Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспар Жақсы сөз-жанға қуат (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Мектеп №8 ОМ Мерзiм 20.06.14 № 9

Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, мейрімді Мұғалiм: Оралова А.К. Cынып 4 Оқушылар саны 12

Сабақ мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру. 1. Білімділік: - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 2.Дамытушылық: - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; 3. Тәрбиелік: - ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Ресурстар: Әдістемелік құрал, ғалам тор, оқулық, дәптер. Сабақбарысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.
  1. №4 Су астына саяхат

Үй тапсырмасын тексеру. Мен елімнің азаматымын. • «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деғенде нені түсінесіңдер? • Сендерге өз елің несімен ыстық? • Сендер өз еліңді сүйетіндерінді қалай дәлелдей аласыңдар?
Сабақ барысын талқылау: Дәйек сөз.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Науа. • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар? • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар? • Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласындар? • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?




  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтінмен жұмыс

Сыпайы қоян

Мексика ертегісі Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойлан бастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге руқсатсыз кіргеніне ыңгайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді. - Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді. Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян: - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі. Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан. 1 сұрақ. Қоян қандай жағдайға тап болды? 2 сұрақ. Жылан қоянды неге жемеді? 3 сұрақ. Қандай сиқырлы сөздер білесііңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 3 топ
Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, алғыс және т. б.) екендігін табуы тиіс. 1. Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелерідізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығарма- шылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз! Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз. 2. - Апа, аман-есенсіз бе? Қалжағдайыңыз қалай? Ауырып қал- ды деп еді, айығып кеттіңіз бе? Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау. 3. - Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 Наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рақмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр. Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің, жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларымен толтырыңдар.


  1. Топпен ән айту.

Кел, балалар,күлейік

Сөзін жазған Ш. Смаханулы

Әнін жазған И. Нусіпбаев Кел, балалар, күлейік, Көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік, Өмір сырын білейік. Қайырмасы: Ойын - біздің досымыз, Ойын - көңіл хошымыз. Ракетадай зуласын, Алға тартқан көшіміз. Бәрін көзбен көрейік, Тау гүлдерін терейік. Күле жүріп, күнгейге Дән маржанын егейік. Қайырмасы. Өмір деген жарыста, Шаттықтан, дос, қалыспа! Сыңғыр-сыңғыр күлкіміз Жетіп жатсын ғарышқа!


  1. Соңғы тыныштық сәтi.
Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді еске түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар. Көзімізді ашамыз, рахмет.


© 2010-2022