Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талғар ауданы «МЖДШО» бар № 17 жалпы білім беретін мектебі

ҚАЗАҚ ТІЛІ 2 сынып «Мағынасы жуық сөздер»



Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер



Бастауыш сынып мұғалімі : Жубанышева Н. И.

қазақ тілі 2 сынып

Сабақ тақырыбы: Мағынасы жуық сөздер Сабақ мақсаты: білімділік:оқушыларға мағынасы жуық сөздер туралы түсіндіріп, білімдерін кеңейту; мәтіннен мағынасы жуық сөздерді тауып, басқа сөзбен ауыстыруға үйрету. дамытушылық: өз ойын жеткізулерін, тақырыпқа байланысты сұрақ қоя білулерін қалыптастыру; өзгелердің сөзін тыңдауға және түсіне білуге шақыру;

тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, топтық жұмыста өз ара келісіп бірлесіп жұмыс атқаруға шақыру; Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, кластерлермен жұмыс, бес жол өлең құрастыру, үлестірмелі карточкалармен жұмыс, өз-өзін бағалау. Сабақ көрнекілігі: оқулық, моноблок, кластерлер, суреттер, үлестірмелі карточкалар, ребустар. Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы: 1. « Ой ашар» Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесіп алайық, Сабақты біз бастайық. Жақсы оқып, білім ап, Саналы білім алайық. -Балалар, мына слайдқа назар аударыңдар. Сабағымыз сәтті өту үшін әр оқушының бойында қандай қасиет болу керек? Сендерге қажет емес сөзді атайық. (слайдта ұқыптылық, зейінділік, алғырлық, жалқаулық, белсенділік, еріншектік сөздері көрсетіледі) Топтың атын топ басшылары қалаған ребусты алып, оның шешуін табады. Ребустың шешуіндегі сөздермен топтары аталады. 2. Өткен сабақты қайталау Ойын « Кім жылдам?» Берілген сөздердің жанына қарама қарсы сөзді тауып, жапсыру керек. ( топтық ойын) Жылдам және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. Таза-... жылы-.... арзан-..... жақсы-..... күн-..... оң жақ-.... қараңғы- алыс-.... биік--..... үлкен-...... жуан- .... ақ-... - Балалар, осы ойында сендер мағынасы қандай сөздер туралы қайталадыңдар? -Дұрыс, мағынасы қарама қарсы сөздер туралы білетінімізді еске түсірдік.

Күннің ретін жазу. Көркем жазу Қ қ әріптерін жазу, «Құрылыс» тақырыбына сөздер жазу ( құм, саз, цемент, ағаш, кірпіш т.б)

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. - Балалар, тақтадағы сөздерге назар аударыңдар. Жұмыс, еңбек, жылады, өкірді, әдемі , сұлу. Осы сөздерді сөз таптары бойынша біріктірейік.

Заттың аты.

Заттың сыны.

Заттың қимылы

жұмыс

әдемі

жылады

еңбек

сұлу

өкірді

-Бірінші топта қай сөздерді біріктірдік? Бұл сөздердің мағынасы ұқсас па? - Ендеше , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

-Бүгінгі сабақта не үйренуіміз керек? Алдарыңдағы сызбаларыңды толтырыңдар. Білемін Білгім келеді Білдім

1.Мағынасы ұқсас сөздерді

1.Мағынасы жуық сөздердің ерекшелігі.

2.Мағынасы жуық сөздер не үшін керек?

