ЕртеңгілікЖаңа жылым-тамаша (Шағын орталық)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбиеші:Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды.

Мен келдім есіктерді ашындар деп

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

Жүзімде -қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт.

Келе жатқан жаңа жыл

Әкелсін көп жақсылық.

Құрметті ата -аналар,қонақтар.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Жаңа жылға арнап әзірлеген балалардың ән-жырын қабыл алыңыздар.

Ән « Жасыл шырша жанында»

Берік:

Той мереке салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне,жаңа жыл,

Тартуларын арқалап.

Еркеш:

Жаңа жыл ,жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай ,алақай

Өседі бойымыз.

Балым:

Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ақлима:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз жылда бір

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Тәрбиеші:Тыңдаңдаршы балалар!Мен бір дауысты естіп тұрмын.Бұл кім болды екен?Жақындап барып оятып көрейікші.Байқаңдар аш қасқыр болып жүрмесін. Шырша түбінде алдын-ала дайындалған қар үйіндісінің астынан Аяз ата шыға келеді.

Балалар:Алақай аяз ата ғой бұл!Аяз ата,Аяз ата!Сәлеметсіз бе аяз ата!

Аяз ата:Амансындар ма, ұлдарым,

Қырмызы сұлу қыздарым

Өздеріңді сағындым,

Көп сыйлығым,жоралғым!Мен мына шырша түбінде Ақшақарды күтіп отырып,ұйықтап кетіппін.Сендер оятпағанда жаңа жыл тойынан қалып қоя жаздаппын.

Тәрбиеші:Қош келдіңіз Аяз ата

Қарсы аламын орын беріп,

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.

Би «қояндар биі»

Бәрекелді,жаңа жыл тойына ая қояндар қз тартуларымен келіпті.Ақ қояндар сендер менің Ақшақар қызымды көрдіңдер ме?

Қояндар:Жоқ, жоқ!

Аяз ата:Ақшақар неге кешікті екен.?Мүмкін ол осы маңда адасып жүрген шығар.Қана балалар дауыстап шақырып көрейікші.

Балалар:Ақшақар!

Тәрбиеші:Мүмкін Ақшақарға көмек керек шығар,алдынан іздеп шықсақ қайтеді?Балалар Ақшақарға көмектесеміз бе?

Балалар:Иа!

Тәрбиеші:Қане онда жол қысқарсын,ән айта жүрейік.!

Ән : «Аяз ата».

Балалар:Аяз ата!Мына жерде жол үш ке бөлініпті енді қайттық.?

Аяз ата:Расында енді не қылсақ екен?Бірақ мына бір тастарда жазулар бар сияқты ғой.

1 тасты оқиды.бұл жолмен шыршаны табамыз.

Аяз ата:Бірақ біздің жаңа жылдық шыршамыз бар ғой.

2-тасты оқиды,Бұл жолмен аяз атаны табамыз.

Аяз ата:Аяз ата мына мен емеспін бе? Қане 3-таста не деген екен.?

3-тасты оқиды .Бұлжолмен Ақшақарды табамыз.Міне осы жолға түсейік.

Бәрі бірге дауыстайды Ақшақар қайдасың?

Қояндар:Аяз ата біздің жолымызды ақ ұлпа қарлар бөгеп тұр.

Ойын:Ұлпа қарлар жинау.

Аяз ата:Біраз еңбектеніп шаршаған боларсындар,шамалы отырып дем алайық.Жаіа жылға арналған тақпақтарынды айта отырыңдар.

Батырбек:Тамаша сый алып

Келді аяз атамыз

Шаттанып қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Рустем:Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Балалар:Алақай,Ақшақар келді.

Ақшақар:Сәлеметсіндер ме балалар!

Балалар :Сәлеметсінбе Ақшақар.

Ақшақар:

Қараңыз мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Балалар да көңілді

Ән айтып жүр би билеп

Жаңа жыл жаңа өмірді

Қуаныш пен қарсы алып.

Балымның орындауында «Аяз ата »әні.

Зейнеп: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Нұрсұлтан:

Борандатып аққарлатып

Аяз ата келеді

Ақ көңілмен пәк көңілмен

Бізге сәлем береді.

Әділет:

Аяз ата ,Аяз ата

Сені күтіп жүрдік біз

Тоңпаң қағып,арқаланып

Келеріңе сендік біз.

Шағын орталық тобының орындауында«Алақан»биі.

Мирас:

Келді міне,жаңа жыл,

Қарсы алайық,бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз.

Ержігіт:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Әппақ айтамыз.

Мектепалды даярлық сыныбының орындауында «Мария магдалена»

Сәт:

Шырша қандай керемет

Ойыншықтар ілінген

Жымың қағып шамдары

Бүкіл қызық терілген.

Ханшайым:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жыл ұстап.

Айару:

Жүзімде -қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт.

Келе жатқан жаңа жыл

Әкелсін көп жақсылық.

Балымның орындауында « үнді »биі.

Аяз ата:

Ал,балалар балалар

Біз бармаған қала бар.

Асқар тау бар ,қала бар

Ата,бала,ана бар,

Соларға тез жетейік

Рұқсат болса кетейік.сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар ,қонақтар осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік,деніміз сау еліміз тыныш болсын.Сау болыңыздар.



Тоқмансай негізгі мектебі



Тақырыбы:Жаңа жылым-тамаша

Шағын орталық тобы

Даярлық тобы



2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022