А - Ә жұп дауыстылар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларА - Ә жұп дауыстыларРысбаева Рахия Саденовна



Сабақытың тақырыбы: А - ә жұп дауыстылар

Сабақтың мақсаты: «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин

а) а-ә жұп дауысты дыбыстарының дыбысталуы меңгерту, сөз ішінде қолдана білу.

ә) ауызша сөйлеу дағдысы мен жазба тілдерін жетілдіру, оқушылардың ой өрісін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.

б) еңбекті сүюге, еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданатын әдістер: Интерактивті тақта, Ы.Алтынсарин суреті,сәйкес тесті.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

  • Оқушыларды ана тілі сабағына дайындау.

  • Бүгінгі күнді жазу.

  • Каллиграфиялық жұмыс. Бб Екі байланыстан тұратын Б бас әрпі және кіші әрпі.

ІІ Сөздік диктант

Қарға, сауысқан, нар, тоқылдақ,шағала, шіл, аққу, құр.

ІІІ Тірек білімді қайталау.

1.Дыбыс 1.б, р, н, к, қ, т ....

2.Әріп 2. А, о, ө, ү, ұ, е, ы, і

3.Дауыссыз 3.жазамыз, көреміз

4.Жуан дауысты 4.айтамыз, естиміз

5.Жіңішке дауысты 5.а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү

6.Жұп дауыстылар 6.а, о, ұ, ы

7.Дауысты дыбыстар 7. ә, е, ө, ү, і

Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды атайық Нар - Нәр

Кестемен жұмыс жасау.

Сергіту сәті.

IV Мағынаны тану

Балалар мен сендерге бір әңгімеден үзінді оқимын. Сендер тыңдап отырыңдар. Бұл әңгіме қалай аталады?

Біо кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отырып ақыл айтты.

  • Балам, дүниедегі жаратылған жәндік - жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатынын болмайды деп.

  • Бұл әңгіме қалай аталады? Кімнің әңгімесі?

Ы.Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Орынборда қазақ балалары үшін ең алғаш мектеп ашқан. Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушы педагогі жазушы. Оның балаларға арнап жазған әңгімелері көп.

1.Бір уыс мақта

2.Асыл шөп

3.Түлкі мен ешкі

4.Әке мен бала

5. Баланың айласы

6.Зеректілік

7.Таза бұлан

8.Өрмекші. Құмырсқа.Қарлығаш

Мәтінді тұтас оқимын.

Әңгіме ұнады ма? Қандай кейіпкерлер бар екен.

Сөздік жұмысы

Бірталай - біраз

Манағы - бағанағы

Мәтінді тізбекті оқыту.

Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың түсінгенін байқау.

  1. Әкесі мен баласы егіннен келе жатып нені көріп қалды.

  2. Әкесі баласына не деді?

  3. Баласы не деп жауап берді

  4. Әкесінің әрекеті жайлы айтайық. Әкесі тағаны пайдаға асырды ма?

  5. Баланың әрекеті

  6. Әкесі тоқтатып не дейді әкесінің сөзі

  7. Есіне мықтап салған әкесінің сөзі

  • Бала ескі тағаны алғысы келмеді, өйткені....

  • Бала әкесінен нені сұрап алып жей алмады. Себебі......

  • Ал мен сол баланың орнында болсам,....

Мәтінге басқа қандай тақырып қояр едіңдер?

Осы әңгімедегі баланың қасиеттеріне тоқталайық. Адамның бойында жағымды, жағымсыз қасиеттер болады. Баланың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар.

Жағымды Жағымсыз

тілалғыш еріншек

еңбекқор жалқау

Олай болса осы еріншек, жалқаулық туралы мақал оқы.

Бүгін сабақта жақсы қатысып еңбек еткен балаларды айтатын уақыт жетті.

Бағалау.

Сендерде бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. «Еңбек бәрін жеңбек» деген мақалмен сабақты аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: Әке мен бала түсінік айту.

49 - жаттығу жазу

© 2010-2022