Конспект Бағдаршам - сенің сенімді серігің

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бағдаршам- сенің сенімді серігің.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жүргіншінің жолда ,көшеде жүру тәртібі жайында мағұлмат беру. Бағдаршам және көше белгілерімен таныстыру. 2.Есте сақтау, қабілеттерін дамыту. 3.Тәртіптілікке, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, көше белгілері интерактивті тақта,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу

-Сыныпта оқушылар түгел ме? Кезекші :

-Апай, Дымбілместен басқасы түгел.

-Кім біледі,Дымбілмес қайда?

Осы кезде асығып-үсігіп Дымбілмес кіреді. Дымбілмес:

- Апай, кіруге бола ма?

- Ой, тамаша, машиналар қандай көп. Мен машинаға қағылып қала жаздадым жолда машиналар көп екен.1-слайд

Мұғалім: Ал, Дымбілмес,оқушылар бізде бүгін «Бағдаршам- сенің сенімді серігің» атты ашық тәрбие сағаты, бұл тәрбие сағатында сендерге жүргіншінің жолда, көшеде жүру тәртібі жайында мағұлматты өз беттеріңмен оқып үйрену тапсырылған болатын,сол оқып үйренгендерімізді ортаға салайық бір-бірімізге білгенімізді айтайық және оны толықтырайық .

-Ал Дымбілмес сен көшеде жүру туралы білемісің?

Дымбілмес: Иә, білемін.

Мұғалім: Білсең айта ғой, жақын келіп қалған машинадан қалай өту керек?

Дымбілмес :Жүгіріп жолды кесіп өту керек.

Мұғалім:Дұрыс па, балалар?

Балалар: Әй, Дымбілмес ,сенің бұның дұрыс емес.

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар.Ал енді Дымбілмеске көмектесіп жіберейік, әйтпесе Дымбілмес бір күні машина астына түсіп қалуы мүмкін.Ол үшін балалар өзіміз не білуіміз қажет?

Балалар: Көше тәртібін.

Мұғалім: Дұрыс ,балалар ! Ендеше,Дымбілмес сен дұрыс ұғып ал. Қазір біздің балалар көшеде жүру туралы айтып береді.

1-оқушы :Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.

2- оқушы :Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп -тұруына кедергі жасайды,Жұмысшылар жұмысқа , оқушылар сабаққа кешігеді.

3-оқушы: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машина көрсең , күте тұр.Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

4-оқушы :Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл,өтетін жер тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

2-слайд.

5-оқушы :Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар.Адамдар жүргіншілер жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағына жүруге тырысу керек.

6-оқушы: Көшеден өтпес бұрын солға қара,егер жолдың жүретін бөлігі бос болса ,онда өте бер ,жолдың ортасына жеткенде , тоқта, егер көлік келе жатса « қауіпсіздік» аралында күте тұр, енді оңға қара ,егер жүретін жол бос болса онда өте бер. 3-слайд.

Мұғалім: Балалар , жол бойының қозғалысын не реттейді?

Оқушы :: Жол бойының қозғалысын бағдаршам реттеп тұрады.4-слайд.

Бағдаршамның үш көзі болып киінген үш оқушы шығады. Ақбота, Дана, Әсел.

Мұғалім : Қане, балалар жұмбақ шешіп көрейік .

Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам. Бұл кім ?

Оқушы :: Жол инспекторы.

Мұғалім: Оқушылар машина жолға ойнауға , велосипед тебуге бола ма?

Оқушылар: Жоқ болмайды.

Мұғалім: Қайда ойнау керек , кім айтады?

Оқушы : Аулада, ойын алаңдарында ,спорт алаңдарында стадтондарда ойнау керек.

Мұғалім: Дұрыс , балалар .5-слайд.

Мұғалім: Балалар біз бұлардан басқа тағы нені білуіміз керек ?

Оқушылар: Көшедегі жол белгілерін білуіміз керек.

Белгілерді көрсете тұрып ,

1. Оқушы : к: Қып-қызыл үшбұрыш ескертубелгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп ,сәт-сапар жолдаған. 6-слайд

2. Оқушы : Қызылмен боялған шеңберім аумақты, Тиымшыл белгімін,қаталмын салмақты,

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа. 7-слайд.

3. Оқушы : Белгілік көрсетер,жылдамдық бағыттты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол шартымды міндетті орында! 8-с

4- Оқушы : :Баратын жеріңнің бағытын тұрағын Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын,

Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төртбұрыш шырағым 9-слайд.

5 Оқушы :: Бұл белгі мектептердің және балалар парктерінің жанына қойылады. Жүргізушілер бұл жерде өте сақ болуы тиіс.10-слайд

6. Оқушы :: Бұл белгілер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдарында темір жол бар екенін ескертеді.11-слайд

7. Оқушы : Бұл белгі алдында жол қиылысы бар екенін ескертеді 12-слайд

8. Оқушы ::Бұл белгі жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат береді және жаяу жүргіншілер жолы деп аталады.

13-слайд

Қортынды: Бағдаршам мен Инспектор қызметкері ортаға шығады..

Бағдаршам :Үлкен-кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал

Көше заңы тым қатты

Сақ болыңдар ,балалар

Инспектор: Қай көше қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен -кіші баршамызға.

Екеуі қосылып: Жол тәртібін білейік

Аман- есен жүрейік.

Мұғалім: Ал, Дымбілмес, сен бүгінгі сабақта не білдің ? Бағдаршам деген не?

Дымбілмес:Бағдаршам -жол бойының қозғалысын реттеуші құрылғы.

Мұғалім: Жарайсың, Дымбілмес ендігі жерде көше тәртібін сақтап жүр.

Дымбілмес: Рахмет ,балалар сендердің арқаларыңда мен көптеген мағұлмат алдым,алдағы уақытта оны өз керегіме жарататын боламын.

Мұғалім:Жақсы ,оқушылар бүгін сендер өздеріңнің көше тәртібі, жол ережесін қаншалықты білетіндеріңді ортаға салдыңдар,сабаққа өте жақсы қатынастыңдар Қазір біздің ауылымызда үлкен көшелер болмағанымен болашақта сендер мектеп бітіргеннен кейін үлкен қалаларға барасыңдар сол кездерде осы алған білімдеріңді басшылыққа ала отырып әрі қарай дамытып оны өз керектеріңе жарататын боласыңдар.

Бүгінгі 4-сынып оқушыларының « Бағдаршам-сенің сенімді серігің» атты тәрбие сағаты аяқталды.

.

.

© 2010-2022