Математикадан сабақ жоспары 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикадан сабақ жоспары 3 сынып

3-сынып. Математика

Тақырыбы: Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу 78:26 ,88:44

Мақсаты: 1. екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін қарастыру

2. Логикалық ой-өрісін дамыту

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: СТО, ОЖӘТ, АКТ, ТДОЖ, ОК, ОүБ

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, дидактикалық ойынға арналған заттар,

ББҮ кестесі, «Саяхат» ойынына қажет паровоз, вагондар.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:Топқа геометриялық фигуралар арқылы бөліну,бір-төрт таңбалы сандар, разрядтарды еске түсіру.Ынтымақтастық атмсферасын құруға ниеттену.Топ басшысын сайлау. Сөздің бастапқы әріптерімен «Біз бүгін қандаймыз?» ұранын ойластыру.(бәрін білеміз- біргеміз, ойланамыз,оқымыстымыз, есепке жүйрікпіз, мықтымыз)

Сабаққа дайындық:

  1. «Сұрақты қағып ал»-көбейту кестесін қайталау,

  2. «Кім жылдам?»-логикалық, лездеме сұрақтар

II Үй тапсырмасын тексеру

Топ басшысын топтағы үй тапсырмасының орындалуын бақылайды, жұптағылар жауаптарын тексереді.

III Білімді тексеру кезеңі: Қандай есептерді шығарып жүрміз?-Бір таңбалы сандарға көбейту, бөлу. (әр тапсырма орындау арқылы вагондарды жалғап, саяхатқа дайындалу)

  1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту,бөлу

224:2 969:3 846:2 693:3- топтық жұмыс: Көбейту , бөлу тәсілдерін түсіндіре отырып, есепті шығару. Шапалақ, ым арқылы бағалап отыру.

2. Флипчартпен жұмыс-«Тиісті санды қой»-бағдаршам бағалауы

Білемін кестесіне жазу

2. «Домино» ойыны -өткенді қайталау, соңғы тапсырма-78:13

IV Мақсатын қою кезеңі: 78:13 - мәселенің туындауы, оны шешу жолдарын қарстыру, ұсыну, тиімдісін таңдау. «Білгім келеді» кестесін толтыру.

Тақырыбын,мақсатын өз беттерінше айту: Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу -78:26 ,88:44

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Электронды оқулық арқылы түсіндіріледі.

1 Екі таңбалы сан екі таңбалы санға неғұрлым тиімді жолмен бөлуге негізделеді. Көбейту кестесін еске түсіре отырып, есептеу.

Мұнда «сынап көру» тәсілі жетілдіре пайдалынылады.

Сыналуға тиісті сан бөлінгіштің және бөлгіштің соңғы цифрларына байланысты алуға тиісті сан іріктеледі.

78:26 және 88:44 түсіндіру

2. Сергіту сәті: «Қара жорға»-бейнетаспасы арқылы

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау-«Өрмекші» ойыны ( топтардың араласа, бірлесе жұмыс жасауы). Бағдаршаммен топ жұмысын бағалау.

№ 2 Дәптермен жұмыс-«Өзім білем». Сигналдармен белгі беру-өз жұмысын бағалау

VII Бекіту кезеңі:

Топтарға постер қорғату: 75:25, 75:15, 84:12-шешу жолдарын түсіндіру.

2 жұлдыз, 1 тілек-кері байланыс

Қорытындылау.Үйрендім кестесін толтыру

VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:

1. 52-бет №5

2. Бағалау: Топ басшысының бағалауы, өздерін бағалау





№2 Ертіс жалпы білім беру мектебі

Математикадан ашық сабақтың тақырыбы:

«Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу»

Өткізген: Бейсенбаева Н.Е.

Сынып: 3 «А»



Ертіс ауылы-2015

© 2010-2022