Өзін - өзі тану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№201 орта мектебінің Өзін-өзі тану
пәнінің мұғалімі
Ибраева Ләйла ЖәмиқызыӨзін - өзі тану



Өзін - өзі тану


Бабалар сөзі - даналық көзі

(3 сыныпқа арналған "Өзін - өзі тану" сабағының жоспары)
Құндылық: Балаларға "даналық", "ақиқат" құндылығы туралы айтылады

Қасиеттер:

- Даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастырады,
- Ой- қабілеттерін дамытады;

- ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелейді;

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, ойлауын дамытады, ойын еркін жеткізе білуге үйретеді.

Міндеті:"даналық"- асыл сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер арқылы әдептілікке жаксы адам болып өмір сүруге жетелейді.

Ресурстар: интерактивті тақта, бейне таспа, үнтаспа.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі;

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің ойыңызды, әр сезіміңізді, тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп кұшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарайды. Аяқтарыңыө нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын...". Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

(оқушылар пікірлерін айтады)

Дәйексөз.

Әдептілікті данадан үйрен. Халық даналығы Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты; ұрпақтан - ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер Атадан балаға мирас болып қала береді.

Мұғалім ангімесі Асан ата қа сақалын тарамдап, балаларына өсиет айтты: - Балам, Абай атаның әрбір сөзін жаттап ал,- деді ол немересіне. - Ақынның ақыл берер сөзін ойға тоқып, жаттап ал, балам. - Абай бабамның өлеңдерін жатқа білемін,- деп Ғалымбек атасына күлімдей қарады. - Абайда "бес асыл іс" деген сөз бар. Оның мәнісін айтшы, балам ? - Білемін, ата. Ол - талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Мұғалім сұрақ қоюы: Терең ой, қанағат, рақым, сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер ? Балалардың жауаптары тыңдалады.

  1. Ата, қазақша "Азға - қанағат, көпке - салауат" деген мақал бар, оның мәні неде ? деп Ғалымбек сұрақ қойды.
  2. "Азға - қанағат" деген сөз "аз да болса, бар нәрсені бағала" деген мәнді білдіреді,- деп ата немересіне елжірей қарап, жауап берді.
Мұғалім: "Ақыл - жастан" дегенді қалай түсінесіңдер ? Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер ? Балалардың жаауаптары тыңдалады. - Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар. "Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады" деп Абай атамыз айтқандай, даналардың әр сөзін көңілге тоқып, өмірде пайдалана біліңдер. Шығармашылық жұмыс 1 топ - Нені білу парыз ? - Туған жерді сүю-парыз, Сүю үшін білу-парыз...
2 топ - Дүниеде не қымбат ? - Әлпештеген анам қымбат, Еркелеткен атам қымбат... Отанды қорғау-парыз, Күзетінде тұру-парыз. Білім берген ұстаз қымбат, Ақыл берген досым қымбат.

Оқушылардың ойы толықтырылады - Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жерді, Отанды, туған-туысты, табиғатты үю - ол біздің парызымыз. - Ата-бабалардың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, сүйіспенгшілікке баулаиды. "Адамзаттың сан ғасырлық жинақтаған білімі мен тәжірибесі даналық деп аталады. Даналық адамның өмірде дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді". М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазу. Дер кезінде тамақтан, Кешікпей кел . . . Оқуда зейінді бол, . . . бейімді бол
Топпен ән айту Алтын сөз Н.Айтов Ұсақ болма, ірі бол! Өз ортаңның гүлі бол! Ата - анаңның көзінің, Сөнбейтұғын нұры бол!Кім болсаңда әйтеуір, Азаматтың бірі бол! Туған елдің гүлі бол! Ойға тоқы, парқын сез, Ата сөзі - алтын сөз. Үйге тапсырма: Бірлігі жарасқан халықпыз (оқып, түсініп келу. Даналық нақыл сөздер іздеу)


© 2010-2022