7. 12. 2015-13. 12. 2015 1-сынып сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 07.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдістері: дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, дүкен көрмесі ( чупа-чупс кәмпиттері, чипсы, чак-чак тағамы, чебуреки тағамы, т.б.), чемпиондардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Жұмысқа қажетті қалыпты сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;

Ә) Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындау.

Балалар, өткен сабақта біздер қандай дыбыспен танысып едік?

Э дыбысы.

Э дыбысы қандай дыбыс?

Э жіңішке дауысты дыбыс.

Э дыбысына байланысты қандай өлеңдер жаттадық?

Еңбек етсең өскенде,

Электрик боламыз.

Электрдің сырына,

Жарайсыңдар. Осы сөздердің ішінен электр сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайық.

Э - жіңішке дауысты дыбыс.

Л - үнді дауыссыз дыбыс.

Е - жіңішке дауысты дыбыс.

К - қатаң дауыссыз дыбыс.

Т - қатаң дауыссыз дыбыс.

Р - үнді дауыссыз дыбыс.

Жақсы, енді «Кім шапшаң?» ойынын ойнап жіберейік. Өтілген дыбыстарға байланысты сөздерді шапшаң оқып шығайық.

Шора, сазан, арша, Әсел, гүл, Қазақстан, Астана, Ақтөбе, футбол, цифр, борщ, экран, орман, инелік, Гауһар, фото.

Жарадыңдар, балалар. Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда сендермен бірге сендердің сүйікті мультфильмдеріңнің кейіпкерлері болады. Олар сендерге әртүрлі тапсырмалар ұсынады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Суретте нені көріп тұрсыңдар?

- Чемодандар, сөмкелер.

Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.

ЧЕ - МО - ДАН

Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

Ч дыбысы.

Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Сонымен, чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?

Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.

Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:

Сара Сәуле дүкен сөмкелер чемодандар барды алды сатып көп

Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.

Балалар, қазір біздер «Дүкенде» ойынын ойнаймыз. Мұнда қарай қойыңдаршы? Сендер не көріп отырсыңдар?

Чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі.

Мен дүкенші боламын, сендер сатып алушысыңдар. Менен өздеріңе ұнаған затты сатып алу үшін сұрақтарға жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа сатып алған заттың чегін беремін.

Сұрақтар:

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?

Сенің есімің қандай әріптен басталады?

А дыбысына сөз ойла.

Болашақта сен кім боласың?

Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.

Дәптермен жұмыс.

Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч

Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?

Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.

Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

«Болашақ чемпиондар».

Балалар, чемпиондар деген кімдер?

Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға - апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон - 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова.

Мына өлеңдегі балалар да осы аға - апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.

IV. Сабаққа қорытынды жасау.

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

Ч дыбысымен таныстық.

Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?

Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, чуваш.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 08.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: ь белгісі ( жіңішкелік белгісі )
Сабақтың мақсаты: ь дыбысын таныту, меңгерту, ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь белгісі кездесетін заттар суреттері

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу

II. Өткенді пысықтау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?

III. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту

1) мағынаны тану
- ь - жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.

2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)

3) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь - балалардың демалыс орны
рояль - музыкалық аспап
альбом - сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль - өлшеуіш құрал
фильм - кино
рельс - пойыз жолы
коньки - сырғанақ жабдығы
компьютер - техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
- осы сөздерді буынға бөлдіру
- 1 буынды сөзді тапқызу
- 2 буынды сөзді тапқызу
- 3 буынды сөзді тапқызу

4) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
- мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату

5) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
- «Лагерь жыры» өлеңін оқу
- Өлең не туралы екенін түсіндіру
- Өлеңді жаттату

Сергіту сәті

6) Дәптермен жұмыс
- ь әрпінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
- диктант жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер. Балалар жазда лагерьге барды. Оқушылар лагерьде қызықты ойындар ойнады.

IV. Сабақты қорытындылау
- Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
- ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
..... - бом, ла -....., ро -.....,..... - ки

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 09.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: ъ белгісі ( айырма белгісі )
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Кім жылдам?»
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер және әріптер жазылған таратпалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!


