Табиғат тіршілік нәрі (даярлық топ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Табиғат - тіршілік нәрі

Мақсаты: тәрбиеленушілерге қоршаған ортаны ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екенін туралы толық түсінік беру.

Экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Қоршаған орта мен оның табиғи ресустарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды.

Айналаға нұр шашылды,

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп алайық.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

Жақсылыққа қол жеткізу.

Комьпютерден құстың, судың, тоғайдың дыбыстарын естірту. Балалар ненің дауыстарын естіп тұрсыңдар. Өте дұрыс айтасыңдар оны бір сөзбен не дейміз? «Табиғат» дейміз

Аң, құс, өсімдік, тау, тас, көл, ауа, жер, су. Олардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы.

Тәрбиеші: Енді мен сендерге бір ертегі айтып берейін.

Ерте, ерте, ертеде «Жыл» есімді адам болыпты. Оның 4 баласы, 12 немересі болыпты. Олар азамат қатарына қосылғанда ол адам қартайып, қария атаныпты. Оның балалары бір-біріне ұқсамаған мінез-құлықтары әр-түрлі екен. Жыл қарияның ешкімге ұқсамаған баласы көктем келеді.

Мирас: Көктем. - Мен келгенде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып, күн оянады. Мен өзіммен бірге Жыл қарияның үш немересін ерте келдім. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр

Сөйтіп жүргенде, екінші баласы Жазда келді.

Жаз: - Мен жер бетін гүлге орап, табиғат сұлулығына рахаттанам. Үлкен - кішіні шаттыққа бөлеймін. Менде қарияның үш немерсін ерте келдім. Олар: Маусым, Шілде, Тамыз

Күз: Менімен бірге еңбектің жемісін көресіздер. Қамбаларың астыққа толады. Жыл немеренің қариялар: Қыркүйек, Қазан,Қараша

Қыс: - Мен сендердің шыдамдылықтарынды тексеремін. Менде жыл қарияның Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелерін ерте келдім.

Тәрбиеші: - Міне, балалар Жыл қарияның 4 баласы 12 немересімен таныстыңдар!

-Жылдың әр мезгілінің өз қызығы бар.

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады.

Көкке қолын созады,

Кең құшағын ашады.

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, қарағай, мейірімді баладай.

Ойын: «Өз орнына орналастыр»

Сиқырлы айналу. «Мен батиғат ғажайыбымын»

Мен табиғат ғажайыбы, ақ үлпек бұлтпын

Менің бойыма біртіндеп су тамшылары жиналады

Мен жаңбыр жауар қара бұлтқа айналамын.

Жылулық шеңбері:

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсім берген Суың үшін рахмет!

Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ.

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.




«Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Озерки жалпы орта білім беретін мекетбі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Табиғат-тіршілік нәрі»






Тәрбиеші Рахиянова Г.М.












2013-2014 оқу жылы.

© 2010-2022