Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Ана тілі Күздің кереметі (3-сынып)Сабақтың тақырыбы: Ә.Табылды. Күздің кереметі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға қоғам қайраткері Ә.Табылды туралы мағлұматпен таныстыра отырып, күз байлығымен, көкөніс түрлерін таныстыру арқылы, мәтін мағынасын толық түсінуге мүмкіндік жасау.

  2. Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету.

  3. Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету. Табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ә.Табылды суреті, күз суреті, жыл мезгілдері атты альбомдар, дәнді-дақылдар, т.б.

Сабақтың барысы. Қызығушылықты ояту.

Ә.Табылды 1926 жылы 2 қаңтарды Жамбыл обл. туылған

Педагогика ғылымдарының докторы

Ұстаз-ғалым

Ақын

Жазушы

-Балалар, тақтадан кімді көріп отырсындар?

-Ә.Табылды жайлы не білесіндер?

Шығармаларын атау («Ғажайып бақ», «Бәрекелді кірпі», «Қой бағу оңай ма?»)

Күздің кереметі

І. Сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгімеден бастау

а) Жыл мезгілдерін, күн, айларды, оқу жылы қайдан басталатынын айту. Алтын күз деп аталатынын айқындап, күз кереметімен таныстыру.

ә) Суреттермен жұмыс жасау. (күз суреттері)

Күз деген байлық, молшылық деген сөздермен нақтыланады.

ІІ. Негізгі мәтінмен жұмыс

а) Мәтінді мәнерлеп оқып шығу.

ә) Сөздік жұмысы жүргізіледі

б) Мәтін оқушыларға бөліп-бөліп оқытылады.

Күз кереметін ашу үшін оқушыларды қатыстырып жоспар құрылады.

Сұрақтары.

1.Күз кереметтері

2.Күз байлығы

3.Машиналарға не тиеледі?

4.Омар атай кімдерді қонаққа шықырды?

5.Дартарқанға қандай тамақтар қойылды?

Оқушы сұрақ-жауап арқыры күз байлығын түсінуге мүмкіндік алады.

ІІІ. Мәтін мазмұнын толығымен жеке оқушыларға әңгімелетемін.

ІV. Оқушы сабақты қаншалықты түсінгенін байқау үшін сабақты өмірмен байланыстыра отырып, ата-аналарының еңбегін мысалға келтіру.

Күз Мол өнім алатын кезең.Себебі күзде барлық өсімдіктер пісіп жетіледі.

Қысқа дайындық кезеңі. Себебі адамдар да жануарлар да қысқа

дайындалады.

Ойын

Жемістер мен көкөністерді ажырату (Алма, жуа, қарбыз, өрік, жүзім, асқабақ, қызанақ, алмұрт)

Оқушылардан жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтар сұрау.

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)

Дәптермен жұмыс.

5 жолды өлең

  1. Зат есім: алма

  2. Сын есім: қызыл, тәтті

  3. Етістік: өседі, піседі, қызырады

  4. Сөйлем: Мен алма сатып алдым.

  5. Синоним: жеміс.

Күз тақырыбына байланысты оқушылардың білімін тексеру үшін ойын қолдану.

Күз

Жаңбыр

Жел

Қараша

Қазан

Қыркүйек

Білім күні

Ұстаздар күні

Жиын-терім

1.Қазір жылдың қай мезгілі? 3.Күз айларын ата?

2.Күз белгілері 4.Мереке күндері

5.Күздегі жұмыстар

Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту және күз мезгілінің суретін салу.

Мұнайлы ауданы

№3 орта мектеп

Тақырыбы:

Күздің кереметі

Орындаған: Нурмухаммедова А.С.

2014 ж

© 2010-2022