Баяндама

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Бурабай кентінің

Сәкен Сейфуллин атындағы

орта мектебі

«Слайдтарды композиция жағынан безендіру, оның презентациялау жолдары, безендіру түсін таңдау психологиясы»

(тамыз айындағы конференция)

Баяндама

Баяндама

Бастауыш сынып мұғалімі:

Абишева Г.Б



2011 жыл

«Слайдтарды композиция жағынан безендіру, оның презентациялау жолдары, безендіру түсін таңдау психологиясы» Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы-олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді. Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады: Оқу үрдісіне қолдану барысында: -оқыту құралы; -көрнекілік құрал; -дидактикалық құрал; -диагностикалау және бақылау құралы; «Сабаққа арналған презентация» дегеніміз не? Неге интернетте дұрыс жасалмаған презентацияларды жиі кездестіреміз? Мүмкін презентацияны дұрыс жасау жолдарын білмейтін шығармыз.Сабақта презентация қажет пе, жоқ ? Деген әртүрлі сұрақтар туады Қазіргі кезде көп әріптестеріміз презентацияларды өз сабақтарында көп пайдаланып жүргеніміз рас. Дегенмен кейбір сабақтарымызда презентацияларды сабақтың басынан аяғына дейін үздіксіз пайдаланып жатамыз. Немесе кейде презентация көрсеткен кезде анимацияларды жиы қолданамыз. Мысалы: мұғалім сабақта сөздік жұмысын жүргізген кезде сөзді мағынасымен жазады да астына неше түрлі анимацияларды (көбелектер ұшып жүреді, бала секіріп тұрады, гул ашылып, жабылып тұрады, т.б.) анимацияларды койған кезде, бала сөзге көңіл бөлмей анимацияны тамашалап отыратын кездер де болады. Әрине мұғалімге өте оңай, қағаздан көрнекі құралдар жасамаймыз, кесте, сурет салмаймыз, жазбаймыз, бар дүниемізді кішкентай ғана флешкада сақтаймыз. Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық демекші, презентация арқылы оқушыға сабақта бірденені көрсете аламыз. Дегенмен мұғалім көрсетіп, айтып отыру керек. Егер мұғалім тест арқылы үй жұмысын тексерген кезде суреттерді, анимациялар керек емес. Ойын өткізген кезде қолдануға болады. Әрине 4-сынып пен 1-сыныпта презентациялардың айырмашылығы болу керек. Мысалы 1-сыныпта ертегілердің кейіпкерлерін пайдаланамыз. 4-сыныпқа қызық емес. (мысалы «Бауырсақ» ертегісі 4-сыныпқа қызық болмайды) Презентациядағы суретттер анық көрінуі керек, шрифт, фонды дұрыс таңдау, анимацияларды тым көп қолданбаған жөн. Тым көп уақыт қолдануға болмайды 1 сабақта 25 минут уақыттан артық пайдаланбау керек. Арасында көз жаттығуларын өткізген дұрыс. Яғни толық сабақ презентацияны көрсетпей фрагменттерді қолданамыз. Мысалы ойын өткізген кезде, тест, кестені көрсеткен кезде, видео т.б презентацияны пайдаланамыз. Презентация - ол слайд емес! Ал, слайд - презентация емес! Слайд - дегеніміз иллюстрациялық материал Презентацияларды 3 топқа бөлуге болады:

  1. Баяндама оқитын адамның презентациясы,
(Мысалы, семинарда баяндама оқитын мұғалімдер)
  1. Автоматталған түрде көрсетілетін презентация. (Мысалы, ролик, үздіксіз үлкен экранда көрсетіледі)
  2. Немесе, адам өз презентациясын, өз компьютерінде өзі көрсете алады.
Презентацияны жарнама жүргізу үшін жасайды екен, әртүрлі баяндама оқитын адамдар кесте немесе диаграммаларды көрсету үшін жасайды екен, мұғалімдер пед. кеңесте, сабақта, сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, семинарда көрсетуге арналған презентациялар жасайды.

Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық (фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.

