«Төрт түлік кеңесі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Тажмуратова Жанна

Әдебиеттік оқу

2 сынып

Тақырыбы: Төрт түлік кеңесі

Мақсаты: 1.Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктерін,пайдасы туралы білімдерін кеңейту.Ізденушілік,қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер,әңгімелер,тақпақтар айтқызып білімдерін толықтыру.

2.Оқушылардың сөйлеу шеберлігін,ой-өрістерін дамыту,мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

3.Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау,жинақтау

Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтел,оқулық

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушының зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу,таныстыру

1-топ. Қошақандар 3-топ. Құлыншақтар

2-топ. Бұзауқандар 4-топ. Ботақандар

Үй тапсырмасын тексеру

«Түйе» мәнерлеп оқу, сұрақтар бойынша қорыту.

  1. Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?

  2. Түйенің шудасы туралы не айтасындар?

  3. Түйенің пайдасы қандай?

Сызба арқылы түйе жүнінен,сүтінен,терісінен жасалатынын заттарды көрсету.

Жаңа сабақ

«Мал-баққанға бітеді» дейді дана халқымыз.Ата кәсібі-балаға мұра. Олай болса, дастарқанда ақ мол болуы үшін малды күту, бағу-біздің міндетіміз. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған халқымыз. Мінсе-көлік, тұтынса бұйым да осы мал болған. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым-жанымнын садағасы, жаным-арымның садағасы» деген ата-бабаларымыз.

Оқулықпен жұмыс

«Төрт түліктің кеңесі» мәтінді оқып, түсіндіру. Мәтінді топ оқушыларына рөлге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жазу.

Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні

1.Тұрмыс жағдайы төмен адам

Қоры үзілген қу

2.Еңбекқор адам

Шаруа қуған бас

3.Батыл,өжет адам

Найза ұстаған ер

4.Шаруасы жақсы,бай адам

Ел ішіндегі зор

Мәтіндегі суреттерге зер салып, қай түлік қай жерді қалайтынын айт.

Мәтіндегі тіркестерді пайдалан

«Төрт түлік кеңесі»«Төрт түлік кеңесі»Қой: Күнгейлі қара тасты Сиыр: Қалың қорыс нуды

«Төрт түлік кеңесі»Жылқы: Бетегелі белді «Төрт түлік кеңесі» Түйе: Жалмаң құлақты сорды

Сергіту сәті

Тіршілікке нәр берген,

Өміріне сән берген

Түйе,сиыр,жылқы,қой,

Қасиетті төрт түлік

Қастерлеп оны қазағым,

Өлеңге қосып әндеткен.

1-тапсырма

Әр топтан бір оқушы әр түліктің ерекшеліктері, маңызы туралы мағлұмат беру.

2-тапсырма

Әр топ басшыларына сұрақтар беру.

1-топ. Қошақандар

  1. Қойды жасына қарай қалай атайды?

Жауабы: Қозы,марқа,тоқты,тұсақ,ісек,азбан,қой

  1. Қойдың терісінен нелер дайындайды?

Жауабы: Күзгі терісінен-тон, қысқы терісінен тұлып тігеді.

2-топ. Бұзауқандар

  1. Сиыр сүтінен жасалатын тағамдарды ата.

Жауабы: Сиырдың сүтінен қаймақ,май,құрт,сүзбе,ірімшік дайындайды.

  1. Жасына қарай сиыр қалай аталады?

Жауабы: Бұзау,баспақ, торпақ,тана,дөнежін,сиыр.

3-топ. Құлыншақтар

  1. Жылқы сүті қалай аталады?

Жауабы: Жылқы сүті қымыз деп аталады.

  1. Жылқы жасына қарай қалай аталады?

Жауабы: Құлын, жабағы,жай құнан,дөнен,ат.

4-топ. Ботақандар

  1. Түйені жасына қарай қалай атайды?

Жауабы: Бота,тайлақ,інген,атан,бура.

  1. Түйенің сүті қалай аталады?

Жауабы: Түйе сүті шұбат немесе қымыран деп аталады.

3-тапсырма

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

1.Мал өсірсең қой өсір,_________________

2.Қойдың іші береке,________________

3.Түйе баласы_______________

4.Түйе байлық,_______________

5.Ер қанаты-_______________

6.Ат шаппайды _______________

4-тапсырма

1-топ. Эссе жазу. Төрт түліктің пайдасы

2-топ. Жұмбақты аяқтау, шешімін табу

1.Туа салып жүріп кеткен,

_____________________ (құлын)

2.Кішкентай ғана бойы бар,

______________________ (қой)

3.Екі айнасы бар,

_____________ (сиыр)

3-топ.

Төрт түлік пірлерін ата.

Түйе атасы-Ойсылқара

Жылқы атасы-Қамбарата

Сиыр атасы-Зеңгібаба

Қой атасы-Шопаната

Ешкі атасы-Сексеката

4-топ. Тыйым сөздер айту.

1.Мал төлдеп жатқанда, ешкімге мал бермейді, сатпайды, айырбастамайды.

2.Малдың басынан ұрма!

3.Түнде мал санамайды.

4.Мал сатқанда оны ноқтасымен, бас жібімен бермейді, әйтпесе малдың басы кемиді.

Қорытынды. Сонымен, төрт түлікқандай жерді, қандай кісіні қалайды екен.

Венн диаграммасы арқылы түйе мен жылқының ерекшеліктерін салыстыру.

Жылқы Түйе

«Төрт түлік кеңесі»«Төрт түлік кеңесі»«Төрт түлік кеңесі»

Төрт түлік

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.Мәтінді оқып, түсінік айту. Мақал-мәтелдер жазып,жаттау.

© 2010-2022