ІІ Өткен әріпті еске түсіру:
1. ь белгісі бар сөздерді оқу:
Лагерь, альбом, фильм, рояль, циркуль, рельс,
2. «Лагерь жыры» өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап алысу

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
- Балалар, біздің «Әріптер қаламызда» бір есік ашылмай қалыпты. Сол есікті ашу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, есік ашылып ең соңғы әріппен танысамыз.
а) Қалып қойған әріптерді тап:
лагер..., ал... бом, фил... м
ә) Сөздерге сөйлем құрастыру

2. Жаңа әріп ъ (айырма белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды.
а). Оның баспа және жазба түрін көрсету.
ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру
б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд)
в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.

3. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.


ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Оқулықпен жұмыс:
а). ъ белгісі бар сөздерді оқу.
ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту.
б). «Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу.
в). «Ой қозғау» Біздің үй қандай?

2. Дәптермен жұмыс:
а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге)
ә). Көшіріп жазу

Ү. Қорыту.
- Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық?
- Қай мәтінді оқып үйрендік?
- Неше қабатты үйде тұрамыз?
Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...)


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 10.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (Х һ В Ф Ё дыбыстары мен әріптерін қайталау)

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Амандасу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу

Дыбыстық талдау жасау

Р-дауыссыз

А-дауысты

З-дауыссыз

Ъ-таңба

Е-дауысты

З-дауыссыз

Д-дауыссыз

Буынға бөлу

Разъезд, подъезд, съезд.

ІІІ. Білімді тексеру.

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу.

2.Бір шумағын жаттату.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Ү. Қайталау

1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру

Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,

Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.

Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,

Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.

(Л) (Ө) (Ж) (С)

2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?

3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,

Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.

Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,

Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.

(З) (Ф) (Я) (Й)

4. Сұрақ-жауап

З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар?

Й қандай дыбыстан кейін жазылады?

Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады?

5. Жаңылтпаш айту.

Ақ лағым семіз,

Ала лағым сегіз .

Ала лағым да семіз,

Ақ пағым да семіз.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.

6) Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.

Сабақты қортындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 10.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау (Э, Щ, Ч, Ц және Ь Ъ белгілерін қайталау)

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Білімді тексеру.

ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады?

Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.

ІҮ. Мақсат қою

Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.

Ү. Қайталау

1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту.

2. Жаңылтпаш айту.

Торта қойдым,

Орта қойдым

Орта қойдым

Жорта қойдым

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.

3. Тапқырларға тапсырма

Қанша қойым бар?

Былтыр болды жалқы қойым,

Егіз қозы тапты оным

Биыл және өзі туды

Тағы екі қозы туды

Қос қозысы былтыр туған,

Бір-бір қозы биыл туған

Сонда бәрі неше деші?

Жүйріктерің есептеші? (жетеу)

Сабақты қортындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 11.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру (а-ә о-ө ы-і ұ-ү)

Сабақтың мақсаты: Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра отырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:бекіту

Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч)

-Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау

Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы

А-Ә

Сан-сән ары-әрі ап-әл

Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр

О-Ө

Бол-бөл тол-төл ор-өр

жон-жөн тос-төс оң-өң

тор-төр от-өт он-өн

Ы-І

Ыстық-істік жық-жік ыс-іс

Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс

Ұ-Ү

Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн

Тұз-түз ұру-үру ұш-үш

Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.

Мазмұны неге өзгеріп кетті?

-Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні

-Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға.

-Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінен өзіндік жұмыстарды орындау

ІІІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Біз бүгінгі сабақта не істедік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру (к-г қ-ғ п-б)

Сабақтың мақсаты: Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:Бекіту

Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау.

Өтілген тақырыптарды пысықтау.

