Ана тілі. Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»Ана тілі. Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастаыш сынып мұғалімі:

Асылбекова Меруерт Мадиевна



Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты: а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау , көрнекілік, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар шешкізу.
Көрнекілігі:дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме!-деп сәлемдесіп аламыз.

Мұғалім сөзі:Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Осы сабағымыз сәтті өтсін деп тілеймін.Балалар бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.
ІІ.Ой ашар.
Үй тарпсырмасы тексеріледі. Дәптерлерін тексеру,қосымша сұрақтар қою.

Миға шабуыл. Өткенді қайталау.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Қыста қандай өзгерістер болады?


Қыста күн қандай болады?


Ендеше балалар,бүгін біздің күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Күнімізді бұлттан құтқарайық. Ол үшін бұлтты алу үшін әр сөзге тиісті сұрақтарын қою.


Қане, күнді бұлттан құтқарайық.

Мұғалім: Балалар, сөз таптары нешеге бөлінеді? (Зат есім. Етістік. Сын есім. Сан есім) Жауаптарын тақтаға жазамыз. Сұрақтары қандай? Мысал келтіріп, кестеге жазамыз.

Дәптермен жұмыс

Балалар, енді дәптерімізді ашайық,

Тап-таза етіп жазайық, - бүгінгі күнді.

Көркем жазу. С с әріпін жазу.

Тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма. Тақтадағы сөздерге оқушылар сұрақ қою арқылы сөз таптарының сұрақтарын анықтап, ережесін шығарады.

2-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма.Сөздер қай сөз таптарына жатады.

4-тапсырма.Сөздерден сөйлем құрау.

5-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті


«Ой қозғау» Конвертте жұмбақ берілген.
1-тапсырма. Кім жылдам?


Білесіңдер кім? не? сұрағын
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен көркейемін, толамын.
Жауабы: Зат есім.

Мен шегінсем, шегініп
Мен керілсем, керіліп
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақта.
Ол не?


Қиналмай, тауларды, орманды
Теңізді, дария топтарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты.
Ол не?


Көктемде көгереді,
Жазда жайқалады.
Күзде сарғаяды,
Қыста тамырлайды.
Ой толғаныс.

6-тапсырма.5,6-жаттығу.

«Мықты болсаң, тауып көр»

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойыны ойналады.

Қорытындылау: Сонымен ,сөз таптары нешеге бөлінеді екен?

Үйге тапсырма: Ертегі жазып келу.



© 2010-2022