Баяндама: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Әрбір ұлт жас ұрпағын ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін ,туған жерін сүюге тәрбиелеуге тиіс. Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, халқының тарихын, мәдениетін,өнерін, әдебиетін біліп өспесе, онда ешқашанда өз ұлтының толыққанды өкілі бола алмайды.

«Өнер алды-қызыл тіл » дегендей адамдар бір-бірімен тіл арқылы ұғынысады, ішіндегі ой-қиялының тамаша сырларын сыртқа шығарады.

Абай атамыз: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?» -деп сөзді нақышына

келтіріп, өз орнын тауып қолдануға барлық адамның тіл байлығы мен ой-өрісі жете бермейтінін, сөз маржанын тек білімді адам ғана адам ғана таңдап қолданылатынын ескерткен еді.

Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде.

Тіл дамыту сауат ашудан басталады. Әліппеге дейінгі кезеңде мұғалім балаларды байланыстырып сөйлеуге, кітаптағы сөздерді,қысқаша мәтіндерді пайдалана отырып сөз, сөйлем,буын,дыбыс туралы түсінігін қалыптастырады.Сөйлеу тілін дамыту үшін алғашқы апталардың өзінде-ақ мына мәселеге баса назар аударып анықтап алуға тура келеді.

  1. Балалардың жалпы сөздік қоры.

  2. Сөздің дыбыстық жағын меңгеру.

  3. Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.

Мен өз іс-тәжірибемде жаңа үйренген сөздерді тиянақтау үшін барлық сабақтарда және сабақтан тыс кездерде жаңа сөздерді көп қолдануға тырысамын. Сөздік қорды дамытуда мына мәселелерді ескеріп отырамын.

1.Үйренген,білген сөздерін қаншалықты түсінеді?

2. Айтылуы басқа ,мағынасы жақын тағы қандай сөздерді біледі?

Сауат ашу кезеңінің ең негізгі бөлігі- тіл дамыту. Тіл дамыту - мектептегі, оқу ісіндегі басты мәселе.Сондықтан мұғалім сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеу жұмыстарына айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдарды дұрыс таңдап, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасын байланыстырып, түрлі жаттығу арқылы іске асырылып отырылуы керек. Бала тілін дамытуда оның білімі мен жас ерекшелігіне жаттығуды жүйемен жүргізуге көңіл бөлген жөн.Дара заттарды ұқсас қасиеттеріне қарай топтастыру, кейде топтастырылған заттарды жекелеп даралау, өздеріне тән ерекшеліктерін ажырату сияқты жұмыстар баланың ойын кеңейтіп ,тілін дамытады.

«Баланың өскен бесігі - кең дүние есігі» дейді дана халық. Бала кемелденіп, азамат болып қалыптасқанға дейін жан-жақты тәрбиелеу, ана тілді меңгерту жауапты іс.Тіл дамыту үшін - халқымыздың әсем сөз өрнектерімен, көркем әдеби тілімен , ойнақы тілімен жазылған санамақтарымен, бесік жырымен сусындандырса, ана тіл байлығын меңгертеріміз сөзсіз. Бала тілін дамытып, жан-жақты қалыптастыруда қазақ халқының ауыз екі шығармалары, әсем тілге құрылған жұмбақ, жаңылтпаштарға, санамақ, ойын, өлеңдерге, мақал-мәтелдерге өте бай. Осы бай мұраның қай түрін алсақ та бала тілін дамытуға, байланыстырып сөйлеуге , тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда баға жетпес құрал болып табылады.

Жаңылтпаш - балаға орфоэпиялық сөйлеу нормасын меңгеруге, ой -өрісін дамытуда,тілін ширатуға көмектеседі. Жұмбақты айтқызу арқылы сөздік байлығымызды меңгертіп қана қоймай, қоршаған орта туралы түсінігін де қалыптастырамыз. Отанын сүюге тәрбиелеу үшін мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын жүйелі түрде баяндау тіл дамытуда үлкен маңызы бар.Тілі байыған оқушының ақыл-ойы да арта түсері де сөзсіз. Оқушының қиялын шарықтатып, ой-өрісін дамытатын халқымыздың бай мұрасын орынды пайдалана білген жөн.Тілді дамыту апта, ай, тоқсан сайын күрделене түседі. Тілді дамыту жұмысына көрнекіліктің де орны ерекше. Мысалы: сюжетті суреттерге қарап, сурет бойынша оқиғаларды жүйелі байланыстыра баяндату сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді. Ал жазу сабағында сұрақ қоя отырып,жауаптарын бір оқушыға жинақтатып, мынандай өлең шумағын құрай алатындарына көздерін жеткізіп те тіл дамыту жұмысын жүргізуге болады.

Мен баққа бардым,

..... үзіп алдым,

Үзіп алған .....

Кәрзеңкеге салдым.

Сол сияқты басқа пәндерде де тіл дамыту үшін 4-5 минут жұмыстар үзбей жүргізіліп отырылады. Бұдан басқа тіл дамытудың негізгі қайнар көзі - баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар, өз тәжірибелерін. Оқушылардың өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін к ітап материалымен ұштастыра пайдалану олардың ойын дамытып, тілін байытады.

«Сөз байлығы елде, кен байлығы жерде» дегендей, қазақ тілі өте бай, әуезді тіл. Халқымыз қашанда қанатты сөздерді қазынам деп, өнегені өрісім деп таныған. Сонау замандардан келе жатқан сара сөздердің, дүлдүл ақындар мен бұлбұл жыраулардың өзегінен шыққан өнегелі өсиеттердің , ел көсемдері мен шешендерінің уытты уағыздарының, білікті билердің тапқырлығының танымдық өрісі мен шебер тілді шешендігін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету міндетіміз.

Сөйлеу білу- үлкен өнер.

© 2010-2022