ІІІ. Бекіту

К-Г қ-ғ П-Б

Елек-елегі оқ-оғы бап-бабы

Шелек-шелегі жоқ-жоғы доп-добы

Бесік-бесігі суық-суығы шап-шабу

Осы сөздердегі к неге г-ге , қ-ғ-ға, п б-ға айналып кетті Себебі оларға дауысты і,ы дыбысы жалғанды.Ол сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағы болып кетті.(Оның шелегі)

Сөйлем құрату: Біздің үйде шелек бар. Кішкентай балаларды бесікке салады. Қару жарақтың оғы болады. Қазіргі уақытта ауа райы суық. Қазақстанның көптеген бабы бар. Біз балалармен бірге доп ойнаймыз. Жазда менің әкем шөп шапты.

Үлестірме қағазбен жұмыс:

Балаларға берілген үлестірме қағаздар таратып берем, ол қағаздарда дыбыстық талдау, дыбыс туралы, тасымал, сөз, сөйлем туралы сұрақтар мен талдаулар болады.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.

Сөздерді буынға бөл.

Еле-гі шө-бі, ше-ле-гі, жо-ғы, су-ығ-ы, до-бы, ша-бу, ба-бы бе-сі-гі.

Дәптермен жұмыс: өзіндік жұмыстарды орындау.

ІҮ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Біз бүгінгі сабақта не істедік?





Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 12.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: Алфавит туралы түсінік беру. Көркем,әдемі жазуға баулу. Есте сақтау қабілетін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б

Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән - жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

Салыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Алфавит туралы түсінік беру. Көркем,әдемі жазуға баулу. Есте сақтау қабілетін сақтау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Алфавит туралы түсінік беру.

Әліпби немесе Алфавит (гр. ἀλφάβητος - жазу нұсқасы) - Тілде оның құрылмасын жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан таңбалар жиынтығы;

Есептеу жүйесінде пайдаланылатын барлық символдар жиынтығы;

Есептегіш техникада - берілген жиында өзгермейтін болып қабылданған, берілген тілде кез келген хабарды құрастыруға болатын символдардың (әріп, цифржәне басқа шартты таңбалар) жиынтығы.

Алфавит ақпаратты кодтау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавитмысалдары ретінде мыналарды атап өтуге болады:

ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау. 42-әріпті өз орнымен дыбыстап айту.

б) Хормен оқытып жаттықтыру

в) Ретімен айтып, жаттату.

г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту.

А ә б в г ғ д ж з е е и й қ к л м н ң о ө п р с т у ұ ү ш щ х һ ц ф ы і ъ э ь ю я

ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдымынан жел ееседі

Кіп кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі.

Ү. Жаңа білімін бекіту.

а) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.

ә) Дәптермен жұмыс: Алфавитті көшіріп жазғызу.

б) Диктант жазғызу. Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 07.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп санға 3-тіқосу, саннан 3-ті азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еспепті талдауға оның қысқаша шартын құруға, есептің шешуін жазуға, жауабын табуға, сурет бойынша есеп құруға дағдыландыру. Есептерді оқу, олардың шешімін дұрыс табу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелілікке, қарым-қатынастыққа, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу. Логикалық қабілеті, танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Сандар, кеспе есептер т.б

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

-Оқушылардың назарын аудару

-Психологиялық дайынды

ІІ Өткенге шолу Сандар қатарындаға екі санды аттап қосу және екі сан аттап азайтуды қайталау,етеріне түсіру. 0 3 3 9 10 7 5 3 0 1 4 7 10 9 6 3 0

ІІІ Жаңа сабақ

Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста да сонша алма бар. Екінші ыдыста неше алма бар?

Есепті талдау

-Есеп не жайлы?

-Алма

-Есепте не белгілі?

-біріншісінде 3 алма бар екені

-тағы не белгілі?

-сонша алма

-Оны бірден табуға бола ма?

-Иә

-Қалай табамыз?

