Классный час на тему: Ұлттық ойындар

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Жануарлардың көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылығы: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың адңан білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.
Түрі. Ауызша сабақ-2
Технология «БжС»

Ауызша - 2 сабақ картасы
1 кезең
Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсатты айту
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
Тірек сөздерді іздеу
Жады
ҚҚС
Тесттік жұмыс
ТСҚ
Көшбасшыға сөз
Жылдамдық жаттықтыруы
V-. Жануарлар, бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.

Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.

2 кезең
Оқушылардың субъектті іс-тәжірибесін өзектендіру
Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір-ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін дайындап қояды.

3 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
Жануарлар, бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.


4 кезең
Ұғынуды ұйымдасыру
Қарама -қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « - » алған оқушыларға көңіл бөлу.

Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Жануарлар тіршілік ету үшін не қажет?
2. Қандай жан-жануарларды білесің?
3. Сүтқоректілерге не жатады?
4. Қандай құстарды білесің?
5. Қандай жорғалаушыларды білесің?
6. Бунақденелілерге не жатады?
7. Бунақденелілер қайда өмір сүреді?
8. Бейімділік деген не?
9. Төрт түлікке не жатады?
10. Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
11. Жан-жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
12. Үй жануарларына не жатады?
13. Ең күшті жануар не?
14. Жан-жануарлар қалай қоректенеді?
15. Қандай жануар балды жақсы көреді?
16. Жер бетінде жануалардың қанша түрі бар?
17. Омыртқасыз жануарлар деп қандай жануарларды айтамыз?
18. Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады?
19. Бақа, жылан қандай жануарларға жатады?
20. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылық бар?
21. Қандай жыртқыш жануарларды білесің?
22. Жәндіктерге не жатады?
23. Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді?
24. Құстар неше топқа бөлінеді?
25. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
26. Бунақденелілер қалай көбейеді?
27. Жәндіктер немен қоректенеді?
28. Балықтың қандай түрлерін білесің?
29. Жануарларды қалай бағып күтесің?
30. Қандай бауырмен жорғалаушыларды білесің?


5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін-бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі:
1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады.
2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады.
3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса.
4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.

6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ- ның пайызы есептеледі.

Түйсіну
4-5 белгі-5 ұпай
3 белгі-4 ұпай
2 белгі-3 ұпай
1 белгі-2 ұпай

Қорытынды
Сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс

Үй тапсырмасы
4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады


© 2010-2022