Математика пәні бойынша Амалдарды орындау

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Амалдарды орындау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Амалдардарды орындау ережесін бекіту, топтық, жұптық және жекелеген тапсырмалар орындау.
2. Дамытушылығы: Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: интеграциялық, ойын сабақ

Көрнекіліктер: таратпа материалдар, Қазақстан қалаларынан көрініс (слайд), ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жүрек жылуын беру (жүрекке тілек айтып,сыныптағы ұнаған адамға беру)

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

(Кенет есік қағылып, біреу сыр сандық тастап кетеді)

-Балалар мына сыр сандық ашылмайды оны қалай ашамыз?

Экранға кітап оқыған оқушының суреті шығады.Оқушылар бұл Қартқожа екенін айтады.

Балалар, Қартқожа сендерге көмекке келіпті, ол сыр сандық тек жұмбақ сөзді тапсақ қана ашылатыны жайлы айтты.

- Балалар кілт сөзді саяхатқа шығып табамыз.

. Ендеше табайық.

2. Өткенді қайталау

Ауызша есептеу

10+1 12+1 1+1 11+2 5+5

8+2 1-1 5-5 7-2 10-5
Көркем жазу жолы.

- Балалар ендеше Алматы қаласына жеткенше дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық. Жаңа сабақты бастайық.

- Балалар сонымен Алматы қаламызға да жеттік. (Экраннан Алматы қаласының әдемі ғимараттары
шығады.
Балалар, орнымызға жайғассақ келесі баратын қалаларымыздың қозғалыс бағытын табайық.. Қай топ қозғалыс бағытын бірінші табады екен
(Кім жылдам? ойыны)

Алматы

(11-10)

4

Атырау

(13-10)

5

Түркістан

(10-8)

1

Көкшетау

(10-6)

3

Астана

(15-10)

2

Кенеттен «Шибұт, Қарынбас, Қылмойын» ертегісінің кейіпкерлері шығады.)Олар кілт сөздің жартысын оңайлықпен бергілері келмейді.
-Балалар ертегіде үшеуі не істемекші болды?(Тоқтыны ұрлап, жемекші болды)
Тапсырмасы: Жайлаудағы тоқтыларды жинап беру.
(Ойын «Тоқтыларды жинау»)
20 мен 10-дің айырмасына 8-ді қос.
50мен 30-дың айырмасына 7-ні қос.
50 мен 10 - дің айырмасына 4-ті қос.
40 пен 20-ның айырмасынан 2-ні азайт.
(Оқушыларға кілт сөздің бірінші бөлігі беріледі)
- Енді келесі қала Түркістан қаласына назар аударайық,бұл көне қалалардың бірі.
(Кенет «Ұр, торпақ» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)
Құс есектің тапсырмасы:
«Эстафеталық жарыс» Қай топ жылдам, әрі зерек екен?

Салыстыр <,>,=
1онд 0бірл * 1онд 0бірл
2онд * 1бірл
3онд 0 бірл * 1онд 0бірл
8бірл * 1онд

Ұр, торпақ оңайлықпен кілт сөзді бергісі келмейді, оның бөлек тапсырмасы бар екен.
Алдымен уақыт өлшемдерін қайталап алайық:
1сағ-60мин, 1тәул-24сағ, 1апта-7күн, 1ай-4апта; 30-31күн, 1жыл-12ай;
365күн, 1мүшел-12жыл, 1ғасыр-100жыл
Өздік жұмысы.
3. Сергіту сәті.
Теңіз жағалауындағы толқынның дыбысы жығады.
Балалар біз Атырау қаласына жеттік.(Кенет «Аңқау арыстан» ертегісіндегі арыстан шыға келеді.)
Балалар арыстанның да сендерге айтар тапсырмасы: Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңін қимылмен айтсын дейді.
-Балалар, қане қарайықшы, Көкшетау қандай әсем мекен. (Экраннан «Қасқыр мен түлкі» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)
-Оқушылар ертегі неден басталып еді? (Жолбарыс сырқаттанып қалады)
Түлкінің тапсырмасы: Жолбарысқа емдік шөпті жинап берейік.

Математика пәні бойынша Амалдарды орындауМатематика пәні бойынша Амалдарды орындауМатематика пәні бойынша Амалдарды орындауМатематика пәні бойынша Амалдарды орындау
Қасқырдың тапсырмасы:
(Есепті оқушылар оқиды, шартын құрады)
1-ыдыста - 2л
2-ыдыста - 5л ?
Шешуі: 2+5=7(л) - шырын
Жауабы: екі ыдыста 7литр шырын
4. Қорытынды. Бекіту.
Соңғы қала Астана қаласына жеттік.
Тапсырма: Берілген ғимарат қандай фигуралардан құралған?
Жануарлар қай пәтерде тұратынын тап.

Математика пәні бойынша Амалдарды орындау

Математика пәні бойынша Амалдарды орындау
Жұмбақ сөз:
Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
5. Бағалау
Сыр сандық ашылады, оқушыларға сыйлықтар таратылады.


© 2010-2022