- 3+3

-Жарайсыңдар балалар

ІҮ. Сабақты бекіту №1 есеп. І-Ыдыста-3алма І-ыдыста-3 алма ІІ-ыдыста-? сонша алма. ІІ- ыдыста- сонша алма 2 ыдыста-? Алма. 3+3=6 Жауабы: 6 алма бар.
№ 2 Мысалдарды есептеу. 3+2=5 5+3=8 7+3=10 4+3=7 6+2=8 8+2=10
№3 сурет бойынша есеп құрату.№ 4 Тиісті сандарды орнына қою. 7-4 ...+4 ...-3 ...+3 8-3 ...+3 ...-5 ...+5

№4 Қосындыларды екі бағанға жаз. Бірінщі бағанға қосындыларды мәндерінің өсу ретімен жаз. Екінші бағанға қосындылардың мәндерін кему ретімен жаз.

3+2 5+3 6+2 7+3 4+3 8+2

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске бесті қосқанда

Болады сонда он саусақ

№5 Өрнек құр және мәндерін тап

7-4 3+4 7-3 4+3

8-3 5+3 8-5 3+5

Ү сабақты қорытындылау.

- салыстыруда қандай таңбалар қолданылады?

- есепті нелер арқылы шығарамыз?

- неше сан білесіңдер?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 08.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп артық, кем. Санға 3-ті қосу, саннан 3-ті азайту.

Сабақтың мақсаты: Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу. Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-Қосу амалына кері амал қай амал?

-Азайту 2+1=3 3-1=2 3-2=1

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу. Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Заттарды сәйкестендіріп қойып салыстыру.

Ереже:

Бір санның екінші саннан қанша артық, немесе қанша кем екенін білу

үшін үлкен саннан кіші санды аламыз.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

а) Оқулықпен жұмыс:

№1 Үстелдің үстінде 4 кітап жатыр. Сөредегі кітаптар үстелдегіге қарағанда артық. Сөреде неше кітап болуы мүмкін?

Балалар оз ойларындағы сандарды қойып шығарып есептің дұрыс шешуін табады.

№2 Сурет бойынша есеп құрастыру және шыңару

5кг сонша

№3 Мәндерін таппай-ақ, қосындыларды салыстыр

5+2*5+3 6+2*2+6 7+3*6+3

№4 Өрнек құр және мәнін тап

10-7 3+7 10-3 7+3

9-3 6+3 9-6 3+6

Сергіту сәті

Балаларға ноутбуктен сергіту сәтін көрсетем. Сол видеоға қарап қимылдап сергіту сәтін орындайды.

1. Сурет бойынша; Қанша артық? Қанша кем? Сандар құрамының суреті.

2. 3>2 2>3 2=2 оқып үйрену.

3. Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды салыстыру.

4. Сызылған кесінділерді өлшеп, салыстыру.


3

;

2

;

см

3

см;

см

2

см;

1

Дәптермен жұмыс: 1; 2; 3 сандарына 0-ді қосу және азайту.Сандарды салыстыру.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз нені білдік?Сандарды қалай қосып, қалай азайттық



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 09.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың білім деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыра қарастыру. Ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыт. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап , түсіндіру

Түрі: аралас

Көрнекілігі: сандар, кітап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Білім деңгейін анықтау

№1

Маймақ аюдың 5 құмыра балы бар еді. Ол 2 құмыра балды жеді. Неше құмыра бал қалды?

Бар еді-5

Жеді-2

Қалды-?

Ш: 5-2=3

Ж: Маймақ аюда 3 құмыра бал қалды.

№2

4+2 3+2 6-2 5+2

6+2 9-2 8+2 3-2

2-2 2+2 1-1 2+0

№3

Тіктөртбұрыш сал. Сол салған тіктөртбұрыштың периметрін тап.

Мысалы: Р= 2+4+2+4=12см

№4

10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен жаз.

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

№5

Төрт тура теңсіздік жаз

ІҮ.Сабақты қорыту ойлан тап 9+1*5+4

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 10.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Санға 3-ті қосу, саннан 3-ті азайту

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есепті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі дұрыс есептеуге үйрету.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап , түсіндіру

Түрі: аралас

Көрнекілігі: сандар, кітап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы пысықтап, тексеру.

ІІІ.Мақсатын анықтау

Оқушыларға есепті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі дұрыс есептеуге үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ

1. Тақырыбымен таныстыру

Балаларға есеп туралы тағыда естеріне салып кетем.

