Сынып сағаты Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз.

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтел.
1. Тақырып мазмұнын ашу. (Сұрақ -жауап түрінде)

- Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы -бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау -ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.


1.Денім сау болсын десең -тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2.Тістеріңізді тазалап жүріңдер, себебі ол пәктікке жатады.
3. Аптасына 1 рет толық жуынып, 2-3 рет душ қабылдау адамды сергітеді.

4.Адамға қарап жөтеліп,түшкірме, бұл ауа арқылы берілетін аурулардан сақтайды және әдепсіздіктің белгісі

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық-зорбайлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір-денсаулықтың кепілі»

2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

ІІ Кластер құру.

Денсаулық салауаттылық сөздеріне синонимдік қатар, мағыналас сөздер тауып, айту
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1-топ:

1. Д…… і (дәрі)
2. д…ру…н (дәрумен)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2-топ:

1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

IV. «Тәрбиекөзі - халықта». Екі топ денсаулықтуралымақал - мәтелжазыпжарысады.
V. Шығармашылықтапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып өлең жолдарын құру
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді.

1-оқушы:

Жұмысқа жау-арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.

VI Бекіту:

Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг«Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деген жазумен ортаға тақтаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып жазылған жолақ қағаздарды жан-жағына қойып, күн сәулесінің шұғыла шашып тұрған бейнесін көрсетеді,шеңбер құрайды.

Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.



© 2010-2022