте арқылы шеңбер сызығы бойынан астыңғы және үстіңгі нүктені белгіле.

3. Астыңғы нүктеге циркульдің инесін қадай отырып, шеңбердің оң және сол жағынан нүкте белгілеп ал.Циркульдің радиус өлшемін өзгертіп алма.

4.Белгіленген нүктелерді бір біріне түзу сызықпен қос, сонда үшбұрыш пайда болады.Қалған оң шеңберді де осылай сызып дайында.

5. Дайын болған шеңберді сызық бойымен қиып ал.

6.Шеңбер ішінде сызылған үшбұрышты сақтай отырып, шеңбердің жан жағын ішке қарай бүкте.

7.Шеңбердің бүктелген жандарын бір біріне желімдеп, қағаз қыстырғышпен бекіт.Қобдишаның жарты бөлігі дайын болды. Екінші бөлігін де дәл осылай дайында. Желім кепкеннен кейін, қағаз қыстырғышты алып таста.

Сергіту сәті

2 мин

Ән әуеніне билеу

Қимыл қозғалыс арқылы жасайды

Талдау

8 мин

  1. топ Шеңбер

  2. топ Үшбұрыш

  3. топ Шаршы

  4. топ Тіктөртбұрыш

Оқушылар тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

Ойын

5 мин

Допты бір біріне беру арқылы мақал - мәтел айтады.

Ойынды ойнайды.

Үйге тапсырма

4мин

Бағалау

Мұғалім топтардың тапсырманы орындау барысында іс әрекеттерін ескеріп, мадақтайды.

Бүгінгі тақырып бойынша өз ұсыныстарын айтады.





Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі




















Пән мұғалімі: Утепова Ф.О.






Сарыкемер - 2015



© 2010-2022