Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Мақсаты: Ертеңгіліктің мақсаты мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмысының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой- өрісін кеңейту, ойын дамыту. Балаларды бауырмалдыққа, отансүйгіштікке,достыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, гүлдер, қанатты сөздер,суреттер.

Өткізілетін орын: Мультимедия кабинеті

Барысы:

  1. Ұйымдастыру ( жыл мезгілі, апта күндері, бүгін қандай күн)

  2. Кіріспе сөз.

  3. Менің Отаным Қазақстан.

  4. Менің отбасым.

  5. Ойнаймыз, ойлаймыз

  6. Біріншіге барамыз

  7. Не білдік? Не үйрендік?

8. Құттықтау сөз.

Тәрбиеші:- Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бүгінгі мектепалды даярлық тобының «Біз мектепке барамыз»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім тәрбие алып, әріптерді, сандарды үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, 1- сыныпқа қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілігімізді бастайық.

  1. Махаббат: Армысыздар, мұғалімдер қымбатты

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты!

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді

Балалардың қылықтары тым тәтті.

  1. Әмір: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Тұр алаңсыз балғын шақты балалар.

1-кезең: Менің Отаным Қазақстан.( слайд көрсету)

Тәрбиеші: - Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстан.

  • Біздің облысымыз қалай аталады?

  • Солтүстік Қазақстан.

  • Ауданымыз қалай аталады?

  • Айыртау ауданы.

Ауылымыз қалай аталады?

  • Сырымбет.

  • Қазақстан- тәуелсіз мемлекет, желбіреген көк байрағы, айбынды Елтаңбасы, асқақтаған Әнұраны бар.

  • Әнұранды орындау.

  • Қазақстан Республикасының туы тік бұрышты, көгілдір мата.Тудың ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі бейнеленген.Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған.

Махаббат: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілді

Ортада аспан әлемі.

Бәрі: Отан- деген атамекен

Отан- деген туған жер

2-кезең: Менің отбасым.( балалардың өз отбасы туралы слайд көрсету)

-Қане, әр бала өз отбасы туралы айтып өтеді.

Махаббат: Мамаларды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Ақтілек: Атам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын

Су құямын гүлге де

Дүкенге де барамын.

Батыр: Менің әжем, ақ әжем Аялаймыз ананы

Ұл мен қыздың бағы әжем Құрметтейміз бағамыз

Ертегі айтып бер десең Сіздер үшін аналар

Айтып берер тағы әжем Шырқап әнге саламыз.

Айбек ;Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс.

Ән: Ақ мамам! Барлығы айтады.

  1. кезең:Ойнаймыз, ойлаймыз!

  • Тура және кері санау. 1 ден- 20 дейін.

  • Ойын « КӨРШІСІН ТАП»

  • Ауызша есептер шығару. ( Әмірде 2 алма болды 1- ін жеп қойды Әмірде неше алма қалды?) Есептер таратып беру. Тақтамен жұмыс.

  • Сауат ашудан тапсырмалар.

  • Әріптерді айту. Айбек шығады.

  • Дауысты және дауыссыз дыбысты атау.

  • Мектеп, оқушы,бала,кітап, буынға бөліп сөйлем құрау.

  • Сөздерді, сөйлемдерді оқу.

  • Б- барыс

  • А-алма

  • Л-лақ

  • А-ара

  • П-піл

  • А-аю

  • Н-нан

Жұмбақтар шешу. Суреттен сө йлем құрау.

Сергіту сәті: Мектебін мынау класын,осында он жыл тұрасын. Тарыдай боп кіресің, таудай боп шығасың.

4-кезең: Біріншіге барамыз.

Махаббат:Міне, мен де

Үлкен болдым

Жасым толды 6-ға

Кітаптағы сөздерді

Енді оқимын шетінен.

Әмір: Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе

Әліппені аламыз

Біріншіге барамыз.

Батыр: Мен кішкентай баламын.

Әлі-ақ өсіп толамын.

Елін,жерін қорғайтын

Ер азамат боламын

Ақтілек:Мектеп қамқор анамыз.

Оқып білім аламыз

Өнерпаз болып өсетін

Біріншіге барамыз

Айбек: Біз бүлдіршін баламыз

Өсіп оймен санамыз

Өмірге жол саламыз

Біріншіге барамыз.

Ән: Біз мектепке барамыз.

  1. кезең: Не білдік? Не үйрендік?

Махаббат. Оқуды , жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды үйрендік.

Батыр: Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, жерімізді , еліміздіге жақсылық жасауға үйрендік.

Ақтілек . Адал азамат,оқымысты ғалым, елін,жерін сүйетін нағыз адам болуды үйрендік.

Әмір: Әріптерді үйреткен,мұғалімге мың алғыс.

Ақтілек, Батыр, Махаббат, Ақтілек, Батыр, тақпақтарын айтады.

Ән: Ойыншықтар.

Ән: Бала тілегі.

Бәрі: Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды өзіңе қайтарамын.

  • Мектепке мың алғыс,мектепке бас иеміз.

  • Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ата-аналарға құттықтау сөзі.

© 2010-2022