Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 89-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Жеміс жинау» ойыны. Ойынның шарты: тақтаға екі ілінеді. Жемістерді жалаң немесе жайылма сөйлемдерге сәкестендіріп жинау керек.

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 91-жаттығу Сөйлемдерді оқу, Сөйлемдегі байланысты анықтау үшін алдымен сөйлемнің тұрлауылы мүшелерінің байланысын жазу керек. Содан кейін сұрақтар қою арқылы байланысты анықтауға болады. Білгішбектің атқандарын есте сақтау, талдау мысалдар келтіру. 92-жаттығуда жаңылтпашты оқытып, оның құрамындағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. Байланыс сызбаларын арқылы сұрақ қойып, өзара байланысқан сөз жұптарын ата. (Шешей қайтты? Шешей көседі. Нені көседі? Отты көседі. Немен көседі? Көсеумен көседі.) 93-жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу.





Бота

Әділдің түйесі боталады. Бота сүп-сүйкімді. Әсіресе ботаның көзі әдемі-ақ. Балалар ботаға қатты қызықты. Ботаны сипалап, қасынан кетпей қойды.

Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету. ҮІ.Бекіту:95-жаттығуда берілген ребусты шешу, табылған сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. (Шаңғы) Қыста балалар шаңғымен сырғанайды. Сөйлемдегі байланысты табу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 94-жаттығу 101- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022