Слайдтағы жазу қандай болу керек? Мәтінді жазу ережелері:
  • Шрифт пен фонның түсі бір-біріне сәйкес болуы керек (мәтін жақсы оқылуы керек) дегенмен көзді ауыртпайтын түстерді таңдаған дұрыс.
  • Курсив, асты сызылған жазуды тек қана маңызды жерін көрсету үшін ғана қолданған жөн
  • Сөздердің арасын ашып анық жазу керек.
Мысалы салыстырып көрейік:
  1. Мен анамды сүйемін!
  2. Мен анамды сүйемін!
Сөздер бірдей жазылғанымен, көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін. Есту қабілетіміз бірдей қабылдайды да, ал оқыған кезде әр адам әртүрлі оқиды. Біреулер тез оқыса, екіншісі баяу оқиды. Слайдка оқылатын мәтінді жазу қажет емес. Өйткені үлкен мәтіндерді оқу өте қиын, есте сақтау мүмкін емес. Слайдтарды жасаған кезде, тез оқылатындай жасау керек.
  1. Әріптерді басқа түспен, ал фон ашық түс болу керек. Сонда анық көрінеді. Мысалы, Менің өлкем!
  2. Әріптерді үлкен шрифтпен жазу керек, артынғы жақта отырған адамдар оқи алатындай болу керек.
3. Сөздердің арасын ашып жазу керек. Салыстырайық: Сөздердің арасын ашпай жазған кезде оқу қиынға түседі. Сөздердің арасын ашып жазғанда оқуға оңай. Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен катар, мультимедияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады. Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа кұралдарды пайдалану керек. Презентация шаблоны дегеніміз - белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері. Слайд көрсетудің үш әдісі бар:
  1. Слайдтарды толық экранда бейнелеу;
  2. Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;
Безендіру түсін таңдау психологиясы:
  1. Слайдтағы түстердің саны 2-3 тен аспауы керек.
  2. Кейбір түстер бір-біріне сәйкес келмейді
  3. қара түс негативтік әсер етеді.
  4. Қара фонда ақ түспен жазуға болмайды. (оқуға қиын)

Композициясы:
  1. Бір слайдта 7-ден артық обьект болмау керек, өйткені адам бір рет қарап, көп нәрсені есте сақтауы мүмкін емес.
  2. Дизайн қарапайым және мәтін - қысқа болған жөн.
  3. Үй жануарлары, балалар, адам т.б. суреттер жақсы әсер тұғызады.
  4. Өте үлкен объектілер қойған дұрыс емес. Фотосуреттерді созбай өз көлемін сақтап қойған дұрыс

Графикалық мәліметтер:
  • Суеттер, фотосуреттер, диаграммаларды көрнекі құралдар ретінде көрсету керек.
  • Суреттерді мағынасыз жай қоя салуға болмайды.
Анимация Анимацияларды тек қана сергіту сәті, жаттығу жүргізу кезінде қолдануға болады. Көп анимацияларды кез келген слайдтарға қоя берсең, негативті әсер етуі мүмкін.

Дыбыс
  • Дыбыс негізігі жерін түсіндіру үшін, маңызды жерінде ғана қолданылады.
  • Дыбыс тым қатты, не ақырын болмау керек.
  • Егер де фон ретінде қойылған музыка болса баяндама оқып тұрған адамның дауысы естілетіндей болуы керек.

Слайдты бір түсті ашық фонда жасаған дұрыс

Баяндама Стандартық фон



♦ Жасыл түс экранда тез оқуға мүмкіндік береді. ♦ Қызыл түс көзді ауыртады, адамның нерв жүйесіне әсер етеді, қызыл түсті жарнама көрсеткен кезде адамның көңілін аударту үшін жиі қолданады. ♦ Көк түс адамның психологиялық жағынан өзін еркін сезінуіне көмектеседі, көк түсті көбінесе пайдалануға болады. ♦ Сары түс күннің белгісі, яғни адамға күш, қуат беретін жылы түстердің бірі. ♦ сұр түс пассивті жағына адамды бағыттайтын түс, адам тез шаршап кетеді. ♦ Қоңыр түс психотерапевтердің айтуынша, бұл түсті жақсы көретін адамдардың нерв жүйесі дұрыс емес деген екен, дені сау адамдар қоңыр түске онша көңіл бөлмейді екен. ♦ Қара түстің негізгі идеясы- «ештене». Яғни, бұл түс адамға жаман әсер етеді. Практикада мұғалімдер жиі қолданатын түстер:
  • Ақ әріптер, көк не қара фонда;
  • Жасыл әріптер сұр не көк фонда жазылған;
  • Сары әріптер көк фонда жазылған.

