Ерлік бар жерде-тірлік бар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Ерлік көрсеткен қазақстандықтар
Көрнекілік: Слайдтар, буклеттер

Сабақтың барысы

Мұғалім: 1941 жылдың маусым айының 22 - сі таңғы, сағат 4 -те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса -көктеп кірді.Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.

1.Герман елшісі соғыс басталғанын 1941 жылғы 22 маусым таңғы 7 -де ресми түрде мәлімдеді.

2.Халқымыз адам айтқысыз қиын -қыстау кезеңге кез болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Мұғалім: Тарихи деректерге қарағанда ,1941 - 45 жылда 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. 158 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың ішінде қыздар да болды.

Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова - Шығыс қыздарыан тұңғыш рет Совет Одағының Батыры атағын алды.

1941 жылдың маусымы

Күндердің аса қиыны

Тарқатты елдің базарын,

Соқты да соғыс қарқыны.

Орманды көкпен таласқан,

Өртеді өмір адасқан.

Қан жоса боп қара жер,

Қақырап түсті көк аспан.

Қанға бөлеп сұм соғыс,

Боздақтарды жалмады.

Жүректі қозғап бұлқыныс,

Ерлер елін қорғады.

Намыс керек әр іске,

Қайраттың жақсы болғаны.

Бабалар жетіп жеңіске,

Бейбітшілік орнады.

ӘН: Ақ көгершін

Бақытты бүгін бәрі де,

Ет жүрек кетті елжіреп.

Шалқып бір жатты дүние,

Жеңістің туы желбіреп.

Намысты қолдап барлығы,

Ағалар жаудан кек алды.

Төсінде жұлдыз жарқырап,

Батыр боп елге оралды.

Фашистің үні кілт өшіп,

Жауыздың үні тұншықты.

Аспаннан қара бұлт көшіп,

Жарқырап күліп күн шықты.

Арқадан ыстық күн өтіп,

Қыртысын жердің қопарды.

Ағалар тыңды түлетіп,

Белді бір диқан боп алды.

12. Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне.

Ұрпақтары қаһарман бабалардың,

Тәуелсіздік қамалын көрдік міне.

Сендердің замандарың тыныш, әрқашан аспандарың ашық болсын! Көк туымыз желбіреп, еліміз көркейе берсін!

ӘН: « Көк ту»

Қорытындылау.

Назигул Токтарова

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай аудан

Ойшілі






© 2010-2022