4. «Ой шақыру» Жаңа тақырып

1) Мұғалімнің түсіндіруі -Балалар, біздің жерімізді қорғаған батырларды атайық. -Дұрыс, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Бөгенбай батыр. -Ендеше, олар қандай болған? -Қайсар, батыл болған. Бұл сөздердің мағынасы ұқсас, мағынасы жуық сөздер. (слайд) -Батырлардың ер қанаттары- тұлпарлары болған. - Батырлардың тұлпарларын есімізге түсірейік. -Дұрыс, Құлагер, Тайбурыл, Қарагер. - Батырлардың тұлпарлары қандай болған? - Жылдам, жүйрік болған. (слайд) -Бұл сөздердің мағыналары ұқсас, мағынасы жуық сөздер. - Батырларды шығарып салып, күтіп отыратын жарлары болған. - Олар қандай болған? (слайд) -Батырлардың жарлары әдемі, сұлу, көркем болған. - Бұл сөздердің мағынасы ұқсас, мағынасы жуық сөздер. -Батырлар алыс жолға шығатын . Алыс сөзін қандай мағынасы жуық сөзбен ауыстырсақ болады? ( қашық) (слайд) - Ендеше , біз жаңа қандай сөздерді атадық? -Дұрыс мағынасы жуық сөздер. 2) Оқулықпен жұмыс 89-90 бет 242 жаттығу ( ауызша) «Сары балапан» өлеңін мәнерлеп оқу. (слайд) Мағынасы жуық сөздерді атау. ( қорқақ, үркек) 243 жаттығу (жазбаша) Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазу. алыс, қашық зәулім, биік әдемі, сұлу, көркем батыр, қайсар, батыл 244 жаттығу (жазбаша) Ізденіс әдісін пайдаланып, мәнедес сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бөлек топтап, жұптастырып жазады. (Сыныптың шкафтарына дұрыс жауаптарды жапсырып қою керек, оқушылар қызығып өздерінің тапсырмасына сәйкес сөздерді жазады.) Сергіту сәті Бағымдағы алма ағаш, Тербеледі желменен . Иілді ол оңға бір, иілді ол солға бір. Бұтақтарын тербеді жоғарыға , төменге. Алға қарай созды да. Жел басылды бір кезде, Алма ағашым ұйықтады лезде. 5. «Ой толғаныс» - Балалар, мағынасы жуық сөздерді білдік. Ал , мағынасы жуық сөздер не үшін керек білеміз бе? -Бұл сұраққа жауап беру үшін 245 жаттығудағы мысалға назар аударайық. ( оқушыларға рөлге бөліп оқытқызу) ( слайд) - Ірі деген сөзді мағынасы жуық қандай сөзбен ауыстырсақ болады? ( үлкен, дәу). - Ендеше , мағынасы жуық сөздер біздің әңгімемізге, шығармаларымызға , тіл байлығымызға әсер етеді.

Тест ( жұптық, өз ара тексеру жұмыс)

Оқушының аты- жөні--------------------------------------------------------

Мағынасы жуық сөздерді тап

1.қашық

А) алыс ә) жақын

2.биік

А) аласа ә) зәулім

3.майда

А) ірі ә) ұсақ

4. батыр

А) қорқақ ә) қайсар

5.шыдамды

А) шыдамсыз ә) төзімді

6.көңілді

А) кызық ә)көңілсіз

7.жалқау

А) еріншек ә) еңбекқор

8.өшіру

А) сөндіру ә) жағу

Бағасы:8-7 дұрыс жауап - «5» 6-5 дұрыс жауап - «4» 4-3 дұрыс жауап - «3» Шығармашылық жұмыс: 1-ші топ «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөздерді қатыстырып бес жол өлең құрастырады. 2-ші топ «Тұлпар» сөзіне мағынасы жуық сөздерді қатыстырып бес жол өлең құрастырады. 3-ші топ «Ханшайым» сөзіне мағынасы жуық сөздерді қатыстырып бес жол өлең құрастырады. 6. Бағалау Белсенді оқушылар аталып, бағаланады. Тест жұмыстарын дайын жауаптар-мен тексеріп оқушылар бірін-бірі бағалайды. Үй жұмысы: 246 жаттығу «Қария» атты тақырыбына әңгіме құрастыру

7. Рефлексия

Жаңа тақырыпты

жақсы түсіндім

Түсінбеген

жерлерім бар

Ешнәрсе түсін

бедім

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер

Урок по казахскому языку для 2 класса Мағынасы жуық сөздер



© 2010-2022