Ереже.

Есептің шарты, шешуі, жауабы болады.

2. Тақтамен жұмыс

5+5 6+3 7+2 9+1 9+0 8+1

1+2 3+1 4+6 5+3 5+1 5+0

3. Оқулықпен жұмыс

Айсара 9 стакан таңқурай теріп алд. 3 стакан таңқурайды Айданаға берді. Айсарада неше такан таңқурай қалды?

4. Дәптермен жұмыс

8<9 6=6 3+3-2=4

9>7 8<10 6+2+2=10

№1

-Есеп не жайлы?

-Таңқурай

-Есепте не белгілі?

-Айсарада 9 стакан бары

-Тағы не белгілі?

-Айданаға 3 стакан бергені

-Не белгісіз?

-Қалғаны

-Оны бірден табуға бола ма?

-иә

-Қалай табамыз?

-9-3

-Жарайсыңдар балалар, енді осы есептің керекті сөздерін табайық?

Т7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспарыер ал-9 ст Айсара-9 ст

Жеді-3 с Айдана-? 3 кем

Қалды-?с Ш: 9-3=6

Ш: 9-3=6

Ж: Айсарада қалды 6 ст Ж: 6 тер алды.

№2

8<9 8<10 8=8

№3

9-3=6 9-6=3 3+3=6

6-2=4 6-4=2 2+5=7

8-3=5 5-5=0 2+4=6

№4

2+4>6-1 3+5=10-2 4-1<2+3

5+1<9-2 4+3>9-3 8-0=1+7

Ү. Сабақты қорыту

Амалдар таңбаларын қой.5+4-3-2+1=5


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 11.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Тақырып: 4 санын қосу және азайту

Мақсаты: 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру

Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, коментарий, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: сандар, есептер

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбі күнгі сабақ

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң

Тек қана бестік болсын.

ІІ Өткенге шолу

1+1 2+2 3+3 4+4 5+5 6+6 7+7

8+8 9+9 9+1 8+1 7+1 6+1 5+1

8+2 7+2 6+2 5+2 4+2 3+2 4+1

3+1 2+1 7+3 6+3 5+3 4+3 6+4

ІІІ Жаңа сабақ

Пеш үстінде 4 мысық

Пеш қасында 4 мысық

Айтшы сонда барлығы

Болады неше мысық? (8) 4+4

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 4 саусақ

Алақанды ашамыз,

Бесті төртке қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (9) 5+4

Суда алты қаз,

Төбеде төрт қаз

Судың маңында

Айтшы неше қаз? (10) 6+4

Сегіз қарындаштың төртеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4) 8-4

Тал басында тізіліп,

9 жапырақ тұр еді

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті төртеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4

Болып еді 10 торғай

Ұшып кетті төрт торғай

Енді талдың басында

Торғай нешеу балақай? (6) 10-4

Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)

07.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары 1 2 3 4 5 6 7 8 9

0,4 1,5 т.б

Жұмбақ жасыру.

Қорықпайды еш аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

Сергіту сәті

№4 есепті дәптерге орындау

- Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді

Олар тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.

4+4=7 10-4=5

2+4=9 8-4=4

5+4=10 9-4=3

- Үй жануарларға не істеу керек?

ІҮ Қорытындылау

Бүгінгі сабаққа түсіндіңдерме?

Нені ұқтыңдар?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 07.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:.Адамның күзгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту. Ұжымдық еңбекке баулу

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Көбею не арқылы болады?

Тұқым көктеп шығу үшін қандай ерекше жағдайлар керек?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?

-Өсімдіктердің қай бөлігі өзгермейді?

-Өсімдікті бұтағы арқылы қалай көбейтеді?

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Әр жыл мезгілінде неше ай бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі, қай ай?

ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту. Ұжымдық еңбекке баулу

Ү. Жаңа сабақ:

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

өлі тірі

а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.

ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

б) Адамдардың күзгі еңбегімен таныстыру.

в) Дауыстап оқыту.

