Конспект для уроков

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
№ 47 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Құлмұратова Гүлдана Аманалықызы, Ақтөбе қаласы

Тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау».
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Барысы: -Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын. Сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі. (денсаулық)

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.

- Олай болса, дұрыс тамақтану ережелері туралы, айтып беру үшін дәрігер кеңесіне назар аударайық.

- Міне балалар, біз дәрігерден көп нәрсе білдік. Солай ма?

Ендеше денсаулық туралы балалардың өлеңдерін тыңдайық.

Айя:

Ең тиімдісі 4 рет тамақтану:

Таңертеңгілік - құнарлы тамақ,

Түске дейінгі - жеңіл тамақ,

Түс кезіндегі - күшті тамақ,

Және кешкі - жеңіл тамақ.

Жасұлан:

Мезгілсіз жүріп күн бойы,

Мерзімнен тамақ ішпесе,

Демалыс жоқ күнде ойын,

Мерзімнен суға түспесе,

Қолында мұндай баланың

Күш болмайды күш десе,

Қолынан мұндай баланың

Іс келмейді, іс десе,

Күн - күн сайын солады,

Шынашақтай болады.

Болатбек:

Апаның тілін алса егер,

Тамақ ішсе - іш десе,

Дем ал десе - дем алса,

Суға түссе, түс десе,

Қолында мұндай баланың

Күш болады, күш десе

Қолында мұндай баланың

Іс келеді - іс десе,

Тынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.

Райхан:

Денсаулық - ол күлуің,

Болсаң да әлі қаршадай.

Көңіл күйің жадырай,

Ойнау үшін шаршамай.

Болат:

Ас адамның арқауы,

Аспен күш артады,

Тағам іш жағымды,

Тазартар жаныңды

Дертті қуатты -

Денеңнен қуады.

Арман:

Басты байлық - денсаулық

Құру үшін сен сауық.

Бабам айтқан даналық,

Керек жақсы денсаулық.

Гүлімай:

Денсаулық - ол жүруің,

Оқу үшін мектепте.

Ешбір жерің ауырмай,

Дұрыс тамақтану үшін де.

Ағияш:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Ата - ана ел үмітін ақтайық.

Өмірдегі басты байлық дейтұғын,

Бірінші байлық - денсаулықты сақтайық.

Нұржанбек:

Шығу үшін шымыр боп

Шынығамыз шаршамай

Бұлшық еттер шымыр боп

Аламыз сосын тыныс жай

Ақбота:

Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз

Қиынсынып қашпаймыз

Шынығамыз жастай біз.

Ислам:

Денсаулықтың дауасы

Даланың ауасы.

Көк өзен, күмбез тау.

Ну орман ағашы.

Әлия:

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың - жаны сау».
сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады.
Топтарды таныстыру:
1 - топ - «Шымыр» тобы - « Шынықсаң шымыр боласың».

2 - топ - «Сымбат» тобы - «Сымбатты болу қолыңда»

Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық.
1. Мектебіміздің медбикесі: Алатаева Ләззат
2.
3.
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар (айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз).
2. Пайдасыз тағамдар (фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока - кола).
3. Зиянды әдеттерді атаңдар? (темекі шегу, қолды аузына салу)
4. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
5. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім? (Илья Ильин)
6. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (көкпар, қыз - қуу, асық ату, аударыспақ).
7. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)

2. «Озық ойлы» сайысы. «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылды. Ішке бала кіреді.

Дәрігер: - Қандай себеппен келдің?

Бала: - Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.

Дәрігер: - Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?

Бала: - Түнгі 2-3 терде ұйықтаймын, 11-де тұрамын.

Дәрігер: - Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?

Бала. - Қолыма не түседі, соны жей саламын.

Дәрігер: - Нені ұнатасың?

Бала: - Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.

Дәрігер: - Оған қанша уақыт бөлесің?

Бала: - Ұйқым келгенше ойнай беремін.

Дәрігер: - Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

Әр топ ақылдасып, өз ойларын айтады.


3. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы - Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс - жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс - жидектерді жумау, асқа бата беру.

4.Үй тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық - зор байлық».
«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс - жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы - таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы - ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар.

5. «Тапқырлық» сайысы. Мақал - мәтелдерді аяқтау.
1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық - саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің» (денсаулықтың)
10. «....... жасырған өледі» (ауруын)

6. «Жұмбақ сайысы».
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап - таза боласың
Бұл не?(сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір - бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не?(Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
Қорытынды. «Қара жорға» биі.
Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.

© 2010-2022