Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1.Фигураның ауданы ұғымымен,оны өлшеу және өлшем
бірлігімен таныстыру; кестелік көбейту мен бөлуге
берілген есептерді шығару.
2.Ауызша есептеу жылдамдықтарын,танымдық
қабілеттерін дамыту.
3.Ұжыммен жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,өзіндік,жұппен.
Көрнекілігі:сызбалар,кестелер,суреттер,интербелсенді тақта

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй жұмысы орындалған дәптерлерін тексеру

Үй тапсырмасын тексеру: 86 бет №6 Теңдеулерді шешу.
х:100=9 800:а= 8 с:10 =70
у*6= 600 b:5= 100 400:d =100
1.Тірек білімді белсендіру
№6 .Кестені толтыру
Математикалық диктант
-7-ні 5 есе арттыр;
-56-ны 7есе кеміт;
-42 мен 6 сандарының бөліндісінің мәнін тап;
-1-ші көбейткіш 6,2-ші көбейткіш 9 көбейтіндінің мәнін тап;
-бөлінгіш 28,бөлгіш 4,бөліндінің мәнін тап.

Қызығушылықты ояту

1.Оқушыларға зерттейтін,шешетін проблемеларды қою.
Берілген фигуралардың ішінен ең үлкенін және ең кішісін табу.Фигураларды
іріктеу барысында біз олардың несін табамыз?(бетін,ауданын)
Үшбұрыштың ауданы дөңгелектің ауданынан кіші екенін
дәлелдеу.(беттестіру,салыстыру)
Сыныптағы қандай заттардың ауданы бар?
Оны қалай өлшеуге болады?
2.Білім
Жаңа сабақты меңгеруіміз үшін не білуіміз керек?
-Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
-Геометриялық фигураларды өлшеу үшін қандай бірліктер қажет?
-Периметр деген не?
Периметрді қалай табамыз?
-Қандай геометриялық фигуралардың периметрін табуға болмайды?
Мұғалімнің түсіндірмесі.Аудан туралы ұғымды түсіндіру.
Оқулықтағы №1 тапсырма бойынша жұмыс.
1.Кесіндінің ұзындығын қалй бірнеше тәсілмен табуға болады?
2.Фигураның ауданын қалай табуға болады?(шаршыларды санау арқылы)
Аудан деген не?(фигураның беті) .Жолақтың ауданын табу үшін фигурадағы
қабырғасы 1см болатын шаршыларды санаймыз.
3.Қолдану.
Мақсаты:Фигураның ауданы туралы алған білімдерін қолдану.Фигураның ауданын тап.
-Мынау қандай фигура? (шаршы )
Бұл фигура қабырғалары 1см тең шаршыларға бөлініп тастаған.
Осы фигураның ауданын қалай табуға болады?(шаршыларды санау арқылы)
4.Талдау.
№1 б)Оқушылар фигураның ауданын табады және оларды
салыстырады.Соңғы екі фигураның пішіні әр түрлі ,бірақ аудандары бірдей.
5.Еске түсіру.Тақтада жұмыс.
№2.Бос тор көздерге тиісті сандарды қой:
№4.Есептің шарты ауызша талданады,дәптерге шешуін ғана жазу.
1.21:3 7кг-1арыстанның 1 күнде жейтін еті.
2.12:3 4кг-1арыстанның 1 күнде жейтін балығы.
Шешуі:1)21:3= 7кг-1арыстанның 1 күнде жейтін еті.
2)12:3 =4кг-1арыстанның 1 күнде жейтін балығы.
Жауабы:7килограмм ет,4килограмм балық
№3.Есептерді салыстыру.
Есеп нұсқалары бойынша орындалады,талданады және шығарылады.
№5 Бүтіннің бөлігін табу.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Ой толғаныс

-Ауданды қалай табамыз?
-Өлшем бірлігін ата
Шығармашылық тапсырма:
Берілген геометриялық фигуралардан сюжетті суреттер құрастыру

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



© 2010-2022