Білімді мыңды жығар! Сабақтаң тыс іс-шара

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Куандыкова Асия Жетыспаевна

Зеленобор мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:Білімді мыңды жығар.

Мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау.Өзін-өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сұрақтар

Барысы

1.Кіріспе сөз: Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Білімнің жанкүйерлері!
Бүгін біз білімнің қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау

үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
2,Ережемен таныстыру:

Бас ойыншылар:1.Ахметжанова Диана

2.Дукенбаева Тамирис

3.Капарова Махаббат

4.Кадырова Жасмина

Сыныпта:15ойыншы

Сұрақтар: 1-3 /1бал/ ,4-6 /2бал/,7-9/3бал/

1-ші ойыншының сұрақтары.

1-ші кезең

1.Үш аптада қанша күн бар?

а) 7күн б)21күн в)3күн

2. 1 жарым сағат қанша минутты құрайды?

а) 90минут б) 60минут в) 1минут

3.Жылдың қай мезгілінде Наурыз тойын тойлаймыз?

а)қыста б) көктемде в) жазда

2-ші кезең

Бұл кезенде мынадай көмектер ұсынылады.

Бірдің пікірі

Көптің пікірі

Сұраққа жауап бермеу.

4. «Геометрия» деген сөз нені білдіреді?

а) су өлшеу б) жер өлшеу в) биікті өлшеу

5. Адамды адам еткен ... .

а) білім б) еңбек в) ой

6. «Абай жолы» романың жазған кім?

а) Мұхтар Әуезов б) Абай Құнанбаев в) Мұхтар Шаханов

3-ші кезең

7. Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?
а)қозғалыс б)қорғаныш в)тірек

8. Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды. Ол Жер айналасын

108 минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат жіне неше минутқа созылды? (1 сағат 48 минут)
а) 48 сағат 1 минут б) 1сағат 8 минут в) 1 сағат 48 минут

1-ші кезең

1.Қайсы айда ең аз күн бар?

а) ақпан б)мамыр в)шілде

2. Шешеннің сөзі - мерген,

Шебердің ... - мерген.

а) қолы б) тілі в) көзі

3. Бір жылда неше ай бар?

а) 12 б) 30 в) 7

2-ші кезең

Бұл кезенде мынадай көмектер ұсынылады.

Бірдің пікірі

Көптің пікірі

Сұраққа жауап бермеу.

4. Екі жағы нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі.

а) кесінді б) түзу в) сәуле

5. Қазақстандағы мәдени мұра.

а) Мысыр пирамидасы

б) Тянь Шань шыршалары

в) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

6. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемің қалай табамыз?

а) Барлық қабырғаларының ұзындығын қосамыз.

б) Ұзындығын,енін, биіктігін бірі-біріне көбейтеміз

в) Ұзындығын еніне көбейтеміз.

3-ші кезең

7. Жұлын адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?
а) баста б) омыртқада в) қолда

8. Наурыз, сәуір және мамыр - көктем айлары. Көктемде неше күн барын сана.

а) 90 б) 31 в) 30

1-ші кезең

1.Бал жинайтын жәндік.

а) құмырсқа б)аю в)ара

2. Етістік қандай сұраққа жауап береді?

а) кім? не? б) не істеді? не қылды? қайтті?в) неше? Нешінші?

3. Қызғылт түсті жұмсақ метал.

а) күміс б) мыс в) алтын

2-ші кезең

Бұл кезенде мынадай көмектер ұсынылады.

Бірдің пікірі

Көптің пікірі

Сұраққа жауап бермеу.

4. Қобыланды батырдың сәйгүлігі.

а) Тарлан б) Тайбұрыл в) Құлагер

5. Вавилондағы аспалы бақ.

а) Артемида б) Сирамида в) Хеопс

6. Су қандай температурада қайнайды?

а) 0° С - тан төмен б) 0° С - тан жоғары в) 100°С-та

3-ші кезең

7. Көзге пайдалы түс.
а) сары б) қоңыр в) жасыл

8. Ұзындығы 10 м жіпті әрқайсысы 2 м болатын бөліктерге бөлу қажет. Сонда жіпті неше рет қию керек?
а) 4 метрден 2 рет б) 2 метрден 4 рет в) 5 метрден 2 рет

1-ші кезең

1.Көкжиектің негізгі төрт тұсын анықтауға арналған құрал қалай аталады?

а) циркуль б)құбылнама в)термометр

2. Қазақстандағы ең үлкен теңіз қалай аталады?

а) Арал б) Балқаш в) Каспий

3. Біз қай планетада өмір сүреміз?

а) күн б) ай в) жер

2-ші кезең

Бұл кезенде мынадай көмектер ұсынылады.

Бірдің пікірі

Көптің пікірі

Сұраққа жауап бермеу.

4. «Дарабоз» романы қай батыр туралы.

а) Қобыланды б) Қабанбай в) Алпамыс

5. 9-дың квадраты нешеге тең?

а) 18 б) 9 в) 81

6. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а) нү1-ші кезең

кте б) үтір в) сызқша

3-ші кезең

7. Жапалақ жемін қай кезде аулайды?
а) күндіз б) түнде в) түсте
8. Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Сәуле неше қаз балапанын өсірді?
а) 18 б) 8 в) 32

Қорытынды:

Сайыста женген жеңімпаздарды марапаттау.

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!

© 2010-2022