Ұлы ақын - Абай Тәрбие сағаты (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы,Бөкей Ордасы ауданы,Мұратсай ауылы.

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Қазенова Шолпан Азаматовна.Бастауыш сынып мұғалімі.

Тақырыбы: "Абай -ұлы ақын"

Мақсаттары:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі, М.Әуезов суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Ережені қалай сақтау керек.

Тыныштық сақтау,

Бір-бірімізді тыңдау.

Ойымызды толық айту.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай -ұлы ақын" атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді

1-ші оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай -дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

2-ші оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

3-ші оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

4-ші оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы -Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

5-ші оқушы: Абайдың әжесі -Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

6-ші оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

7-ші оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

8-ші оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.

9-ші оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

10-ші оқушы: Абай - сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 - 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»

11-ші оқушы: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.

1-ші бастаушы:

"Абай -ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді.

2-бастаушы:

Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

1-ші бастаушы:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

2-ші бастаушы:

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

1-ші бастаушы:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

2-ші бастаушы:

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

2-ші бастаушы: Достар, Абай атамыз туралы не білеміз?

Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Абай мен Әбіш"

Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш. Ақ зат асыл ғой.

Абай.Неге, қара зат асыл емес пе?

Әбіш.(күліп).Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай. Балам, біріншіден,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе.

Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден. жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.

Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойаймын.

Әбіш. Әке, оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай.Ақылмен білдім, балам.

Әбіш.Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!Екіншіден, ақыл-нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма.

Абай. Бәрекелді, балам.

Ақылыңнан айналдым. (Баласының маңдайынан иіскп, сүйеді.)

Автор. Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды.

Қазақ десе, Абай түсер есіңе...

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

Сабақты қортындылау

Мынау тұрған Абайдың суретіме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне.

Жамбыл Жабаев



© 2010-2022