Сөйлем. 2 сыныпқа арналған

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі

Сөйлем. 2 сыныпқа арналған

Тақырыбы: Сөйлем

Өткізген : Катешова Н.Т.

Сөйлем. 2 сыныпқа арналған


Тақырыбы: Сөйлем. 2 сынып. Қазақ тілі. Бастауыш сынып мұғалімі: Катешова Н.Т

1 кезең

«Көпір»

тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

  1. Адамға сөйлем не үшін қажет?

Өзара қарым-қатынас жасау үшін, ойын білдіру үшін

Сөйлем арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, хабар береді, білмегенін сұрайды, кеңеседі, көңіл - күйін сездіртеді.

2 кезең Жаңа тақырыптар бойынша тапсырмалар

Теориясы «Білу» (Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді

2. Сөйлемнің соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылады

3. Сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті түрлері болады.

Тапсырманы орында:

Хабарлы сөйлем құра

Лепті сөйлем құра

Сұраулы сөйлем құра

Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)

2Сөйлем. 2 сыныпқа арналған19 - жаттығу: Қайсысы сөйлем. Неліктен?

Шекара, шекарашы, Шекарашылар күзетте тұрады.

ел, қорғайды, күзет, олар, Олар еліміздің шекарасын қорғайды.

тұрады.

Себебі, сөйлем аяқталған ойды білдіреді және сөздерден құралады.

Сөйлемнің түрлерін анықта.

Мен сабақ оқыдым. Хабарлы сөйлем

Қазақстан жасасын! Лепті сөйлем

Сен гүлге су құйдың ба? Сұраулы сөйлем

Теориясы «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз.)

Венн диаграммасын толтыр:

Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы

Сөйлем. 2 сыныпқа арналғанСөйлем. 2 сыныпқа арналғанСөйлем. 2 сыныпқа арналған

Тақырыптың басты идеясын жаз:

Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (,), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

Теориясы «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б түрінде)

Сөйлем туралы білгеніңді жинақта:

Сөйлем. 2 сыныпқа арналған

222 жаттығу:

Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгілеріне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?

Практикасы «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)

Сөйлем түрлерін өзіне тиісті тыныс белгілеріне сәйкестендір:

Зарема сен қашан келдің нүкте

Айбол тапсырма орындап отыр леп белгісі

Ұлжан есеп шығарды сұрақ белгісі

Ауа райы қандай тамаша нүкте

Алақай, әжем келді сұрақ белгісі

Далада жаңбыр жауып тұр ма леп белгісі

Практикасы «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сұрақтарға Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:

  1. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем құрап жаз.

  2. Сөйлемдер неліктен солай аталады?

  3. 229-жаттығу

Жоспар бойынша әңгіме құра. Құрамында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болуы керек.

Жоспар:

  1. Жалғыз басты әже.

  2. Кішкентай қамқоршылар.

  3. Балалардың әжейге көмегі.

  4. Мереке күндері.

  5. Әжейдің алғысы.

3 -кезең Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

1 - деңгей (5 балл)

Теориясы «Білу» (Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

Сұрақтарға жауап бер:

1. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің ерекшелігін айт

Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіреді.

2. Сөйлем неден құралады?

Сөйлем сөздерден құралады?

3. Сөйлемнің соңына не қойылады?

Сөйлемнің соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылады.

4. Мысалдар келтір, дәлелде.

Практикасы «Қолдану» (Қарапайым тапсырма)

232- жаттығу. Мына жайттарды білу үшін сөйлемдер құра.

- сабақтың басталатын уақытын;

- Асқардың сабаққа кешігу себебін;

- сыныптағы кезекшінің есімін;

- қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын.

2 - деңгей (5 балл+4 балл = 9 балл )

Теориясы «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Сұрақтарға жауап бере отырып, түсіндір:

  1. Сөйлем нені білдіреді? Аяқталған ойды

  2. Олар айтылу мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? Үш түрге

  3. Неге үш түрге бөлінеді? Айтылу мақсатына қарай

  4. Адамға сөйлем не үшін қажет? Өзара қарым-қатынас жасау үшін, ойын білдіру үшін

Сөйлем арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі, хабар береді, білмегенін сұрайды, кеңеседі, көңіл - күйін сездіртеді.

Теориясы «Талдау» (Салыстыр. Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?) Тақырыптың басты идеясын жаз.

Венн диаграммасын толтыр:

Ұқсастығы: Айырмашылығы:

Барлығы сөйлемдер 1. Хабарлы сөйлем - бірдеңенің жайын хабарлау

Аяқталған ойды білдіреді. мақсатымен айтылады

2. Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен

айтылады.

3. Лепті сөйлем - адамның көңіл-күйін, сезімін

білдіреді.

Тақырыптың басты идеясын бөліп шығар:

Практикасы «Қолдану» (2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

1 тапсырма

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер құрап жаз.

2 тапсырма

241 жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.

3-деңгей (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы «Жинақтау» (Қорытынды шығаруға бағытталған; Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б)

Сөзжұмбақты шеш:

  1. Сөйлем нені білдіреді?

2. Сөйлемнің неше түрі бар?

3. Нүкте қандай сөйлемнен соң қойылады?

4. Леп белгісі қандай сөйлемнен кейін қойылады?

5. Сұрау белгісі қандай сөйлемнен кейін қойылады

1

2

3

4

5


Практикасы «Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:

Адам үшін сөйлем, сөйлемнің түрлері не үшін керек:

Менің ойымша: бірденеңі хабаралау, сұрау, адамның көңіл-күйін білу, өз көңіл-күйін сездірту үшін керек.


© 2010-2022