г) А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын дән Сергіту сәті.

ҮІ. Білімді бекіту.

1.Күзде қандай жұмыстар аяқталады?

2.Көкөністерден қандай тағамдар дайындалады?

3. Суреттегі адамдардың күзгі еңбегі жайлы айт.

4. Мал күтімі жайлы әңгімеле.

5. Күз неге жиын-терін науқаны деп аталады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз не жайында білдік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 09.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: «Жаңбырлы күн», «Аққала» тақырыптарына сурет салу. Қыс көрінісі
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап INSEPT әдісі.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

II Жаңа сабаққа даярлық

Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Қыс көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

III Жаңа сабақ
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері) Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма) Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,

Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры - табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс:

Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады.
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
Балама жауаптары бар тест
1. а)
2. а)
3. а)
Таңдамалы тест
1. б)
2. ә)
3. б)
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Натюрморт
2. Живопись
3. Нобай

V Сабақты қорыту:

Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. Қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды INSEPT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 11.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі пішіндерден жүк машинасын құрастыру. Дөңгелек пішіндердн құрамақ құрастыру.

Сабақ мақсаты: Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену. Оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдістемелік тәсілі: Түс суретін көрнекілеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Класта қажетті оқу - құралдарды даярлау

ІІ. Өткенді тексеру:

Кішкене кеме тапсыру

ІІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек пішіндерден , қандай құрамақ құрастыруға болады?» Соны үйренеміз. Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену. Оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Жаңа сабақ:

2 суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған ? Оларды ата

Сурет-балапан, сурет-қуыршақ

Практикалық жұмыс:

1. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

2. Апликацияны безендір

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

VI .Қорытындылау:

1. Кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады?

2. Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 12.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан мозайка құрастыру. Түрлі-түсті қағаздан мозайка құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Қағаз қиындыларынан, геометриялық пішіндерден құрастырып мозайка жасауды үйренеді. үйрену. Қағаздан тізбек жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен танысады. Қағазбен. Желіммен жұмыс істеуге үйрету.
Оқыту нәтижелері Оқушылар қайшымен, үшкір заттармен, желіммен, арнайы әзірленген дайын пішін, қалып үлгі бойынша жұмыс істеуді үйренеді, өзі ой қорытады.
Әдіс-тәсілдері: «Шеңбер бойымен әңгімелеу», Венн диаграммасы
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Көрнекі құралдар: Негізгі ресурстар Әр түрлі үлгілер, картон, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, жәй қарындаш, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылармен сәлемдесу. Қажетті оқу - құралдарды тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!

ІІ. Өткенді тексеру

Шеңбер бойымен әңгімелеу. Қауіпсіздік ережесін қайталату
Геометриялық пішіндердің түрлерін айтқызу «Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айтады.
Пішіндерді қайталап айтады
Жаңа сабаққа дайындық "Қызығушылықты ояту "
1. Мозайка дегеніміз не? Түсіндіру.
2. Суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?
3. Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін көрсету.
Оқушылар топ бойынша өз ой-пікір- лерін айтады.
Пішіндерді атайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алып, олардың пішіндері әр түрлі болып келетіндігін үйрету. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып, қыйып құрастырады.

Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз
Міне біздер қандаймыз
Бірге ойнаймыз күлеміз Бөлінбейді іргеміз
Бірге балық аулаймыз Әрқашанда біргеміз Орындарынан тұрып, қайталайды
Бекіту Суреттер бойынша жұмыс жасату, қағаздан әр түрлі қиындылар қиғызу.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.


7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары 7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары 7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

Топпен мозаикасын жасап, пішіндерді қиып алып, үлкен бөліктен бастап жапсырады. Оған ұсақ бөліктерді қосып, апликацияны безендіреді
1. Кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады? Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?
2. Біз не жасауды үйрендік?

Сабақты қорыту:

Қиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтып, жауап береді.
Бағалау Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау. Балалар бір-бірін жақсы сөздермен арқылы бағалайды.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 07.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Аңыздан жаралған жетіген.