  1. Төмендегі кестеге көңіл аударайық:

Түстер Бағалау Қара әріптер ақ фонда өте жақсы Қара әріптер сары фонда, жасыл әріптер ақ фонда, көк әріптер ақ фонда жақсы Қызыл әріптер ақ фонда , қызыл әріптер сары фонда орташа Жасыл әріп қызыл фонда, қызыл әріп жасыл фонда нашар
  • Жоғарғы аталған түстерді презентация жасаған кезде, ескерткен жөн.



  1. Презентация жасаған кезде анимацияларды қоймаған дұрыс, өйткені оқушы слайдтағы жазуға немесе суретке көңіл бөлмей, анимацияларды тамашалап отыруы мүмкін.

  1. Экранға қарап оқымау керек. Ондағы жазуды әркім өздері ақ оқи алады. Тек бос уақытыңызды алып оқымаңыз.

  1. Диаграммаларды жасаған кезде оның атын жазу керек, қандай диаграммаекенін жазу. Диаграмма бір слайдты тұтас алу керек, тым кішкентай болса дұрыс көрінбейді.

  1. Кестені пайдалансаңыз, онын атын жазу керек. Жазулар анық көріну керек.




Презентация (латын сөзі praesento -беру, тапсыру және ағылшын сөзі present -елестету) яғни, жаңалықты беру, тарату, Презентация - дегеніміз слайдтар оны экранда көрсету, иллюстрациялық материал Слайд - дегеніміз презентациячның жеке парағы, оның аты болады, мәтіннен тұрады, диаграмма болуы мүмкін немесе фото.Осы слайдтарды тек қана экранда ғана көрсетіп коймай, сонымен қатар, қағазға шығарып алуға да болады. Кестені пайдаланған кезде слайдтын бір бетіне кестені орналастырған жөн. Кестенін сызықтары және аты анық көрінуі керек. Мысалы: 1 күн 2 күн 3 күн






Салыстырған кезде кестенің түсін өзгертүге болады, мысалы: 1 күн 2 күн 3 күн





Презентацияны жасаған кезде мұғалім, біріншіден, баланың жас ерекшелігіне көңіл бөлу керек. Сондықтан, презентация жасамас бұрын, мұғалім, әдебиеттерді қарайды, материал дайындайды,ең негізгісін таңдап алады,сабақтың мазмұнына сай көрнекіліктерді таңдайды, суреттерді, көрнекіліктерді слайдқа қойған кезде түсіне, эстетикалық Қателер: 1) Презентация - оқулық, немесе сабақ жоспары емес. это иллюстративный ряд к уроку, сондықтан экранға сабақтың мақсаттары мен міндеттерін, сұрақтарды, амандасуды жазудың қажеті жоқ. Мұғалім оны өзі ақ айтуына болады. 2) Презентация арқылы оқушының практикалық жұмысын ауыстыруға болмайды. Естеріңізде болсын, өз қолыңмен жасаған есте қалады. Мысалы заттардың көлемін, массасын, түсін салыстыру, әртүрлі опыт жүргізуді қолмен көрсетіп, түсіндірген жөн болар. Мысалы: презентация арқылы машина, пойыз, жарылыс,піл т.б үлкен заттарды көрсетуге болады. 3) Презентацияны 20 минуттай үздіксіз көрсетпей арсында басқа жұмыстармен ауыстырып отырған дұрыс, өйткені баланың көзіне әсер етеді. 4) Презентацияны пайдаланған кезде тым көп анимацияларды қоймау керек, баланың нерв жүйесіне әсер етеді. Презентацияны баланың көңілін көтеру үшін емес, білім беруге пайдалануды ұмытпаңыздар.
© 2010-2022