Әдептілік - әдемілік әлемі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдептілік - әдемілік

Сабақ барысы: 1. Кіріспе

Мұғалім: Мәнге толы қазағымның тірлігі,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдеп пен ғұрыбы, дегендей қазақ халқында, оның тіршілік аясында адамдармен қарым-қатынасында толып жатқан әдеп-ғұрыптар мен әдеттер қалыптасқан бұл олардың өзіндік рухани байлығы, рухани тазалығын көрсетсе керек.

Құрметті оқушылар, сендер міне оқушы болдыңдар. Оқушы болғаннан кейін мектеп ережелерін яғни өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, үлкенді сыйлап, кішіге көмек беру керек екендігін білулерің қажет. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда осы әдет, әдеп жөнінде айтамыз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдеп - ең қымбат мирас» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.
Мысалы: сыпайы Саида, әдепті Әділет және т.с.с.

Психологиялық дайындық. Қане, балалар бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілеп, әр оқушы өзінің атының бірінші әрпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерімізді айтайық.
Енді балалар, топқа бөліну үшін мына фигураларды таңдайық.
Жарайсыңдар балалар, енді орналасып болсақ тақтаға назар аударайық.
топқа бөліндік:

Әдептілік жайында сұрақтар:

Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдепсіз дегенді қалай түсінесіздер?

Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Әдептілік туралы мақал айт?

. Өзіңе көрсетілген ізетке, жасалған ілтипатқа, сыйға не айту керек?

Көпшілік орындарда, көшеде, автобуста өз - өзіңді қалай ұстау керек?

Қоштасар сәтте қандай ниет білдіресің??

Қоғамның ең үлкен байлығы - әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті сыныпта, әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді», - дейді. Әрбір адамның жақсы адам болып шығуының жолы- әдептілік, инабаттылық үрдістерін бойына дарыту, үйрену болып табылады. Яғни, адам өзінен-өзі жақсы адам болып шыға келмейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан, ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады. Грек философы Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор» - дейді. Сондықтан, біз сендерді алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бері халқымыздың ғасырдан-ғасырға сұрыпталып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырымдар мен тыйымдар, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін қолдана отырып, Г. К. Селевконың технологиясын пайдалана отырып, имандылыққа, адамгершілік, достық, сыйластыққа тәрбиелеуге жұмыстар жүргізіп келеміз.
Бүгінгі отырысымызды әдептілік сағатына арнаймыз.

2 - тапсырма.әр топ мақалдың мағынасын ашады.

Әдептілік туралы мақал-мәтелдер:

1. Әдепті бала арлы бала
Әдепсіз бала сорлы бала
2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
3. Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
4. Сіз деген әдеп, біз деген көмек.
5. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.

6. Әдептілік-ар, ұят - адамдықтың белгісі.
7. Қадірлі кісі қартаймас
8. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі
9. Аға әдепті болса, іні әдепті
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
10. Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.


3 - тапсырма: Әр топ «Әдепті оқушы» көрініс жасайды

4 - тапсырма: Венн диаграмманы толтыру. Әдепті бала мен әдепсіз бала

5 - тапсырма: Кластер «Әдемі сөйлеу - әдебі»

6 - тапсырма: әр топ бір - біріне тілек айтады, 1 - шумақты өлеңмен.

Қорытынды:

Балалар, біз бүгін не туралы айттық?

Әдептілік дегеніміз не?

Біз қандай болуымыз керек?

Әдепті болу үшін не істеуіміз керекпіз?

«Өмір ағашын» толтыру. Әр бала



© 2010-2022