Сабақтың мақсаты: Арфа тектес аспаптармен таныстыру. Жетіген аспабымен танысу. Ән айту қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке,еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Музыкалық саяхат сабағы.

Көрнекілігі: Жетіген аспабының суреті,кітап, интерактивті тақта, слайд көрсету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, ән айту, би билеу, баяндау,сергіту.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылардың оқу құралдарын реттеу.

-Әнұранды орындау (авторларын сұрау)

-Сынып оқушылардың назарларын сабаққа аудару

II. Өткен сабақты еске түсіру.

I-тоқсандағы тақырыптарға қысқаша тоқталу.

Тұлғаның аты-жөні

Кім болған?

Қандай шығармалары бар?

Құрманғазы Сағырбаев

Күйші

Қайран шешем.

Дина Нүрпейісова

Күйші

Әсем Қоңыр

Дәулеткерей Шығайұлы

Күйші

Қосалқа

Ықылас

Қобызшы

Жез киік

Қазанғап Тілепбергенұлы

Күйші

Көкіл

Тәттімбет Қазанғапұлы

Күйші

Сарыжайлау

-Ұрмалы аспап қалай пайда болған?

-Қазақ халқының ұрмалы аспаптарын ата.

-Қандай ұрмалы аспапты білесің?

-Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?

-Сыбызғы тектес қандай аспаптар бар?

-Балаларға арналған музыкадық аспаптарды ата.

III. Ән айту бөлімі

Халық әні «Гүлдерайым»

Халық әні «Қалаулым»

IV. Қызығушылықтарын ояту

Жұмбақ.

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар.

Бұл қандай аспап?

(жетіген)

V. Жаңа сабақты әңгімелеу арқылы меңгерту.

Жетіген- жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.

Тарихы Жетіген - жасалуы да, ойналу әдіс - тәсілі де өте күрделі.

Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мысалы, татарлар - «етиген», тувалықтар - «жадықан». Хақастар - «шатқан» деп атап, музыкалық аспаптарымызды да этникалық шығу, пайда болунегізінің ұқсас, тектес екендігін байқатады.

Жетіген сөзінің пайда болуы «Жетіген» деген атау тегіндеекі сөзден құралса керек: жеті және ән. Яғни, мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай.

Қазақтың халық әндері-қазақ халқының рухани бай мұрасы. Олай болса сол бізге жеткен мұраларымыздың бірі - халық әні «Балапан қаз»

VI. Сергіту сәті

А7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспарыспаптар ойыны:Домбыра

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспарыҚобыз

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспарыДауылпаз Қимылмен ойнау тәсілдерін көрсету

Сыбызғы

жетіген

ҮІІ. Бекіту

-Жетіген қандай аспап?

-«Жетіген» сөзі қандай екі сөзден шыққан?

- Неден жасалады?

-Басқа аспаптардан айырмашылығы қандай?

-Ертеде ішектері неден жасалған?

ҮІІI. Қорытынды

Тақырыпты оқып, халық әні «Қалаулым» әнін жаттау. Сабақты аяқтау. оқушылардан түсінгендерін сұрау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 12.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері туралы түсінік беру, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту. Қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Елімізді сүйеміз

Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.

Ырыс алды - ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

- Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

- Енді бір-бірден сындырып көріңдер, - дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

- «Міне, сындырдық», - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

- Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды-ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

· «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

1. Ынтымақ түбі -... .

2. Бірлік, ынтымақ - байлық, ... .

3. ... - табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 07.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттардың ұқсастығын тап Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату 2.Қиялдау,елестетуді дамыту 3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: оқулық және әдістемелік құрал, суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Ми гимнастикасы. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау.

