Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп



Математика

1 сынып


Әріпті өрнектерді салыстыру

(есептемей салыстыру)


өткізген Еспенбетова Зағира





Қызылорда

Тақырыбы:Әріпті өрнектерді салыстыру

(есептемей салыстыру)

Мақсаты:

-білімділік:әріпті өрнектер туралы түсінігін кеңейте түсу,әріпті өрнектерді есептемей салыстыруға үйрету, «артады», «кемиді» ұғымдарын енгізу;

-дамытушылық:қосу,азайту амалдарының компоненттерін талдай білу машығын арттыру,10 көлеміндегі кестелік қосу,азайтуға қатысты төрттік мысал құрастыру дағдысын жетілдіру;

-тәрбиелік:көркем жазуға баулу,қалыптан тыс ойлауға үйрету,табиғатты сүюге,аялай білуге тәрбиелеу.

Қолданылған құрал-жабдықтар:интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Көркем жазу 2 2 2 2 2 2 2

III.Ой ширату

а) 3+2 2+3 6-5 10-8 4+5 8-6 1+8 9-7 6+4 3+7 10-8

8-2 а+7=8 8-а=2 3+а=9 +1+3=6 7++1=8

ә)3-ті 5-ке арттыр, 8-ді 2-ге кеміт, 6-ны 3-ке кеміт, 6-ны 3-ке арттыр.

IV.-Сүйінші деген не? Сүйінші қай кезде сұралады? Олай болса тақтаға қарайық..

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып

-Құстар бізден сүйінші сұрай келіпті.Олардың бізге ала келген тапсырмалары бар екен.Орындаймыз ба? Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып =

А)- «Көктем» сөзі мен 2+4=6 өрнегінің арасында қандай байланыс бар? 2 дауысты+4 дауыссыз=6 дыбыс(әріп)

-Қосудағы сандар қалай аталады? 2 қосылғыш ,4 қосылғыш,

6 қосындының мәні.

В)Берілген сөздердің көктемге қатысы туралы сұралады.

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып

Дауысты,дауыссыз дыбыстарға қатысты өрнектер құралып,мәні табылады.

Найзағай 8-3=5 азайғыш ,азайтқыш, айырманың мәні аталады.

Сиыр а+с 2+2, Ұя а-с 2-1, Нөсер а-в 5-2.

V.Оқулықпен жұмыс

1-мысал

Қосылғыш 3 3 3 3 3 3 3

Қосылғыш 1 2 3 4 5 6 7

Қосындының мәні 4 5 6 7 8 9 10

«Қосылғыштардың бірін арттырғанда қосындының мәні де артады»деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 9 9 9 9 9 9 9

Азайтқыш 1 2 3 4 5 6 7

Айырманың мәні 8 7 6 5 4 3 2

«Азайтқыш артса айырманың мәні кемиді» деген қорытынды жасалады.

Азайғыш 4 5 6 7 8 9 10

Азайтқыш 2 2 2 2 2 2 2

Айырманың мәні 2 3 4 5 6 7 8

«Азайғыш артса айырманың мәні де артады» деген қорытынды жасалады.

VI.Жаңа тақырыпты түсіндіру

3+4 >4+2 бұл санды өрнектер

3+а > а+2 әріпті өрнектің мәні белгісіз болса да белгілі қосылғышқа қарап салыстырамыз 3>2, демек, 3+а артық

7-3 < 7-2

d-2 > d-3 себебі азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді

VII.Бекіту

2-мысал

а < а+3 с+3 = 3+с с+1 < с+2

b < b-3 5- c < 10-c a-1 > a-2

7.Ертеде әріптер мен сандар араз болыпты.Олар үнемі айтысып жүреді екен. «Біз болмасақ санау ,қосу, азайту болмас еді»,-деп мақтанады сандар.Ал әріптер болса: «Біз болмасақ жазу,оқу болмас еді»-деп таласады.

Бір күні 3 саны мен З әрпі бірін -бірі көріп таң қалады.Қалай ойлайсыңдар?Олар неге таң қалды? (Олар бір-біріне ұқсайды)

Сол күннен бастап олар дос болып кетеді.Содан соң басқалары да достасады.Бәрі бірігіп «төрттік мысал» деген ойынды ойлап тауыпты.

8. Ендеше біз де сол ойынды ойнайық

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып


-Сағат сөзінде 2 дауысты, 3 дауыссыз -барлығы 5 дыбыс.

«Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.Қосуды азайтумен тексереді» деген ережелер пысықталады.



Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып


Жолбарыстың баласын шөнжік деп атайды.Біліп жүріңдер.


Шөнжік 2+4 4+2 6-2 6-4 Бұлт 1+3 3+1 4-1 4-3 Өрмекші 3+4 4+3 7-3 7-4

9.Өзіндік жұмыс(4-мысал 90-сабақ)

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып


10.Көгершіннің тапсырмасы

«Мен осы үйлердің шатырында тұрамын.Үйдің тұрғындары кілттерін шатастырып алыпты.Көмектесейік»

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып


-Мәні бірдей өрнектерді сызық арқылы қос

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып


11.Көгершін ризашылығын білдіреді


Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып



12.Электрондық оқулық тапсырмалары орындалады

№ 4 № 3 № 6

13.Қорытындылау

14.Бағалау,мадақтау

15.Үйге тапсырма беріледі,кері есеп құрастыру тәсілі түсіндіріледі

Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру 1 сынып

8

© 2010-2022