  1. Ширату
Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата) «А» әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт (Абылай, Айдын, Асхат, Арман, Айдар). Өзіңдіқайдан көре аласың? (айнадан) Иттің баласын калай айтады? (күшік) Атасы немересін калай айтады? (немере)
Тапсырма №1. Оқушыларға диалог құрғызу. Бұл адамдар бір-біріне не айтуы мүмкін?
7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары









Тапсырма №2. Мына төмендегі фигуралардан құралған заттарды ойлап тауып, олардың суретін сал. 7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары
7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары




Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады. Логикалық ізденіс тапсырмалары.
Тапсырма №3. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен тапсырманы оқып, түсіндірме мысалды талдайды. Осы мысалға сүйене отырып, келесі тапсырманы шешеді. Жауабы: автобуспен адамдарды тасыса, ал жүк машинамен жиһазды тасиды; күн жылыда көйлек киетін болса, аязды күні тон киеді.
Тапсырма №4. Жауабы: қияр артық, өйткені ол көкөніс. Басқасы жеміске жатады. Шие, алмұрт, алма-жеміс.
Көзге арналған жаттығулар. Мұғалімінің таңдауы бойынша.
Графикалық диктант. Нүкте арқылы сурет салу. Нүктелерді қосып сызу арқылы құмырсқаның илеуге дейінгі жолын көрсет. Құмырсқаның илеуi және оның еңбекқорлығы туралы әңгіме-дүкен кұруға болады.
Сабақты қорытындылау. Біз сабақта не үйрендік?























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 12.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттардыңайырмашылығын табу Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату 2.Қиялдау,елестетуді дамыту 3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: оқулық және әдістемелік құрал, суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы. Ширату. «Р» әрпімен аяқталатын ай аттары (қаңтар, cәyip, мамыр). Үндемей оқытады (кітап). Орнынан қозғалмай жүреді (сағат). Кепкен жүзім (мейіз). Өрмекшінің аяғы нешеу? (6) Шөлді басатын ыстық сусын (шәй)
Тапсырма №1. Бірінші суретте пайдаланылған пішіндер: үш үшбұрыш, бір сопақша, шаршы, дөңгелек, түзу сызық, жарты дөңгелек. Осы суреттегі артық пішіндер: eкі төртбұрыш, ұзын сопақша. Екінші суретте пайдаланылған пішіндер: бес дөңгелек, екі үшбұрыш, екі түзу сызық, бip қисық сызық, eкі нүкте, төртбұрыш. Осы суреттегі артық пішіндер: шаршы, төртбұрыш, сопақша.
Тапсырма №2. Бұл тапсырманы балалар пайымдап, әңгімелей отырып орындайды. Жыртқыш жануарларды дөңгелектеп сызып шық.Оларды неге бұлай атайды? Олар туралы не білесің? 7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары Көңілді үзіліс (мұғалімнің таңдауы бойынша). Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Алға қарай бip адым, Артқа қарай бip адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. Тапсырма №3. Суретте қанша шаршы ,үшбұрыш және дөңгелек бар,сана. Жазып қой.

7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

Тапсырма №4. Бояу салынған әрбір түтікті оң жақтағы суретпен біріктір.Боя. 7.12.2015-13.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

Көзге арналған жаттығулар. Жаттығу№1. Көзді қаттыжұмып, қайта ашу. 15 секундта 4-5 рет қайталау.
Жаттығу №2. Басты қимылдатпай, жоғары-төмен, оңға-солға қарау. 7-8 рет қайталау.

Жаттығу №3. Көзді айналдырып, жоғары-төмен, оңға- солға қарау. 7-8 рет қайталау.
Графикалық диктант. Бастапқы нүктеден бip торкөз оңға, бip торкөз төмен, eкi торкөз оңға, бip тор жоғары, бip оңға, ең төмен, бес оңға, eкi жоғары, бip солға, бip жоғары, eкi оңға, сегіз төмен, бip солға, eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, үш солға, eкi төмен, бip солға, eкi жоғары, бip солға, eкi төмен, бip солға, үшжоғары, бip солға, төрт жоғары, сосын бастапқы нүктемен қосамыз. Жауабы: мысық.
Сабақты корытындылау: Балалар сабақта орындаған

жұмыстарын бағалап, дөңгелекшені бояйды



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 08.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Адасқан әріптер әлемі.

© 2010-2022